B.Well WA-77 [48/64] Пайдалану нұсқаулығы

B.Well WA-77 [48/64] Пайдалану нұсқаулығы
Kz
Пайдалану нұсқаулығы
WA-77
48
2.3. Өлшеу барысында жүрек ырғағының бұзылуын анықтау
белгішесі өлшеу кезінде тамыр соғуының бұзылуы анықталғанын көрсетеді. Мұндай жағдайда нəтиже Сіздің қалыпты артериялық қан
қысымыңыздан басқаша болуы мүмкін – 15 минут тынығып алыңыз да, өлшеуді қайталаңыз.
белгішесі пайда болған кезде өлшеген кезде тамыр
соғуының аритмиясы тіркелгені туралы дауыстық хабар беріледі. Əдетте, таңбаның бір мəрте пайда болуы мазасыздану үшін себеп болып табылмайды.
Дегенмен, егер таңбаның пайда болуы жиілесе, біз дəрігерге қаралуға кеңес береміз.
Дəрігерге төменде келтірілген жайттардың түсіндірмесін көрсетіңіз:
Дисплейде аритмия көрсеткіші жиі пайда болатын жағдайда дəрігерге
арналған ақпарат
Аспап осциллометриялық тонометр болып табылады, ол сондай-ақ тамыр соғуының жиілігін де анықтайды. Аспап клиникалық сынақтардан өткізілген. Егер
өлшеу кезінде тамыр соғуының бұзылуы орын алса, өлшеу аяқталғаннан кейін
аритмия белгішесі көрсетіледі. Егер осындай таңба жиі пайда болып отырса
(мысалы, күн сайын өлшеген жағдайда аптасына бірнеше рет), онда науқастың медициналық кеңес сұрап хабарласуын ұсынамыз. Аспап кардиологиялық
тексерудің орнына жүре алмайды, алайда тамыр соғуының бұзылуын ерте сатыда анықтауға мүмкіндік береді.
2.4. Тонометр дисплейіндегі қысым көрсеткішінің түрлі-түсті шəкілі
Тонометрдің корпусының
сол жағындағы түрлі-түсті шəкіл қан қысымының өлшенген мəнінің қандай ауқымға түсетінін көрсетеді. Тонометрдің
дисплейінде шəкіл арқылы көрсетілетін сызықтың биіктігіне қарай, өлшенген мəні қалыпты (жасыл), шекаралық (сары жəне жалқын) немесе
қауіпті (қызыл) ауқымға дəл келеді. Өлшеу аяқталғаннан кейін оның нəтижелері дауыстап естіртіледі жəне олар тап келген ауқым аталады.
Бұл жіктеме 2.2-ші
тармақтағы кестеде көрсетілгендей, Еуропалық гипертензия қоғамы (ESH) белгілеген кестенің 6 ауқымына сəйкес келеді.
Еуропалық гипертензия қоғамының (ESH) ұсыныстамалары артериялық гипертензияны анағұрлым тиімді анықтау мен емдеуге мүмкіндік береді
жəне Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсыныстамаларына қайшы келмейді.
IM_WA77_RU_ EN_KZ_4514.indd 48IM_WA77_RU_ EN_KZ_4514.indd 48 06.11.2014 15:17:0306.11.2014 15:17:03
Process CyanProcess CyanProcess MagentaProcess MagentaProcess YellowProcess YellowProcess BlackProcess Black

Содержание

Скачать