Vitek VT-1229 VT [21/48] Қазақ

Vitek VT-1229 VT [21/48] Қазақ
21
ҚазаҚ
бу беру сөндірілген) күйіне орнатыңыз.
- Желілік баудың айыр тетігін ашалықтан
ажыратыңыз және үтіктің толық
салқындауын күтіңіз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Егер жұмыс істеу уақытында тұрақты бу
беру болмаса, бу беру реттегіші (4) күйінің
дұрыстығын және сауытта судың болуын
тексеріңіз.
Қосымша бу беру
Бу беру қызметі қыртыстарды үтіктеген
кезде пайдалы және үтіктеудің жоғары
температуралы режимінде ғана қолданыла
алады (температура реттегіші (9) «МАХ»
күйінде).
Бу беру батырмасын (3) басқанда бу үтік
табанынан шыға бастайды.
Ескерту:
- Судың бу саңылауларынан ағуын
болдырмау үшін қосымша бу беру
батырмасын (3) 4-5 секунд аралығымен
басыңыз.
Тік ылғалдау
Тік ылғалдау қызметі тек жоғары
температуралы үтіктеу режимінде ғана
қолданыла алады (температура реттегіші (9)
«МАХ» күйінде).
Үтікті киімнен 10-30 см қашықтықта тік
ұстаңыз және қосымша бу беру батырмасын
(3) 4-5 секунд аралығымен басыңыз, бу үтік
табанынан (13) шыға бастайды (сур. 5).
Қажетті ақпарат
- Синтетикалық маталарды тік ылғалдау
ұсынылмайды.
- Ылғалдау кезінде матаның еруін болдырмау
үшін үтіктің табанын оған тигізбеңіз.
- Ешқашан адамға киілген киімді
ылғалдамаңыз, себебі шығатын будың
температурасы өте жоғары, иықшаларды
немесе киім ілгішті пайдаланыңыз.
- Үтіктеп болғаннан кейін, үтікті сөндіріңіз,
оған толық салқындауға уақыт беріңіз,
содан кейін су құятын саңылау қақпағын
(2) ашыңыз, үтікті аударыңыз және судың
қалдығын төгіңіз (сур. 6).
Бу камерасын тазалау
Үтіктің қызмет ету мерзімін ұзарту үшін бу
камерасын тазартуды, әсіресе «қатты»
құбыр суы бар аймақтарда тұрақты орындау
ұсынылады.
- Тұрақты бу реттегішін (4) « » (тұрақты бу
беру сөндірілген) күйіне орнатыңыз.
- Сауытты (10) «MAX» белігісіне (12) дейін
суға толтырыңыз.
- Үтікті негізіне (8) қойыңыз.
- Желілік баудың айыр тетігін ашалыққа
қосыңыз.
- Реттегішті (9) бұрап, үтік табаны қызуының
максималды температурасын белгілеңіз
«MAX», сол кезде көрсеткіш (6) жанады.
- Үтік табанының (13) температурасы
белгіленген температураға жеткенде,
көрсеткіш (6) сөнеді, бу камерасын
тазалауды жүргізуге болады.
- Желілік баудың айыр тетігін ашалықтан
ажыратыңыз.
- Үтікті қол жуғыштың үстіне көлденең
орнатыңыз және «SELF-CLEAN» өздігімен
тазалану режимінің батырмасын (11)
басыңыз.
- Қайнаған су мен бу қақпен бірге үтіктің
табаны (13) саңылауларынан шыға
бастайды.
- Үтікті алға-артқа сауыттағы (10) бүкіл су
шығып болғанға дейін сәл ғана шайқаңыз.
- Үтікті негізіне (8) қойыңыз жән оған толық
салқындауға уақыт беріңіз.
- Үтіктің табаны (13) толық салқындағанан
кезде, оны құрғақ матамен сүртіңіз.
- Үтікті сақтауға қойғанға дейін, сауытта (10)
су жоқ екеніне, ал үтік табаны (13) құрғақ
екеніне көз жеткізіңіз.
Күтімі мен тазарту
- Үтікті тазартқанға дейін оның желіден
ажыратылғанына және салқындағанына көз
жеткізіңіз.
- Үтіктің корпусын сәл ғана ылғалды матамен
сүртіңіз, одан кейін құрғатып сүртіңіз.
- Үтік табанындағы шөгінділер сірке-сулы
ерітіндіде ылғалдандырылған матамен
жойылуы мүмкін.
- Шөгінділер жойылғаннан кейін табанның
бетін құрғақ матамен жылтыратыңыз.
- Табанын және корпусын тазалау
үшін қажайтын тазалағыш заттарды

Содержание

Скачать