Redmond SkyKitchen CB391S [43/52] Выпечка бағдарламасы

Redmond SkyKitchen CB391S [43/52] Выпечка бағдарламасы
SkyKitchen RMK-CB391S
43
KAZ
Құрамдас бөліктердің күйіп кетуін болдырмау үшін рецепт кәтабындағы нұсқауларды
орындап, тостаған ішіндегі тағамдарды араластрыып тұру керек. «ЖАРКА» бағдарламасын
қайта пайдаланар алдында құралды толық суыту керек. Тағамдарды қақпағы ашық қалып-
та қуыру ұсынылады — бұл сыртқы қытырлақ қабықшаға дейін қуыруға мүмкіндік береді.
«МАКАРОНЫ» бағдарламасы
Бағдарлама пастаның әр алуан түрлерін дайындауға арналған. Ол суды қайнатуды, құрамдас
бөліктерді салуды және әрі қарай әзірлеуді қарастырады. Су қайнаған сәтте және тағамдар-
ды салу қажет болғанда дыбыстық белгі беріледі. Әзірлеу уақытының кері санағы «Старт»
батырмасын қайта басқаннан кейін басталады.
Бағдарламадағы үнсіз келісім бойынша әзірлеу уақыты 8 минут. Әзірлеу уақытын 2 минут-
тан 1 сағатқа дейінгі аралықта 1 минуттық қадаммен орнату мүмкіндігі. Аталмыш бағдар-
ламада «Автоподогрев» және «Отсрочка старта» қызметтері қол жетімсіз.
Ыстық бумен күйіп қалуды болдырмау үшін қақпақты ашу кезінде құрал үстіне еңкеймеңіз.
Кейбір тағамдарды әзірлеу кезінде (мысалы, макарон, түшпара және т. б.) көбік түзіледі.
Оның тостаған жиегінен асып төгілуінің алдын алу үшін тағамдарды қайнап тұрған
суға салғаннан кейін бірнеше минуттан кейін қақпағын ашу керек.
«ВЫПЕЧКА» бағдарламасы
Бағдарлама бисквиттер, пісірмелер және ашыған қамырдан тоқаштар пісіруге арналған.
Бағдарламадағы үнсіз келісім бойынша әзірлеу уақыты 1 сағат. Әзірлеу уақытын 10 минут-
тан 4 сағатқа дейінгі аралықта 5 минуттық қадаммен орнату мүмкіндігі. Аталмыш бағдар-
ламада автоқыздыру қызметінің максималды жұмыс уақыты 4 сағатпен шектелген.
Бисквиттің дайын болғанын оған ағаш таяқша (тіс тазалағыш) кіргізу арқылы тексеру-
ге болады. Егер суырып алғанда жабысқан қамыр қалдықтары болмаса бисквит дайын.
Пісірмелер дайындау барысында тағамды автоматты жылыту қызметін сөндіріп қою
керек. Дайын тағамды мультиқайнатқыштан дайын болғаннан кейін бірден алып шығу
керек, керісінше жағдайда ол суланып кетеді. Бұл мүмкін болмаған жағдайда автоқыз-
дыру қосулы болғанда аз уақытқа мультиқайнатқышта қалдыруға болады.
«ТУШЕНИЕ» бағдарламасы
Бағдарлама етті, көкөністерді, теңіз өнімдерін, құс етін және көп құрамдасты тағамдарды
бұқтыруға арналған. Бағдарламадағы үнсіз келісім бойынша әзірлеу уақыты 1 сағат. Әзір-
леу уақытын 5 минуттан 12 сағатқа дейінгі аралықта 5 минуттық қадаммен орнату мүм-
кіндігі.
«ЙОГУРТ/ТЕСТО» бағдарламасы
«ЙОГУРТ/ТЕСТО» бағдарламасының көмегімен сіз әр түрлі пайдалы және дәмді йогурт-
тарды өз үйіңізде дайындай аласыз. Сонымен қатар, «ЙОГУРТ/ТЕСТО» бағдарламасында
сіз көтеруге максималды қолайлы жағдай жасауға болады. Бағдарламадағы үнсіз келісім
бойынша әзірлеу уақыты 8 сағат. Әзірлеу уақытын 10 минуттан 12 сағатқа дейінгі аралықта
5 минуттық қадаммен орнату мүмкіндігі. Аталмыш бағдарламада автоқыздыру қызметі қол
жетімсіз болады.
Йогурттер дайындау үшін REDMOND RAM-G1 йогуртқа арналған арнайы ыдыстар
жинағын пайдалана аласыз (жеке сатып алынады).
«МУЛЬТИПОВАР» бағдарламасы
Бағдарлама пайдаланушы белгілеген температуры және уақыт параметрлері бойынша
тағам дайындауға арналған. «МУЛЬТИПОВАР» бағдарламасы арқасында REDMOND
SkyKitchen RMK-CB391S мультиқайнатқышы бір қатар ас үй құралдарын алмастыра алады
және сізгеескі аспаздық кәтаптан немесе ғаламтордан табылған қызықты рецепт бойынша
кез келген тағамды әзірлеуге мүмкіндік береді. Үнсіз келісім бойынша «МУЛЬТИПОВАР»
бағдарламасындағы әзірлеу уақыты 30 минутты құқрайды, әзірлеу температурасы 100 °С.
Бағдарламадағы температураны қолмен белгілеу ауқымы 5 °С қадаммен 35–180 °С құрай-
ды. Уақытты қолмен белгілеу ауқымы 1 минуттық қадаммен 2 минуттан 15 сағатқа дейін.
Әзірлеу температурасы 80 °С болғанда автоқыздыру қызметі қол жетімсіз және қолмен
қосылуы мүмкін.
Әзірлеу температурасы 130 °С жоғары болғанда күйіп кетуден қорғау үшін бағдарлама-
ның жұмыс уақыты 2 сағатпен шектеледі.
«МУЛЬТИПОВАР» бағдарламасында көптеген әр алуан тағам дайындау мүмкін болады.
Біздің кәсіби мамандар ұсынған аспаздлық кітапты немесе әр түрлі тағамдар мен өнімдер
дайындауға арналған ұсынылған температуралардың арнайы кестесін пайдаланыңыз.
Сонымен қатар, қажетті рецепттерді www.redmond.company сайтынан таба аласыз.
«ДЕТСКОЕ ПИТАНИЕ» бағдарламасы
REDMOND SkyKitchen RMK-CB391S мультиқайнатқышы өсу мен дамудың әр түрлі кезең-
дерінде бала күтімі мен тамақтануына байланысты көптеген мәселелердің шешімін табуға
мүмкіндік береді. Бағдарламадағы үнсіз келісім бойынша әзірлеу уақыты 10 минут. Әзірлеу
уақытын 10 минуттан 2 сағатқа дейінгі аралықта 5 минуттық қадаммен қолмен орнату
мүмкіндігі.
Мультиқайнатқышқа қоса берілген аспаздық кітапта сіз балаға тамақтандыруды
бастаған сәттен бастап мектепке дейінгі жасқа дейін беруге болатын тағамдардың
көптеген рецептерін таба аласыз. Барлық ұсынылған рецепттер біздің аспаздар то-
бында аталмыш үлгі үшін бейімделген және REDMOND SkyKitchen RMK-CB391S муль-
тиқайнатқышының қолданыстағы үлгісінде мұқият тексеруден өткен.
«ПЛОВ» бағдарламасы
Бағдарлама палаудың әр алуан түрлерін дайындау үшін арналған. Бағдарламадағы үнсіз
келісім бойынша әзірлеу уақыты 35 минут. Әзірлеу уақытын 10 минуттан 2 сағатқа дейін-
гі аралықта 5 минуттық қадаммен қолмен орнату мүмкіндігі.

Содержание

Скачать