Stihl MSA 140 C-BQ [248/332] Сақтандыру

Stihl MSA 140 C-BQ [248/332] Сақтандыру
0458-716-9721-C
246
қазақ
4 Қауіпсіздік техникасы ережелері
Бұзылған аккумулятордан сұйықтық жылыстауы
мүмкін. Егер сұйықтық теріге немесе көзге тиіп кетсе,
тері немесе көз тітіркенуі мүмкін.
Сұйықтықпен жанаспаңыз.
Егер теріге тиіп кетсе: Зақымдалған аумақтарды
сабындап, судың көп мөлшерімен жуыңыз.
Егер көзге тиіп кетсе: Көзіңізді кемінде 15 минут
бойы судың көп мөлшерімен шайыңыз және
дәрігерге қаралыңыз.
Бұзылған немесе жарамсыз аккумулятор әдеттен тыс
иіс шығаруы, түтіндеуі немесе жануы мүмкін. Адамдар
ауыр жарақат алуы немесе қайтыс болуы және оларға
материалдық нұқсан келтірілуі мүмкін.
Егер аккумулятор әдеттен тыс иіс шығарса немесе
түтіндесе: Аккумуляторды пайдаланбаңыз және оны
тұтанатын материалдардан алысырақ ұстаңыз.
Егер аккумулятор жанып тұрса: Аккумулятор
батареясын өрт сөндіргішпен немесе сумен
сөндіруге тырысыңыз.
4.6.5 Қуаттағыш
Егер келесі шарттар сақталса, қуаттағыш қауіпсіз күйде
болады:
Қуаттағыш жарамды.
Қуаттағыш құрғақ және таза.
Сақтандыру
Қауіпсіз емес күйде толықтырушы бөлшектер дұрыс
жұмыс істемеуі және қауіпсіздік қондырғысының күші
әрекет етпеуі мүмкін. Адамдар ауыр жарақат алуы
немесе қайтыс болуы мүмкін.
Жарамды қуаттаағышын қолданыңыз.
Егер қуаттағыш кір немесе ылғалды болса:
Қуаттағышты тазартыңыз және кептіріңіз.
Қуаттағышты өзгертпеңіз.
Заттарды қуаттағыштың тесіктеріне тықпаңыз.
Қуаттағыштың электрлік түйіспелерін
металл заттармен қоспаңыз және
тұйықтамаңыз.
Қуаттағышты ашпаңыз.
4.7 Жұмыстар
4.7.1 Аралап кесу
Сақтандыру
Жұмыс аясының шегінен естілуі шегінде адам
болмаса, қажеті болған жағдайда сізге жедел көмек
ешкім көрсете алмайды.
Жұмыс аясының шегінен тыс адамдардың естілуі
шегінде бар болуына көз жеткізіңіз.
Пайдаланушы белгіленген жағдайларда жұмысқа
шоғырлана алмайды. Пайдаланушы мотоараны игере
алмай, сүрініп құлап, ауыр жарақаттануы мүмкін.
Жұмысты байыпты және тиянақты түрде атқарыңыз.
Егер жарықтандыру шарттары және көріну дәрежесі
нашар болса: Мотоарамен жұмыс істемеңіз.
Мотоарамен жеке жұмыс істеу.
Иық деңгейінен жоғары жерде жұмыс атқармаңыз.
Кедергілерге назар аударыңыз.
►Еденде тұрып жұмыс істеңіз және тепе-теңдікті
сақтаңыз. Егер биіктікте жұмыс істеу керек болса:
Көтерілетін жұмыс алаңын немесе қауіпсіз
ағаштарды пайдаланыңыз.
Шаршағандық белгілері болса: Жұмыс істеуде үзіліс
жасаңыз.

Содержание

Похожие устройства

Скачать