Stihl MSA 140 C-BQ [252/332] Сақтандыру

Stihl MSA 140 C-BQ [252/332] Сақтандыру
0458-716-9721-C
250
қазақ
4 Қауіпсіздік техникасы ережелері
Сақтандыру
Егер айналмалы ара шынжыры қатты затқа соқтығып,
жылдам тежелсе, пайдаланушы мотоараны күрт қатты
итеріп жіберуі мүмкін. Пайдаланушы мотоараны игере
алмай, ауыр жарақат алуы немесе өліп кетуі мүмкін.
Мотоараны екі қолыңызбен ұстау керек.
Осы пайдалану нұсқаулығында сипатталғандай
жұмыс істеңіз.
Бағыттаушы шинаны кесікке тура бағыттау.
Тісті тіректі дұрыс орнату.
Толық газ берілген кезде аралаңыз.
4.8.3 Қайтарым
Егер бағыттаушы шинаның жоғарғы бөлігінде жұмыс
істесе, мотоара қолданушыға қарай итеріледі.
Сақтандыру
Егер араның айналмалы шынжыры қатты затқа
соқтығып, жылдам тежелсе, пайдаланушы мотоараны
күрт қатты итеріп жіберуі мүмкін. Пайдаланушы
мотоараны игере алмай, ауыр жарақат алуы немесе
өліп кетуі мүмкін.
Мотоараны екі қолыңызбен ұстау керек.
Осы пайдалану нұсқаулығында сипатталғандай
жұмыс істеңіз.
Бағыттаушы шинаны кесікке тура бағыттау.
Толық газ берілген кезде аралаңыз.
4.9 Қуаттау
Сақтандыру
Қуаттау барысында жарамсыз немесе зақымдалған
қуаттағыш әдеттен тыс иіс шығаруы немесе түтіндеуі
мүмкін. Адамдар жарақат алуы және оларға
материалдық нұқсан келтірілуі мүмкін.
Штепсельді айырды розеткадан суырыңыз.
Қуаттағыш жылудың жеткіліксіз дәрежеде
бұрылмауынан қызып кетіп, өртену себебі болуы
мүмкін. Адамдар ауыр жарақат алуы немесе қайтыс
болуы және оларға материалдық нұқсан келтірілуі
мүмкін.
Қуаттағышты бүркемеңіз.
4.10 Тасымалдау
4.10.1 Мотоара
Сақтандыру
Мотоараны тасымалдау кезінде, ол төңкерілуі немесе
жылжып кетуі мүмкін. Адамдар жарақат алуы және
оларға материалдық нұқсан келтірілуі мүмкін.
Ара шынжырының тежегішін орнату.
Шынжырдың қоршауын бағыттаушы шинаның
үстімен бағыттаушы шинаны түгел жауып
тұратындай етіп жылжыту.
Бекіту белбеуімен, белдігімен немесе
торқапшығымен бірге мотоараны төңкерілмейтін
және жылжымайтын болатындай бекіту керек.
0000-GXX-1349-A0
Аккумуляторды алып тастаңыз.

Содержание

Похожие устройства

Скачать