Stihl MSA 140 C-BQ [284/332] Кері беріліс себептері және оның алдын алу

Stihl MSA 140 C-BQ [284/332] Кері беріліс себептері және оның алдын алу
0458-716-9721-C
282
қазақ
26 Электр аспаптарына арналған жалпы қауіпсіздік техникасы ережелері
арамен жұмыс істеген кезде бір сәтке мұқиятсыз
болған жағдайда, ара шынжыры киімді немесе дене
бөліктерін іліп кете алады.
Шынжырлы араны әрөашан оң қолыңызбен артқы
тұтқадан ұстаңыз, сол қолыңызбен алдыңғы тұтқадан
ұстаңыз. Шынжырлы араны төңкерілген жұмыс күйінде
ұстаған кезде, жарақат алу қаупі жоғарылайды, сол
себепті араны осылай ұстауға тыйым салынады.
Құрал-саймандарды тек оқшауланған тұтқасынан
ұстауға болады, себебі ара шынжырына жасырын сым
тиюі мүмкін. Кернеу өткізетін сымға жанасатын ара
шынжырлары металл электр құрал-саймандарын
кернеуде ұстайды және қолданушыны электр тоғы
соғуы мүмкін.
Қорғаныш көзілдірігін және есту мүшелерін қорғау
құралдарын кию керек. Басты, қолды, аяқты және
табанды қорғауға арналған қосымша қорғаныш
құралдарын қолдануға ұсыныс беріледі. Сай келетін
қорғаныш киімі, ұшып кететін жоңқадан немесе ара
шынжырының абайсызда тиіп кетуінен жарақат алу
қаупін төмендетеді.
Ағаштың үстінде шынжырлы арамен жұмыс істемеңіз.
Ағаштың үстінде қолданған кезде, жарақат алу қаупі
төнуі мүмкін.
Орнықты күйді ұдайы бақылап тұрыңыз және араны
тек тұрақты, берік, қауіпсіз және тегіс қабатта тұрып
қолданыңыз. Тайғанақ немесе орнықсыз тірек қабаты,
мысалы, асылмалы баспалдақ шынжырлы араны
бақылаудан шығарып алудың себебі бола алады.
Керілген бұтақты кескен кезде, ол артқа қарай серпіле
алатындығын есте сақтаған жөн. Сүрек
талшықтарындағы кернеу бәсеңдеген кезде, кернеу
астындағы бұтақ операторға тиіп кете алады және/
немесе шынжырлы ара бақылаудан шығып кете
алады.
Төмен жақтағы бұтақтарды және жас ағаштарды
кескен кезде өте абай болыңыз. Ара шынжыры жұқа
материалды іліп әкетіп, сізге соғыла алады немесе
сізді теңселте алады.
Шынжырлы араны алдыңғы тұтқасынан сөндірілген
күйде ұстап, ара шынжырын денеден басқа жаққа
бұрыңыз. Шынжырлы араны тасымалдаған немесе
сақтаған кезде, қорғаныш қаптамасын кигізіңіз. Ара
шындырын абайлап пайдаланған кезде, қозғалмалы
ара шынжырына абайсызда тиіп кету мүмкіндігі
төмендейді.
Шынжырды майлауға, керуге және керек-жарақтарды
ауыстыруға қатысты нұсқауларды сақтаңыз. Тиісті
емес түрде керілген немесе майланған шынжыр үзіліп
кете алады немесе кері беріліс қаупі төндіре алады.
Тұтқыштарды құрғақ, таза күйде, маймен немесе
майлағышпен ластанбаған түрде сақтаңыз. Майлы,
маймен ластанған тұтқыштар тайғанақ болады және
бақылаудан шығуға әкеліп соқтырады.
Сүректі ғана аралап кесіңіз. Шынжырлы араны
арналымынан тыс жұмыстарды орындау үшін
қолданбаңыз. Мысалы: Пластикті, қалауды немесе
ағаштан жасалмаған құрылыс материалдарын кесу
үшін шынжырлы араларды қолданбаңыз. Ара
шынжырын арналымынан тыс жұмыстарды орындау
үшін қолданбаңыз, себебі қауіпті жағдайлар туындауы
мүмкін.
26.9 Кері беріліс себептері және оның алдын алу
Бағыттауыш шинаның жүзі затқа тиіп кетсе немесе сүрек
майысса және ара шынжыры қимада қажалса, кері
беріліс туындай алады.
Шинаның басымен түйіскен кезде, кейбір жағдайларда
кенеттен, артқа бағытталған реакция туындап,
бағыттауыш шина жоғарға және операторға қарай
лақтырылады.
Бағыттауыш шинаның жоғарғы шетінде ара шынжыры
қажалып кетсе, шина операторға қарай лақтырыла
алады.
Осы реакциялардың әрбірі туындаған кезде, сіз араны
бақылауда ұстай алмай қаласыз және өз-өзіңізге ауыр
жарақат келтіруіңіз мүмкін. Ара шынжырына орнатылған
сақтандырғыш құрылғыларға ғана сене бермеңіз.
Шынжырлы араның пайдаланушысы ретінде Сіз

Содержание

Похожие устройства

Скачать