Tefal KI240D Express control [99/101] Пайдалануға қатысты кеңестер

Tefal KI240D Express control [99/101] Пайдалануға қатысты кеңестер
97
KK
Ұсынылған температура шамалары:
70°C: ақ шай
80-85°C: көк шай
90°C: жаңа үгітілген кофе
95°C: қара шай
100°C: қайнаған су/тұндырма
6. ШӘЙНЕК АВТОМАТТЫ ТҮРДЕ ӨШЕДІ:
Су қайнайтын немесе таңдалған температураға жеткенде.
Қолданып болғаннан кейін шәйнекте суды қалдырмаңыз, себебі мұндай әрекет қақ
түзілу үрдісін тездетеді.
ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ КҮТІМ
ПАЙДАЛАНУҒА ҚАТЫСТЫ КЕҢЕСТЕР
ШӘЙНЕКТІ ТАЗАЛАУ
Шәйнекті желіден ажыратыңыз.
Оны суытыңыз, сосын ылғал губкамен сүртіп алыңыз.
Шәйнекті, үйкекті, электрлі баусымды немесе штепсельді ешқашан суға салмаңыз:
электрлі қосылыстар да, ажыратқыш та сумен жанаспауы қажет.
Қажақты губкаларды қолданбаңыз.
СҮЗГІНІ ТАЗАЛАУ (4-сурет)
Алынбалы сүзгі шәйнектен құйылып жатқан сумен бірге қақ бөлшектерінің түсуінің
алдын ала отырып, оны ұстап қалатын матадан дайындалған. Бұл сүзгі судың
кермектігіне әсер етпейді. Яғни өз қасиеттері сақталады. Су өте кермек болған
жағдайда сүзгі өте тез бітеліп қалады (10-15 рет қолданғаннан кейін). Уақытылы
тазалап отырған маңызды. Ылғал сүзгіні ағынды сумен, құрғақты абайлап жұмсақ
қылшақпен тазартыңыз. Егер қақ кетпеген жағдайда, қақты кетіруді жүргізіңіз.
Шайдың бәрі бір бұтадан (camellia sinensis) жасалғанымен, олардың дәмі мен түрі
өндірілген аймағына, өңдеу әдісіне (ферменттеу, кептіру процестері мен оралу
технологиялары әр түрлі болады) және сұрыпына (тұтас немесе бөлінген жапырақтар,
еленді және тозаң) байланысты әр түрлі келеді.
Көк шай: Кептіріліп, оралған жапырақтар ферменттелмеуі үшін туралып, майдаланып, сәл
қуырылады. 3 минут қана шығару керек. Көк шайдың дәмі нәзік, ащылау, ал түсі ақшыл келеді.
Қара шай: Оралып, кептіріліп, біраз уақыт ферменттелетін ескі жапырақтардан
жасалады. 5 минут шығарылады (түрік және орыс шайлары ұзағырақ). Дәмі қою, түсі
мыс сияқты қызыл келеді.
Улун шайы: Көк пен қара шай арасындағы дәм. Сәл ферменттелген. 7 минут шығару
керек. Дәмі жеңіл, түсі қарадан ақшыл.
Пуристер шайды түк қоспай ішкенімен, сіз сүт (үнді не цейлон шайымен), қант пен
лимон қосып (көк немесе хош иісті шаймен) ішуіңізге болады.
ҚАҚТЫ КЕТІРУ
Су өте кермек болған жағдайда, ең кем дегенде, айына бір рет немесе одан да жиірек
қақты тұрақты түрде кетіріп отыру керек. Шәйнектің температураны анықтау қасиетіне
түзілген қағы әсер етуі мүмкін.
Қақты кетіру үшін келесіні қолданыңыз:
Дүкенде сатылатын сірке суы:
шәйнекке ½ л сірке суын құйыңыз;
қыздырмай 1 сағатқа қалдырыңыз.
Лимон қышқылы:
½ л суды қайнатыңыз;
25 г лимон қышқылын қосыңыз және 15 минутқа қалдырыңыз.

Содержание

Похожие устройства

Скачать