Moulinex OW240E [125/132] Мәйек жұмсақ ақ ірімшік дайындау үшін

Moulinex OW240E [125/132] Мәйек жұмсақ ақ ірімшік дайындау үшін
125
KK
ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ КҮТІМ
Құрылғыны ток көзінен ажыратып, толық суығанша
күтіңіз.
Ыстық сабынды сумен пішінді және араластыратын
қалақты жуыңыз. Қалақ табада қалса, 5-10 минут
жібітіп қойыңыз.
Басқа бөліктерін дымқыл губкамен тазалаңыз.
Жақсылап кептіріңіз.
Ешқай бөлігін ыдыс жуғыш машинаға салуға
болмайды.
Тұрмыстық химия, қырғыш жөкелерді және спиртті
пайдалануға болмайды. Жұмсақ, дымқыл шүберекпен
сүртіңіз.
Құрылғының өзін немесе қақпағын суға малуға болмайды.
Шикі сүт (ферма сүті): ондай сүтті алдымен қайнатып алу керек. Біраз уақыт
бойы қайнатып алған дұрыс. Одан кейін құрылғыға құймас бұрын салқындату
керек.
Құрғақ сүт:ондай сүттің йогурты крем сияқты жұмсақ болады. Әрдайым
өндірушінің қаптамасында көрсетілген нұсқауларды орындаңыз.
Фермент
Йогуртқа арналған
Фермент ретінде мыналарды алуға болады:
Жарамдылық мерзіміне дейін ең ұзақ уақыт қалған дүкендегі кәдімгі йогурт.
Мұзға қатырылған фермент немесе лактобактериялар. Бұл жағдайда
ферменттің нұсқауында көрсетілген ұйыту мерзімін сақтау керек. Мұндай
ферменттерді дүкеннен, дәріханадан және сау азық-түлік дүкендерінен сатып
алуға болады.
Жақында дайындаған йогурт салса да болады, бірақ кәдімгі йогурт болуы керек.
Бұл процесс «ұю» деп аталады.
Температура тым жоғары болса, ферменттердің сипаты бұзылуы мүмкін.
Ұйыту уақыты
Қосылатын заттарға және қалаған нәтижеге байланысты йогуртты ұйыту уақыты
6-12 сағатқа созылады.
Қыздыру кезеңі біткен соң, йогуртты кем дегенде 4 сағатқа тоңазытқышқа салып, 7
күн ішінде жеп бітіріңіз.
Мәйек (жұмсақ ақ ірімшік дайындау үшін)
Ірімшік дайындау үшін іріген сүтке мәйек немесе лимон қышқылы, сірке су сияқты
қышқылды сұйықтық қосу керек.
Сұйық
6 сағ. 7 сағ. 8 сағ. 9 сағ. 10 сағ. 11 сағ. 12 сағ.
Қою
Тәтті
Қышқыл

Содержание

Похожие устройства

Скачать