Bosch GWS 2200 230мм [178/281] Жарамды тегістеу құралы

Bosch GWS 2200 230мм [178/281] Жарамды тегістеу құралы
178 | Қазақ
(24)
Ажарлау шпинделін (1)
бекіту үшін шпиндельді
бекіту түймесін басыңыз.
Тез қысқыш гайканы
бекемдеу үшін ажарлау
дискісін күш салып сағат
тілінің бағытымен
бұраңыз.
Дұрыс бекітілген,
зақымдалмаған тез
қысқыш гайканы
сақинаны сағат тілінің
бағытына қарсы бұрау
арқылы шығаруға болады.
Ешқашан қатты
бекемделген тез
қысқыш гайканы
тістеуікпен бұрап
алмаңыз, екі бүйірлік
тесігі бар гайка кілтін
пайдаланыңыз. Гайка
кілтін суретте
көрсетілгендей екі бүйірлік тесігімен орнатыңыз.
Жарамды тегістеу құралы
Осы нұсқаулықта жоғарыда атап өтілген барлық тегістеу
құралдарын пайдалануға болады.
Пайдаланылатын тегістеу құралдарының рұқсат етілген
айналымдар саны [мин
-1
] немесе айналу жылдамдығы
[м/с] төменде берілген кестедегі мәндерден төмен
болмауы керек.
Сондықтан тегістеу құралының жапсырмасында
көрсетілген рұқсат етілген айналымдар санын немесе
айналу жылдамдығын сақтаңыз.
макс. [мм] [мм]
D b d [мин
-1
] [м/с]
180
230
8
8
22,2
22,2
8500
6600
80
80
D
180
230
8500
6600
80
80
D
b
d
100 30 M 14 8600 45
Редукторлық басты бұру
u Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Редукторлы бастиекті 90°
қадаммен бұруға болады.
Осылайша сөндіргішті
жұмысқа ыңғайлы күйге
орнатуға болады, мысалы,
сору жұмыстары үшін
соратын қалпақпен және
бағыттауыштармен (21)
немесе солақайлар үшін.
4 бұранданы толығымен
бұрап босатыңыз. Редукторлық басты корпустан
алмастан жаңа күйге жайлап бұрыңыз. 4 бұранданы
берік бекітіңіз.
Шаңды және жоңқаларды сору
Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және
металлдар бар кейбір материалдардың шаңы
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат
ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен
(хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып
есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандар арқылы
өңделуі мүмкін.
Мүмкіншілігінше осы материал үшін сәйкес келетін
шаңсорғышты пайдаланыңыз.
Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
u Жұмыс орнында шаңның жиналмауын
қадағалаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Пайдалану
Іске қосу
u Желі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты
электр құралдың зауыттық тақтайшасындағы
мәліметтеріне сай болуы қажет. 230В белгісімен
белгіленген электр құралдармен 220В жұмыс
істеуге болады.
u Құрылғыны оқшауланған қысқыш беті мен
қосымша қысқыш арқылы ұстаңыз. Алмалы-
салмалы аспап жасырын тоқ сымдарына немесе өз
желі кабеліне тиюі мүмкін. Тоқ өтетін сымға тию
металлды құрал бөлшектеріне тоқ беріп, соғуына алып
келуі мүмкін.
Элект құралы қуат қоры жеткіліксіз немесе іске қосу
тогын күшейтетін сәйкес кернеу реттегішімен
жабдықталмаған электр генераторларынан қуат алса,
қосу кезінде қуат төмендеуі немесе электр құралы
әдеттен тыс әрекет етуі мүмкін.
1 609 92A 435 | (27.11.2018) Bosch Power Tools

Содержание

Похожие устройства

Скачать