Darina PL KM 241 361 1ХW [34/40] Плитаға күтім жасау

Darina PL KM 241 361 1ХW [34/40] Плитаға күтім жасау
Пайдалану бойынша нұсқаулық КM241 00 000 РЭ U KZ
31
кəстрөлдер, пісіруге арналған қалыптар жəне т.б.) алып тастаңыз. Осы ереженің сақталмауы жылу
ағындары айналымының бұзылуына алып келуі жəне пісірмені бүлдіруі мүмкін.
Егер рецептіде айрықша нұсқаулар болмаса, онда əзірленетін тағам қыздыру шкафына
орнатылғанға дейін оны пісіру температурасында 10 минут бойы жылыту керек.
Əдетте қыздыру шкафында пісіру үшін (180...220)°С шектеріндегі температура пайдаланылады.
20. ПЛИТАҒА КҮТІМ ЖАСАУ
ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ! Жуу алдында, плитаны міндетті түрде электр желісінен сөндіріңіз.
20.1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР:
Плитаны таза күйінде сақтаңыз. Бұл тағамды дəмді қылып, əзірлеу үрдісі Сізге лəззат сыйлайды,
ал плита ұзақ уақыт қызмет етеді.
■ Бумен тазалауды пайдалануға болмайды.
Тазарту кезінде келесі құралдарды пайдалануға болмайды:
■ Абразивті материалдар (қатты ұсақ кеуекті заттектер).
Плита бетін қайтарымсыз зақымдауы мүмкін, құм, сода, қышқыл жəне басқа агрессиялық
компоненттер құрамына кіретін тазартқыш құралдар.
■ Дақтарды кетіру үшін қатты ысқыштар, металл жөкелер немесе пышақ жəне басқа қатты заттар.
Тазарту үшін келесі құралдарды пайдалануды ұсынамыз:
■ Жұмсақ мата, микрофибрадан жасалған жұмсақ майлықтар.
Жоғарыда аталған заттектер құрамына кірмейтін, арнайы жуу құралдары, ыдысқа арналған
сұйық жуу құралдары.
Пайдалы кеңестер:
Төзімді жəне ескі қатайған дақтарды алдын ала сулап, осыдан кейін құрғақ майлықпен сүрту
керек.
■ Майды арнайы құралдың шамалы мөлшері қосылған жылы су көмегімен жууға болады.
■ Жанарғыларды тазарту немесе плита үстелін жуу үшін, жанарғыларды шешуге болады.
Ластанған жəне дымқыл разрядтағыштар жұмыс жасамауы мүмкін. Үстелді жəне керамикалық
разрядтағыштарды тазарту кезінде абай болыңыз. Сынған разрядтағыш жөнделмейді, оны
ауыстыру керек.
Духовканы пайдаланғаннан кейін оны жуу құралы қосылған жылы сумен жуып, таза болғанша
сүртіп, кептіру керек. Май тазалауға арналған арнайы аэрозольді құралды пайдалануға болады.
Қыздыру шкафын ол жылы болғанда жуу айтарлықтай жеңілірек. Жабысқан дақтарды дымқыл
шүберекпен сулап, тазартқыш құрал көмегімен тазалау керек.
20.2. ЭМАЛЬ ЖАБЫНЫ БАР БӨЛШЕКТЕРГЕ ЖƏНЕ СЫРЛАНҒАН БӨЛШЕКТЕРГЕ КҮТІМ
ЖАСАУ ЕРЕЖЕЛЕРІ:
■ Плита үстелі, басқару панелі жəне қыздыру шкафының ішкі беті силикаттық эмаль жабынымен
қапталған. Қалған түр бөлшектері сырмен қапталған.
Тазартқыш құралдарды пайдалану алдында жабын төзімділігін жасырын жерде шағын бөлікте
тексеру керек.
Эмаль жабынымен қапталған бөлшектерді тазарту кезінде сырланған беттерге арналған
құралдың сырмен қапталған бөлшектерге түспейтіндігін қадағалаңыз.
Сырланған беттердің тазартқыш құралдарға қатысты төзімділігі, эмаль жабындарына қарағанда,
төменірек, сондықтан жабынның қайтарымсыз зардаптармен зақымдалуының алдын алу үшін,
сырланған беттерді жуу үшін құрамына еріткіштер, абразивті материалдар жəне сілтілер >5%
қосылған жуу жəне тазарту құралдарын пайдаланбаңыз. Тазартуды аяқтар кезде бетті таза сумен
жуып, жұмсақ матамен немесе арнайы майлықпен құрғатып сүртіңіз.
20.3. ТОТ БАСПАЙТЫН БОЛАТТАН ЖАСАЛҒАН БӨЛШЕКТЕРГЕ КҮТІМ ЖАСАУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
Тот баспайтын болаттан жасалған бөлшектерді (басқару панелі жəне плита үстелі) тек осы
мақсатқа арналған арнайы құралмен сүрткен жөн. Əдетте осындай құрамдар тазартқыш жəне
қорғаныс əсерін көрсетеді. Осы кезде бөлшектің өңделетін бетіне ешқандай қауіп төнбейді, жəне
ол ұзақ уақыт бастапқы көрінісіне ие болады.
Тазарту үшін пайдалануға болмайды:
Құрамына хлорид кіретін залалсыздандырғыш сұйықтықтар немесе ұнтақтар.
!

Содержание

Похожие устройства

Скачать