Coolfort CF-3000 [12/24] Қазақша

Coolfort CF-3000 [12/24] Қазақша
12
ҚАЗАҚША
•
Құралды құрғақ салқын, балалардың және
мүмкіндіктері шектеулі адамдардың қолы жетпейтін
жерде сақтаңыз.
ОСЫ ҚҰРАЛ ТЕК ТҰРМЫСТЫҚ ЖАҒДАЙЛАРДА
ПАЙДАЛАНУҒА АРНАЛҒАН. ӨНДІРІСТІК АЙМАҚТАР
МЕН ЖҰМЫС ҮЙ-ЖАЙЛАРЫНДА АСПАПТЫ ПАЙДА-
ЛАНУҒА ЖӘНЕ КОММЕРЦИЯЛЫҚ ПАЙД АЛАНУҒА
ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ.
САҚТАНДЫРУ ШАРАЛАРЫ
•
Егер тазарту барысында шаңсорғыштың сору
қуаттылығы кенет төмендесе, шаңсорғышты дереу
сөндіріп, ұзартқыш түтіктің (5) бітеліп қалмағандығын
тексеріңіз. Қоқысты жойыңыз, және содан кейін ғана
жинау жұмыстарын жалғастыруға болады.
•
Шаңсорғышпен тазалауды қатты қызған беттерден
тікелей жақындықта, күлсалғыштар жанында немесе
жеңіл тұтанатын сұйықтықтар сақталатын орындарда
жүргізуге болмайды.
ШАҢСОРҒЫШТЫ ҚҰРАСТЫРУ
Құрылғыны қысқы (суық) температурада тас
ымал дағаннан немесе сақтағаннан кейін, оны
бөлме температурасында кемінде 3 сағат бойы
ұстау керек.
Шаңсорғышты/аккумуляторлық батарея заря-
дын сақтайтын жерді анып алыңыз және сол жерге
қабырғалық ұстағышты (16) бұрандалар арқылы
бекітіңіз.
•
Ұстағышты (16) бекіту үшін 3M жапсырмала-
рын пайдаланыңыз. Оның орналасқан биіктігі
шаңсорғыштың биіктігіне сәйкес келетініне көз
жеткізіңіз, өйткені қуаттандыру сымының салбырауы-
на жол берілмеуі керек).
•
Шаңсорғышты ұстағышқа (16) орнатыңыз
•
Қуаттандыру блогы (17) қосқышының штеерін
аккумуляторлық батарея ұясына (11) салыңыз.
Аккумуляторлық батареяны зарядтау
Құрылғыны алғаш қолданар алдында немесе оны
пайдаланудағы ұзақ үзілістен кейін аккумуляторлық ба-
тареяны (11) 4-5 сағат зарядтау керек.
Аккумуляторлық батареяның (11) толық қуаттандырылуы
шаңсорғыштың максималдық қуат деңгейінде 20 минут
және қуаты төмен деңгейде шамамен 35 минут үздіксіз
жұмыс істеуіне жетеді.
•
Зарядтау үшін шаңсорғышты қабырға ұстағышына
(16) орнатыңыз, қуаттандыру блогы қосқышының
штекерін (17) шаңсорғыштың аккумуляторлық бата-
рея ұясына салыңыз, қуаттандыру блогын (17)
электр розеткасына салыңыз, осы ретте жұмыс
істеу/зарядтау индикаторының жолақтары (3) жана-
ды, аккумуляторлық батарея зарядының деңгейі
индикатордың (3) жарық жолақтарымен көрсетіледі.
•
Аккумуляторлық батареяның (11) зарядтау циклы
аяқталған кезде, индикатордың (3) төрт жолағы жанады.
Ескертпелер:
Аккумуляторлық батареяны (11) зарядтауды +5°C
бастап +35°C дейінгі температурада жүргізіңіз.
Егер құрылғыны бір ай бойы немесе одан ұзақ
пайдаланбасаңыз, шаңсорғышты қолданар алдында
аккумуляторлық батареяны (11) толық зарядтаңыз.
Ұзартқыш түтікті және қондырмаларды жалғау
•
Шаңсорғыштың ауа тартқыш тесігіне ұзартқыш түтікті
(5) бекіткіш (4) шертілгенге дейін салыңыз.
•
Қажетті қондырманы таңдаңыз: моторланған турбо-
қылшақты (7), саңылаулы саптаманы (18) және оны
ұзартқыш түтікке (5) қосыңыз (сур. 3).
Ескертпе:
Қажет болса, сіз моторланған турбо-қылшақты (7),
саңылаулы саптаманы (18) ұзартқыш түтікті (5)
пайдаланбай шаңсорғыштың ауа тартқыш тесігіне
қоса аласыз.
Моторланған турбо-қылшақ LED-жарығымен (7)
Моторланған турбо-қылшақты (7) орташа және қысқа
түкті кілемдер мен кілем жабындарын тазалау үшін
қолданыңыз, қылшақ (7) кілем жабындарынан жануар-
лар жүнін тазалау үшін өте ыңғайлы. Түгі бар білікше
қылшаққа орнатылған электрлік мотордың көмегімен
айналады, білікшенің түгі кілем жабыны түктерінен
қоқыстарды «сыпырып алады» және жануарлар жүнін
тиімді «тарап алады».
Ескертпелер:
Моторланған турбо-қылшақты (7) пайдалануға
тыйым салынады, егер кілем жабындары түгінің
ұзындығы 15 мм-ден артық болса.
Қылшақты (7) электр сымдары үстінен жүргізбеңіз.
Қылшақты (7) пайдалану арқылы үй-жайды жинап
болғаннан кейін шаңсорғышты бірден өшіріңіз.
1-де 2 (18) саңылау қондырмасы.
Саптаманың (18) екі опциясы бар. Саңылауларға
арналған қондырма режимдері радиаторларды,
саңылауларды, бұрыштарды және диван жастықтарының
арасындағы кеңістікті тазартуға арналған. Жұмсақ
жиһазды немесе автомобильдің ішін тазарту үшін
қылшақ режимін қолдану ұсынылады, ол үшін батырма-
ны басып, қылшықтарды алға қарай жылжытыңыз.
LED-дисплей (13)
Дисплейде жұмыс таңбалары, жылдамдықтар және за-
рядтау пайызы көрсетіледі.
таңба батарея құрамындағы электр энергиясының
пайызын көрсетеді.
жылдамдықтар таңбалары – 1-інші и 2-інші.
батареяның ысып кетуі таңбасы: температура 75 гра-
дустан аспауы тиіс. Қалыпты температураға дейін
салқындағаннан кейін қайтадан қолдана аласыз.
контейнер-шаңсорғыштың (9) шамадан тыс толып
кету таңбасы. Контейнер мен сүзгілерді (14 және
15) шаңнан тазартыңыз.
еденге арналған қылшақтың (7) айналымы
бұғатталғандығы таңбасы. Айналымына кері әсер
беріп тұрған, шаш, жіп және өзге де осы сияқты
қоқыстардан тазалаңыз.
ШАҢСОРҒЫШТЫ ПАЙДАЛАНУ
Назар аударыңыз! Шаңсорғышты оған орнатылған
шаңжинағыш-контейнермен (9) және оған орнатылған
сүзгілермен (14, 15) ғана қосыңыз. Шаңсорғыш-
контейнердің (9) дұрыс жиналғаны мен орнатылғанын
міндетті түрде тексеріңіз.
•
Шаңсорғышты сақтау ыңғайлылығы үшін қабырға
ұстағышын (16) пайдаланыңыз.

Содержание

Похожие устройства