Coolfort CF-3000 [13/24] Қазақша

Coolfort CF-3000 [13/24] Қазақша
13
ҚАЗАҚША
•
Шаңсорғыш жұмыс істеп жатқанда және оны
тасымалдаған кезде оны қолсабынан (12) ұстаңыз.
•
Шаңсорғышты қосу үшін қосу/сөндіру (1) « », батыр-
масын басыңыз, шаңсорғыш төмен деңгейдегі қуаты
арқылы қосылады, осы жұмыс/зарядтау (3) индикато-
рында төрт жолақ жанады, ал дисплейде (13) электр
энергиисы пайызы көрсетіледі.
•
Шаңсорғыш жұмыс істеген уақытта, батырмаға (2)
« » басып, шаңсорғыштың жұмыс тәртібін таңдай
аласыз. Шаңорғыштың үш жұмыс істеу режимі бар:
қуаты төмендеңгейде болғандағы жұмыс уақыты
шамамен 35 минутты құрайды.
шаңсорғыш қуаты максималдық деңгейде жұмыс
істеген кезде аккумуляторлық батареяның (11)
қуаты шамамен 20 минут үздіксіз жұмыс жасауға
жетеді.
•
Шаңсорғыштың жұмысы барысындағы индикатор (3)
бөліністерінің саны аккумулятор батареясының заряд
деңгейін көрсетеді:
1 бөлігі 25%-ға дейін;
2 бөлігі 50%-ға дейін;
3 бөлігі 75%-ға дейін;
4 бөлігі 100%-ға дейін;
•
Шаңсорғышты тасымалдау үшін тұтқаны (12)
қолданыңыз.
ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ КҮТІМ
Назар аударыңыз! Шаңжинағыш-контейнердің (9),
торлы сүзгінің (14) және НЕРА-сүзгінің (15) тазалығына
жіті назар аударыңыз, себебі шаңсорғыш жұмысының
тиімділігі осыған байланысты.
Шаңсорғышты әрбір пайдаланғаннан кейін шаңжинағыш-
контейнерінен (9) шаң мен қоқысты шығарып тастаңыз,
контейнерді (9), торлы сүзгіні (14) және НЕРА-сүзгіні (15)
мезгілімен тазалап отырыңыз.
Шаңжинағыш-контейнерді (9) тазалау
•
Шаңжинағыш-контейнер бекітпесінің батырмасын (8)
басыңыз және шаңжинағыш-контейнерді (9) шешіп
алыңз (сур. 6). Жоғарғы қақпақты шешіп алыңыз (сур. 7
және 8). Сүзгіні (15) және торлы сүзгіні (14) таза
суда жуыңыз (сур. 9). Сүзгіні (14 және 15) ауада
құрғатыңыз (сур. 10). Олар кепкеннен кейін, жинап
алыңыз (сур. 11). Сүзгілерді (14 және 15) шаңжинағыш-
контейнерге (9) (сур. 12) қайта орнатыңыз және оны
сағат тілі бағытымен қайта бұраңыз (сур. 13).
Ескертпе:
Аспаптың барлық шешілмелі бөлшектерін кептіру
үшін қыздырғыш аспаптарды, сонымен қатар фенді
пайдалануға тыйым салынады.
Шаңжинағыш-контейнерді (9) жинау және орнына
орнату алдында барлық шешілмелі бөлшектердің
таза және құрғақ екендігіне көз жеткізіңіз.
Моторландырылған LED-жарығы (7) бар
турбо-қылшақты тазалау
Қылшақтың (7) тазалығын қадағалаңыз, ластанғанына
қарай қылшақты (7) бөлшектеңіз және түгі бар білікшені
тазалаңыз.
•
Қылшақты (7) ұзартылған түтіктен (5) бекіткіш батыр-
масына (6) басып шешіп алыңыз.
•
Айналмалы қылшақ білікшесінің бекіткішін сыртқа
жылжытыңыз.
•
Қылшағы бар білікшені шығарыңыз және білікшеге
оралған жіптер мен шаштарды алып тастаңыз.
•
Қылшақ (7) корпусының ішкі және сыртқы беттерін
шаң мен қоқыстан тазалаңыз.
LED-жарығы (7) бар моторланған
турбо-қылшақты жинау
•
Білікшенің оң жақ бөлігін корпусқа салыңыз.
•
Білікшенің сол жақ бөлігін орнына қойыңыз.
Айналмалы қылшақ білікшесі бекітпесін тірелгенге
дейін жылжытып қойыңыз.
•
Білікшенің бекігеніне көз жеткізіңіз.
Шаңсорғыш корпусын тазалау
•
Шаңсорғыш корпусын аздап дымқыл, жұмсақ
шүберекпен сүртіп, кейін құрғатып сүртіңіз.
•
Шаңсорғыш корпусын, қылшақты (7),
аккумуляторлық батареяны (11) және қуаттандыру
блогын (17) суға немесе басқадай сұйықтыққа
батыруға тыйым салынады. Сұйықтықтың
шаңсорғыш корпусы ішіне және қылшақтың (7)
ішіне түсуін болдырмаңыз.
•
Шаңсорғыш корпусы мен барлық бөлшектерді
тазалау үшін еріткіштер мен абразивтік тазалау
құралдарын пайдалануға тыйым салынады.
САҚТАУ
•
Шаңсорғышты ұзақ уақытқа сақтауға алып қойғанға
дейін, шаңсорғыш корпусын, шаңжинағыш-
контейнерді (9) және қылшақты (7) тазалаңыз.
•
Шаңсорғышты ұзақ сақтау немесе пайдаға асыру
алдында аккумуляторлық батареяны (11) шығарып
алып тастаңыз, бекіту бұрандасын бұрап алыңыз
және аккумуляторлық батареяның бекіткішіне (11)
басыңыз.
•
Шаңсорғышты құрғақ салқын, балалардың және
мүмкіндіктері шектеулі адамдардың қолы жетпейтін
жерде сақтаңыз.
ЖЕТКІЗІЛІМ ЖИЫНТЫҒЫ
Шаңсорғыш (орнатылған
шаңжинағыш-контейнері бар) – 1 дн.
Ұзартқыш түтік – 1 дн.
Моторланған турбо-қылшақ LED-жарығымен – 1 дн.
Саңылаулық қондырма 1-де 2 – 1 дн.
Шаңсорғыштың қабырғалық ұстағышы
(4 дюбельден тұратын жиынды қоса) – 1 дн.
Қуаттау блогы – 1 дана.
Нұсқаулық – 1дн.
Кепілдік талоны – 1 дн.
ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
Шаңсорғыш
Электрқоректенуі: Li-ion аккумуляторлық
батареясы 22,2 В 2200 мАс
Номиналдық тұтыну қуаты: 135 Вт
Кіріс кернеуі: 26 В 0,5 А
Сору қуаттылығы: 10 кПа-ға дейін
Аккумуляторды зарядтау уақыты: 5 сағат
Қылшақ
Электрқоректенуі: 22,2 В
Номиналдық тұтыну қуаты: 15 Вт

Содержание

Похожие устройства