Samsung NV68R5345BB/WT [98/144] Күтім көрсету

Samsung NV68R5345BB/WT [98/144] Күтім көрсету
26Қазақ
Күтім көрсету
Күтім көрсету
Тазалау
ЕСКЕРТУ
Тазалар алдында пеш пен пештің керек-жарақтарының салқын тұрғанын тексеріп алыңыз.
Жеміргіш жуғыш құралдарды, қатты шөткелерді, түрпілі жөке немесе шүберектерді, темір жөкені,
пышақ немесе басқа да жеміргіш құралмен тазалауға болмайды.
Пештің ішкі жасақтамасы
Пештің ішін тазалау үшін, таза шүберек пен жұмсақ жуғыш затты немесе сабынды суды
қолданыңыз.
Есіктің тығыздағышын қолмен тазаламаңыз.
Пештің эмаль қаптамасын бүлдіріп алмас үшін, пешке арналған стандартты жуғыш заттарды ғана
қолданыңыз.
Қатып қалған қоқысты тазалау үшін арнайы пеш тазалағышты қолданыңыз.
Пештің сырты
Пештің есігі, тұтқасы және дисплейі тәрізді сыртқы жақтарын тазалау үшін таза шүберек пен жұмсақ
жуғыш затты немесе жылы сабынды суды пайдаланыңыз да, ас үй сүрткішімен немесе құрғақ сүлгімен
сүртіңіз.
Май мен қоқыс іштен шығатын ыстық ауаға байланысты әсіресе тұтқаның айналасына жиналуы
мүмкін. Тұтқаны пайдаланып болған сайын тазалауды ұсынамыз.
Керек-жарақтары
Керек-жарақтарды қолданып болған сайын жуып, ыдыс-аяқ сүлгісімен құрғатыңыз. Қатып қалған
қоқысты тазалау үшін пайдаланылған керек-жарақтарды жуу алдында жылы суға шамамен 30 минут
жібітіңіз.
Смарт пісіру
Тағам түрі Салмағы/кг Жабдықтары Сөре деңгейі
24 Үй пиццасы 1. 0,2-0,6
2. 0,8-1,2
Пісіру науасы 2
Ұсыныс
Бірінші параметр пицца тісбасарларын (7-9 дана) дайындауға
лайықты. 2-ші параметр бір дөңгелек немесе науа пішімді пицца
дайындауға лайық. Салмағы оның толтырмасына қарай, мысалы
соус, көкөністер, ветчина және ірімшіктің салмағына қарай
анықталады. Егер өте қытырлақ болып піскенін қаласаңыз, пешті
астыңғы қызу мен конвекция режимін пайдаланып, 5 мин алдын ала
қыздыруды ұсынамыз.
25 Ашыған қамырды
көтеру
1. 0,2-0,4
(пицца наны)
2. 0,4-0,6
(ашытқылы қамыр)
3. 0,6-0,8
(нанның қамыры)
Тор сөре 2
0,2-0,4 кг параметрі пицца, торт немесе алдын ала көтерілген нанның
қамырын дайындауға арналған. Үлкен дөңгелек ыдысқа салып,
таспамен жабыңыз.
0,4-0,6 кг параметрі ашыған қамыр немесе қышқыл қамыр тәрізді
нанның қамырын дайындауға арналған. 0,6-0,8 кг параметрі қамырды
көтеруге арналған. Қамырды қолмен илеп, пісіру ыдысына салыңыз
да, бетін таспамен жабыңыз.
NV68R5345CB_WT_DG68-00542C-02_KK.indd 26NV68R5345CB_WT_DG68-00542C-02_KK.indd 26 2021-12-09 오후 3:50:282021-12-09 오후 3:50:28

Содержание

Похожие устройства

Скачать