KRAFT Technology TCH-HD8586SW [62/76] Пайдалану жөніндегі нұсқаулық

KRAFT Technology TCH-HD8586SW [62/76] Пайдалану жөніндегі нұсқаулық
62
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
АВТОМАТТЫ КІР ЖУҒЫШ МАШИНА
ҚОСЫМША ФУНКЦИЯЛАР
«Уақыт» функциясы.
Бұл функция жуу уақытын матаның ластану дәрежесіне қарай өзгертуге
мүмкіндік береді.
«Таймер» функциясы
Осы функцияны қолдана отырып, жуудың аяқталатын уақытын белгілеуге
(бағдарламаның орындалуын цикл аяқталған уақытқа кейінге қалдыруға) болады.
Таймер бір сағаттық қадаммен жұмыс істейді, максималды мәні – 24 сағат.
Қажетті жуу бағдарламасын таңдағаннан кейін және «Бастау/Кідірту» (Старт/Па-
уза) батырмасын баспас бұрын, «8h» (8 сағат) сияқты қажетті уақыт көрсетілгенше
«Таймер» батырмасын басып тұрыңыз.
«K-СМАРТ» функциясы.
Бұл функция кірдің салмағын анықтайды және зияткерлік жууды жүзеге асыру
үшін әртүрлі жуу уақыты мен температурасын үйлестіре алады.
«K-СМАРТ» жуу функциясын үш тәсілмен қосуға болады:
Кір жуатын машина өшіп тұрған кезде «К-Смарт» батырмасын кемінде 3 секунд басып
тұрыңыз: кір жуатын машина «К-Смарт» жуу режимін бірден іске қосады, бұл ретте
дисплейде тиісті индикатор жанады.
Кір жуатын машина қосулы тұрған кезде «К-Смарт» батырмасын кемінде 3 секунд
басып тұрыңыз: кір жуатын машина «К-Смарт» жуу режимін тікелей іске қосады, бұл
ретте дисплейде тиісті индикатор жанады.
Кір жуатын машина қосулы тұрған кезде «К-Смарт» батырмасын қысқа уақытқа
басыңыз, дисплейде тиісті индикатор жанады, содан кейін («Бастау/Кідірту» (Старт/
Пауза) батырмасын басыңыз, сол кезде кір жуатын машина «К-Смарт» жуу режимін
іске қосады.
«Киімді қосып салу» функциясы.
Бағдарлама іске қосылған кезде, машинаның жұмысын кідірту үшін «Бастау/
Кідірту» тарт/Пауза) батырмасын басып тұрыңыз. Егер «Есікті бұғаттау» индикато-
ры сөніп қалса, есік ашық болуы мүмкін, сол кезде кір киімдерді қосуға немесе алып
тастауға болады. Осыдан кейін есікті жауып, «Бастау/Кідірту» батырмасын қайта ба-
сып, ұстап тұрыңыз, машина жұмысын тоқтатылған жерден бастап жалғастырады.
«Автотеңгерім» функциясы.
Аспапта біркелкі емес жүктемені анықтайтын автоматты жүйе бар. Егер кір киім
жуу кезінде біркелкі бөлінбеген болса, аспап сығар алдында кірді біркелкі тарата-
ды. Егер кір жуатын машина белгіленген уақытта кірді біркелкі тарата алмаса, қатты
дірілдің алдын алу үшін жұмыс уақытша тоқтатылады. Жұмысты жалғастыру үшін
киімдердің бір-біріне бұралып қалмағанын тексеру керек, егер бұралып қалған бол-
са, қолмен тарқату қажет. Осыдан кейін «Сығу» бағдарламасын іске қосыңыз.
Джинсы, свитер, ванна сүлгілері және т.б. осындай аздаған мөлшердегі киімді
жуу кезінде машина автотеңгерімнің болмауына байланысты сығу процесін аяқтай

Содержание

Похожие устройства