KRAFT Technology TCH-HD8586SW [64/76] Пайдалану жөніндегі нұсқаулық

KRAFT Technology TCH-HD8586SW [64/76] Пайдалану жөніндегі нұсқаулық
64
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
АВТОМАТТЫ КІР ЖУҒЫШ МАШИНА
ЖУҒЫШ ҚҰРАЛДАРҒА АРНАЛҒАН КОНТЕЙНЕРДІ ТАЗАЛАУ
1. Жуғыш зат контейнерін толығымен ашыңыз. «Суырмалы жәшік» бекіткішін (1) басып,
түптабанын (2) аспап корпусынан тартып шығарыңыз.
2. Сұйық жуғыш заттың қақпағын (3) ұстап, жоғары қарай көтеріп, шешіп алыңыз.
3. Сұйық жуғыш заттың қақпағын және жуғыш зат контейнерін ағып тұрған судың асты-
на ұстаңыз. Жуғыш заттың қалдықтарын сүртіңіз.
4. Сұйық жуғыш заттың қақпағын қайта кигізіп, жуғыш зат контейнерін ысырып, орны-
на қойыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Суырылып алынбаған жуғыш құрал контейнерін
сумен жууға болмайды. Кір жуатын машинаны іске қоспас бұрын, жуғыш
зат контейнерінің дұрыс жабылғанына көз жеткізіңіз.
СУ АҒЫЗАТЫН СҮЗГІНІ ТАЗАРТУ
Су ағызу және су құю сүзгілерін тазалауды әр 6 ай сайын жүргізу керек:
1 Сүзгі қақпағын ашыңыз.
2. Сүзгіні бұрап алыңыз, қалған суды төгіп тастаңыз, су төгетін сорғының сүзгісіндегі
барлық бөгде заттарды алып тастаңыз.
3. Сүзгіні қайта орнатыңыз.
СУ БЕРУ СҮЗГІЛЕРІН ТАЗАЛАУ
Дисплейде «Сығу» индикаторы жануы үшін «Бағдарлама» батырмасын, содан кейін
сығу жылдамдығын цифрлық дисплейде көрсетілген « — » күйіне орнату үшін «Сығу»
батырмасын, содан кейін «Бастау/кідірту» (Старт/Пауза) батырмасын басыңыз. Сорғы
барабандағы суды ағызып болғанша бірнеше секунд күтіңіз.
Су келмеуі үшін және оны қайта ағызып жатпау үшін шүмекті жабыңыз. Аспапты
өшіріңіз. Қоректендіру ашасын ажыратыңыз.
Су ағызатын сүзгі қақпағын ашыңыз.
1 2
3 4

Содержание

Похожие устройства