KRAFT Technology TCH-HD8586SW [63/76] Тазалау және қызмет көрсету

KRAFT Technology TCH-HD8586SW [63/76] Тазалау және қызмет көрсету
63
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
АВТОМАТТЫ КІР ЖУҒЫШ МАШИНА
алмауы мүмкін. Бұған жол бермеу үшін ірі және шағын киімдерді мүмкіндігінше бірге
жиі жуып, біркелкі тарату процесін жеңілдетіп, сығу процесінің дұрыс аяқталуына
мүмкіндік беру қажет.
Қорғау
Сығу кезінде киім барабан ішінде дұрыс таралмауы мүмкін. Машина сығу кезінде
киімді автоматты түрде қайта бөлу функциясымен жабдықталған, содан кейін сығу
бағдарламасы жалғастырылады.
Егер киімді қайта бөлудің (сілкілеудің) автоматты функциясын орындалғаннан кейін
киім қажетті түрде таралмаса, онда кір жуғыш машинаның дірілінің артуына жол бер-
меу үшін сығу жылдамдығы төмендетіледі.
Машинаға салынған кір киім көлемі тым аз болған жағдайда (1 кг-нан аз), сығу режимі
автоматты түрде күшін жоюы мүмкін. Киім саны аз мөлшеріне болуына байланысты
жоғары жылдамдықпен сығу шамадан тыс діріл тудыруы және машинаның сынуына
әкелуі мүмкін.
Кірді қайта бөлу (сілкілеу) қажеттілігі жуу бағдарламасын орындау ды ұзарта түседі.
Aquastop функциясы.
Aquastop функциясы ішкі негіздегі судың ағып кетуін анықтайды, жұмысын
тоқтатады және барабан арқылы асып кетпеуі және кір жуғыш машинадан төгілмеуі
үшін суды автоматты түрде сорып шығарады.
ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Кір жуатын машинаның және есік тығыздағышының тазалығын қадағалаңыз.
Жуар алдында оны электр желісінен ажыратыңыз!
1. Кір жуатын машинаның корпусының сыртын сұйық жуғыш құрал араластырылған
жылы суға батырылған таза шүберекпен сүртуге болады. Сосын құрғақ сүлгімен
әбден құрғату қажет.
2. Машинаның бетін сызып тастауы мүмкін өткір металл қырғыштарды, жебір және
абразивті тазартқыш құралдарды пайдаланбаңыз.
3. Жоғары қысымды тазартқышты немесе бу ағынын пайдаланбаңыз, өйткені ішіне өтіп
кеткен ылғал электр тогына соғылуға әкелуі мүмкін.
4. Тазалап болғаннан кейін электрмен қуаттандыру бауы бүлінбегенін тексеріңіз. Со-
дан кейін ашаны розеткаға қыстырыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Абразивті заттарды, бензинді, бензолды, еріт-
кішті, хлоргидратты, ыстық суды, металл немесе тұрпайы щетканы және
т.б. пайдалануға тыйым салынады, өйткені олар кір жуатын машинаның
бетін бүлдіруі мүмкін.
БАРАБАНДЫ ТАЗАРТУ
1. Барабанды кептіру үшін кір жуатын машинаның есігін ашыңыз.
2. Егер барабанда тот пайда болса, оны құрамында хлоры жоқ құралмен уақтылы алып
тастаңыз.

Содержание

Похожие устройства