First 5257-3 [18/18] Қазақ

First FA-5257-3 [18/18] Қазақ
34
ҚАЗАҚ
ПАЙДАЛАНУ ӘДІСІ
B-сурет
Маңызды: Миксерді құрастырмас бұрын,
қуат сымының розеткадан суырылғанына, ал
жылдамдық таңдағыштың «0» позициясына
қойылғанына көз жеткізіңіз.
1. Не жасайтыныңызға байланысты сәйкес
қосымшаны таңдап, миксердің төменгі
жағындағы тиісті саңылауға кірістіріңіз.
Ескертпе: Піспектерді/илегіш ілгектерді
тегершігімен 1-суреттегідей ойылған тегершікті
саңылауға кірістіргеніңізге көз жеткізіңіз.
2. Егер тұғырды қолданғыңыз келсе, оған
миксерді бекітіңіз.
• Ұстағыш ⑦ ілмектерін миксердің төменгі
жағындағы тесіктермен сәйкестіріңіз.
Миксерді абайлап төмен басып, құлыптау
механизміне бекітіңіз.
• Миксерді тұғырдан алу үшін, «құлыптау
түймесін» ⑧ басып тұрып, миксерді
2-суретте көрсетілгендей артқы жағынан
жоғары қарай тартыңыз.
• «Көлбеулеу түймесін» ⑨ басып, одан соң
миксерді 3-суретте көрсетілгендей артқа
қарай тарту арқылы шалқайтуға болады.
• Жетекті тостаған қолыңызды босатып,
автоматты түрде айналады.
3. Ингредиенттерді тостағанға салыңыз.
4. Штепсельді желілік қуат көзіне қосыңыз.
5. Піспекті не илегіш ілгектерді
ингредиенттерге басып төмендетіңіз.
6. «Жылдамдық таңдағышпен» ② қажетті
жылдамдықты таңдап, миксерді қосыңыз.
Турбо жылдамдық: Ашыған қамырды
илегендегідей күрделірек жұмыс
барысында жылдам араластыру үшін
немесе жылдамдықты арттыру үшін
«турбо» ③ түймесін басыңыз.
7. Араластырып болған соң жылдамдық
таңдағышты «0» позициясына бұрып,
миксерді желіден ажыратыңыз.
8. Піспектерді/илегіш ілгектерді шығару үшін
«суыру түймесін» ① басыңыз.
Маңызды: Оларды тек «0» (өшірулі)
позициясында суырыңыз!
Назар аударыңыз: Миксер 10 минут үздіксіз
жұмыс істеген соң, қайта қолданбас бұрын
суытып алыңыз. Оны 10 минуттан артық
пайдаланбаңыз.
ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ
ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
1. Құрылғыны тазалар алдында желіден
ажыратып, суытып алыңыз.
2. Корпус пен тұғырды дымқыл шүберекпен,
одан кейін құрғақ жұмсақ шүберекпен
сүртіңіз.
3. Араластырғыш тостаған, піспектер мен
илегіш ілгектер толығымен тазару үшін
сабынды жылы суға малып қойыңыз.
Бұдан соң ағынды сумен шайып, құрғатып
сүртіңіз. Піспектер мен илегіш ілгектерді
ыдыс жуғыш машинада жууға болады.
Назар аударыңыз: Миксерді ешбір жағдайда
суға не басқа сұйықтықтарға малмаңыз!
ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
220-240 В • 50-60 Гц • 500 Вт
Қоршаған ортаға зиян тигізбейтін
әдіспен жою
Әрқашан қоршаған ортаны ластанудан
қорғаңыз! Жергілікті ережелерді сақтауды
ұмытпаңыз: істен шыққан электр жабдықтарды
қалдықтарды жоятын тиісті орталыққа
жеткізіңіз.
N
i
A
B
1 2 3

Содержание

Похожие устройства

Скачать