Bosch KEO 18 LI (без АКБ и ЗУ) [139/212] Іске қосу

Bosch KEO 18 LI (без АКБ и ЗУ) [139/212] Іске қосу
Қазақ | 139
Әрекет мақсаты Сурет Бет
Араның тілу дискінің бекітіліп
орнатылуын тексеру
E
206
Аккумуляторды орнату/шығарып
алу
F
206
Қосу/өшіру/Жүріс санын басқару
GH
207
Пайдалану бойынша нұсқаулар
IJ
208 − 209
Техникалық жұмыстарды өткізу
және тазалау
K
209
Керек-жарақтарды таңдау
L
210
Іске қосу
u Аккумуляторды электр құралмен кез келген
жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету,
т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр құралды
тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз.
Қосқыш/өшіргішке кездейсоқ тию жарақаттану қаупін
тудырады.
Аккумуляторды енгізу/шығару (F суретін
қараңыз)
Нұсқау: Аккумуляторды лайықсыз түрде қолдану
құралдың дұрыс істемей қалуына немесе құралдың
бұзылып қалуына апара алады.
Қуаттандырылған аккумуляторды (9) енгізіңіз.
Аккумулятордың толығымен енгізіліп қойылғанын
тексеріңіз.
Аккумуляторды (9) құралдан шығарып алу үшін,
аккумуляторды бұғаттан шығару түймешігін (12) басып,
аккумуляторды шығарып алыңыз.
Аккумулятордың зарядталу күйі индикаторы
Аккумулятордың қуаттандырылу күйін көрсеткіші (5)
электр құрал қосылу қалпында болғанда жеткілікті
акккумуляторлық көлемін немесе шамадан тыс жүктеліп
кеткенін көрсетеді.
Жарықдиодтық шамы Қуаты
Үздіксіз жарық 3 x жасыл ≥ 75%
Үздіксіз жарық 2 x жасыл 40 – 75%
Үздіксіз жарық 1 x жасыл 15 – 40%
баяу жыпылықтау 1 x жасыл 0 – 15%
Пайдалану
Қосу/өшіру (G суретін қараңыз)
Алдымен Қосқышты/өшіргішті құрсаулау түймешігін
басып (7) , одан кейін Қосқыш/өшіргішті басыңыз (6).
Қосқышты/өшіргішті құрсаулау түймешігін (7) электр
құралы іске қосылып, қолданылып жатқанда басып
босатуыңызға болады. Қосқышты/өшіргішті құрсаулау
түймешігі (7) электр құрал тоқтатылған сәтте қайта сарт
етіп бекітіледі.
Пайдалану бойынша нұсқаулар
u Әрқашан қауіпсіздік бойынша нұсқауларды
ұстанып жүріңіз.
Аралау дискісін таңдау
Тек қана өңделетін материалға сай болатын тілу
дискілерін пайдаланыңыз.
Қолдану үшін лайықты болатын деп ұсынылатын тілу
дискілерінің тізімі осы қолдану бойынша нұсқаулығының
соңында берілген. Тек қана лайықты болады деп
ұсынылған тілу дискілерін қолданыңыз.
Енсіз кесіктер жасау үшін жіңішке тілу дискілерін
пайдаланыңыз.
Шаңды және жоңқаларды сору
Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және
металлдар бар кейбір материалдардың шаңы
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат
ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен
(хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып
есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандармен
өңделуі керек.
Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
u Жұмыс орнында шаңның жиналмауын
қадағалаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Қателерді белгілеу
Қылышты ара
Bosch Power Tools F 016 L94 166 | (15.12.2021)

Содержание

Похожие устройства

Скачать