Bosch KEO 18 LI (без АКБ и ЗУ) [140/212] Техникалық күтім және қызмет көрсету

Bosch KEO 18 LI (без АКБ и ЗУ) [140/212] Техникалық күтім және қызмет көрсету
140 | Қазақ
Симптомдар Мүмкін болған себептер Көмек
Электр құрал істемей
түр
Аккумулятор қуатсызданып қалған Аккумуляторды қуаттандырып алыңыз,
“Қуаттандыру бойынша нұсқаулар” тарауын
оқыңыз
Электр құрал ақаулы Техникалық қызмет көрсету орталығымен
хабарласыңыз
Бақ электр бұйымының ішкі кабель жүйесі
бұзылған
Техникалық қызмет көрсету орталығымен
хабарласыңыз
Электр құралы
үзілістермен істеп тұр
Қосу/өшіру түймешігі бұзылған Техникалық қызмет көрсету орталығымен
хабарласыңыз
Қатты вибрациялар/
шуылдар
Электр құрал ақаулы Техникалық қызмет көрсету орталығымен
хабарласыңыз
Аккумулятордың бір
рет толық
қуаттандырылу
көлемі арамен тіліп
кесу уақыты үшін
жеткіліксіз
Араның тілу дискінің тазалануы қажет Электр құралын жерге қарайтындай қылып
ұстап тұрып, арамен кесуді бастаңыз
Араның тілу дискі тозған Араның тілу дискін ауыстырыңыз
Арамен кесу әдісі нашар “Пайдалану бойынша нұсқаулар” тарауын
қараңыз
Аккумулятор толығымен тоқпен
қуаттандырылмаған
Аккумуляторды қуаттандырып алыңыз,
“Қуаттандыру бойынша нұсқаулар” тарауын
оқыңыз
Араның кесу дискі
жан-жаққа жылжи
береді
Аккумулятор толығымен қуатсыздандырылып
қалуға жақын
Аккумуляторды қуаттандырып алыңыз,
“Қуаттандыру бойынша нұсқаулар” тарауын
оқыңыз
Жұмыс барысында шамадан тыс жүктелуінің
пайда болуы
Электр құралдың бұтаққа қарай баспақтау
күшін төмендетіңіз
Техникалық күтім және қызмет
көрсету
Күту, тазалау және сақтау
u Әрқашан қауіпсіздік бойынша нұсқауларды
ұстанып жүріңіз.
Құралда кесілген материал жиналып қалып, құрал
жылжуына жағымсыз әсер ете бастағанда электр құралды
және кесілген өнімдерін жинауышын үнемі тазалап
жүріңіз.
Араның тілу дискін ұстағыш құралын сығылған ауамен
немесе жұмсақ қылшақпен тазалаңыз. Ол үшін алдымен
араның тілу дискін электр құралдан шығарып алыңыз.
Араның тілу дискін ұстағыш құралын лайықты майлау
материалдарымен жұмысқа лайықты бола алатындай
күйде сақтаңыз.
Электр құралының ластануы ақаулар тудыруы мүмкін.
Бұл себептен аса көп шаң шығара алатын материалдарды
төменінен немесе бастан жоғарырақ болған қалыпта тіліп
кеспеңіз.
Электр құралын қауіпсіз, құрғақ және балалар қолдары
жете алмайтын жерде сақтаңыз.
Электр құралдың үстінен ешбір басқа заттарды
қоймаңыз.
Аккумуляторды күту
Аккумулятордың оңтайлы түрде қолдануын қамтамасыз
ету үшін төмендегі нұсқаулар мен шараларды ұстанып
жүріңіз:
Аккумуляторды сұйықтықтардан және ылғалдықтан
қорғап жүріңіз.
Бақ электр бұйымын температура аумағы -20 °C және
50 °C аралығында болған жерлерде ғана сақтаңыз. Бақ
электр бұйымын, мысалы, жазда көлікте
қалдырмаңыз.
Аккумуляторды бақ электр бұйымнан шығарып алып,
бақ электр бұйымнан бөлек сақтаңыз.
Тікелей күн сәулелері түсе алатын жағдайларда
аккумуляторды бақ электр бұйым ішінде
қалдырмаңыз.
Аккумуляторды сақтау үшін ең оңтайлы температура
деңгейі болып 5°C саналады.
Аккумулятордың желдету саңылауларын жұмсақ, таза
және құрғақ қылшақпен анда-санда мұқият тазалап
жүріңіз.
Қуаттандырылғанынан кейін жұмыс циклдарының
айтарлықтай қысқарып қалуы аккумулятордың тозып
қалғанын және оны ауыстыру керектігін білдіреді.
Өнімдерді олардың сақтығын қамтамасыз ететін,
өнімдерге атмосфералық жауын-шашынның тиюіне және
асқын температура көздерінің (температураның шұғыл
өзгерісінің), соның ішінде күн сәулелерінің әсер етуіне
F 016 L94 166 | (15.12.2021) Bosch Power Tools

Содержание

Похожие устройства

Скачать