Vitek VT-8700 [27/56] Қазақша

Vitek VT-8700 [27/56] Қазақша
27
ҚАЗАҚША
ТАЗАЛАУ/ЖУУ
1. Түпқойманың металл торына (10) сәйкес
келетін тостағанды орнатып, кофе беретін
блоктың (8) биіктігін реттеңіз (6-сур.).
2. Үдерісті бастау үшін «Жуу» « » түймесін ба-
сып, оны үш қысқа дыбыстық дабыл берілгенге
дейін 3 секундтан астам уақыт ұстап тұрыңыз
(10-сур.). Кофемашина шамамен 45 мл су
қолданады және жуу аяқталғаннан кейін оны ав-
томатты түрде өшіреді. Жүйені жуу процесінде
басқару панелінің дисплейінде «clean» белгілері
беріледі және кофе беру блогының көмескі
жарығы қосылады. Жүйенің жууы аяқталғаннан
кейін кофемашина күту тәртібіне көшеді.
ФУНКЦИОНАЛДЫҚ МҮМКІНДІКТЕРІ
Тостағандарды алдын-ала қыздыру
Әзірленген сусындардың дәмдік және хош
иісті қасиеттерін сақтау үшін тостағандарды
толтырардың алдында қыздыруға кеңес беріледі.
Ол үшін кофемашинаның жоғарғы жағында
тостағандарды қыздыруға арналған арнайы алаң
(6) орналасқан.
Кофені үгіту дәрежесін реттеу
Сапалы кофе сусынын дайындау үшін үгіту
дәрежесін өзіңіз қолданатын кофе дәндерінің
қуыру дәрежесіне сәйкес реттеу керек (қуырудың
орташа дәрежесі бар кофе дәндерін пайдалануға
кеңес беріледі).
Кофе үгіткіштің үгіту дәрежесін реттегіш кофе
дәнін үгітудің 5 бекітілген дәрежесін орнатуға
мүмкіндік береді, бұл жерде 1 үгітудің
минималдық дәрежесі (ұсақ үгіту), 5 үгітудің
максималдық дәрежесі (ірі үгіту). Үгіту дәрежесін
реттегіштің тұтқасы (4) кофе дәніне арналған
контейнердің (5) ішінде орналасқан (2-сур.).
Кофе дәніне арналған контейнердің қақпағын
(3) ашып, бірінші үгітуге дейін үгіту дәрежесін
реттегіштің тұтқасын (4) 3 күйге орнатыңыз
(2-сур.). Кофе дайындауды бастау үшін (7-сур.)
«Эспрессо» « » батырмасын басыңыз және
сусынның дайындалғанын күтіңіз. Дайын болған
сусынның сапасына баға беріңіз.
Егер кофе тым ащы және кофе беру блогынан (8)
аққан кофенің ағысы жай (қиын ағатын) болса, онда
үгіту дәрежесін көтеріңіз, үгіту дәрежесін реттегіштің
тұтқасын (4) 4 күйге орнатыңыз. «Эспрессо» батыр-
масын басып, сусынның дайындалғанын күтіңіз.
Реттеудің өзгергенінің нәтижесін 2-3 тостаған
кофе дайындағаннан кейін ғана бағалай аласыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Кофемашинаны пайда-
лану кезінде кофені үгіту дәрежесін реттеуді
тек қана жұмыс істеп тұрған кофе үгіткіште
жасау керек. Осы талаптың сақталмауы оның
бұзылуына әкелуі мүмкін.
Кофені үгіту дәрежесі оны қуыру дәрежесіне
тікелей байланысты. Қатты қуырылған кофе
үшін ірі үгітуді, ал аздап қуырылған кофе үшін
одан ұсақ үгітуді пайдалану керек.
Егер кофе дайындаған кезде кофе беру бло-
гынан (8) аққан кофенің ағысы тым ақырын
(үгіту тым ұсақ, ал кофенің дәмі қатты ащы)
болса, онда кофе үгіткішті одан ірірек тарту-
ды баптау үшін үгіту дәріжесін реттегіштің
тұтқасын (4) сағат тілі бойынша келесі күйге
ақырындап бұраңыз.
Егер кофе дайындаған кезде кофенің ағысы
өте жылдам және түсі ашық (үгіту тым ірі, ал
кофенің дәмі тым өте құнарсыз) болса, онда
кофе үгіткішті одан ұзақ үгітуді баптау үшін
үгіту дәрежесін реттегіштің тұтқасын (4) сағат
тіліне қарсы, ақырындап бұраңыз.
Ескертпе: Кофе дәнене арналған контей-
нерге тым көп кофе дәнін немесе өте ұзын
кофе дәнін салуға болмайды: өте ұзын дән
кофенің сапасын нашарлатады, тым көп
кофе дәні ылғалданады (әсіресе, ылғалды ауа-
райы кезінде), ол кофе үгіткіштің жұмысына
әсер етеді, үгітілген кофе кофеүгіткіштен
шықпайды, кофе демделмейді немесе кофе өте
құнарсыз болады.
ХАБАРЛАМАЛАР МЕН ЕСКЕРТУЛЕР
Кофемашина жұмыс істеген уақытта басқару
панелінде (7) келесі ақапараттық белгілер
(11-сур.) пайда болуы мүмкін.
1. Кофе дәнінің жоқ болуы. « » белгісі жанған
кезде, бұл кофе үгіткіште дәннің жеткіліксіз
екендігін білдіреді. Кофе дәнін қосу керек!
2. Қос тостаған. « » белгісі жанған кезде бұл
қос тостаған қосулы екендігін білдіреді. Таңдалған
сусын екі рет әзірленеді (егер жасалып жатқан
сусынға кофе дәні жеткіліксіз болса, онда
2 тостаған кофені дайындау тоқтатылады).
3. Есік ашық. « » белгісі жанса, ол оң жақ
есіктің ашық екендігін білдіреді, оң жақ есікті тек-
серу керек.
4. Су жетпейді. « » белгісі жанған кезде ол
суға арналған ыдыста судың жеткіліксіз екендігін
білдіреді, ішінде судың жеткілікті екендігін тексе-
ру керек.
5. Демдейтін блоктың болмауы. « »
белгісі жанған кезде бұл демдейтін блоктың
орнатылмағандығын немесе дұрыс емес
орнатылғанын білдіреді.

Содержание

Похожие устройства