Vitek VT-8700 [28/56] Қазақша

Vitek VT-8700 [28/56] Қазақша
28
ҚАЗАҚША
6. Кофе қоюына арналған контейнер
« » белгісі жанған кезде:
1) кофе қоюына арналған контейнердің
орнатылмағандығын немесе дұрыс емес
орнатылғанын білдіреді,
2) кофе қоюына арналған контейнердің тола
екендігін және оны тазалау керектігін
көрсетеді. (Әдепті қалпы бойынша жүйе
кофе қоюына арналған контейнерді әрбір
8 тостаған кофе сайын бір рет тазалауды
ұсынады.)
7. Қақты тазалау. « » белгісі жанған кезде
бұл кофемашинаның су беретін жүйесіндегі қақты
тазалау керектігін білдіреді.
8. Жүйеде судың жетіспейтіндігі тура-
лы ескерту. Басқару панелінің дисплейінде
« » тікбұрыш белгісі жанған кезде бұл
кофемашинаның су беретін ішкі жүйесі арқылы
судың өтпей тұрғанын білдіреді. Суға арналған
ыдыстың ішінде су бар екендігіне және суға
арналған ыдыстың дұрыс орнатылғандығына
көз жеткізіңіз, су беретін сорғышты қайта қосу,
су беретін жүйедегі ауа кептелісін кетіру үшін
«Мәзір» « » батырмасын басыңыз.
МӘЗІР ЖӘНЕ БАПТАУЛАР
Дайындау баптауын өзгерту
Баптау мәзіріне кіру үшін (13-сур.) күту тәртібінде
«Мәзір» « » батырмасын басып, 3 секунд
ұстап тұрыңыз (12-сур.).
Ескертпе: Егер сіз 15 секунд ішінде
басқару панеліндегі (7) бірде-бір батырманы
баспасаңыз, онда екі қысқа дыбыстық дабыл
беріледі және кофемашина қайтадан күту
тәртібіне оралады.
«Мәзір» « » батырмасын дәйекті түрде ба-
сып, сіз сусын дайындау параметрлерін, кофенің
температурасын, кофемашинаның автоматты
түрде өшетін уақытының интерфейсіне кіріп, су-
сын дайындау параметрлерін зауыттық баптауға
қайтарады, кальцисіздендіру тәртібін белсендіре.
1. «Эспрессо» және «Американо» дайындау
параметрлерін баптау
A. Баптау мәзіріне кіргеннен кейін басқару
панелінде (7) «Эспрессо» « » және «Эспрес-
со» « » бастырмалары жанып-өше ба-
стайды (13-сур.), сіз кез-келген батырманы ба-
сып, өз талғамыңызға сәйкес сусын дайындау
параметрлерін өзгерте аласыз.
B. Мысалы, эспрессо үгітілген кофесінің мөлшерін
реттеу интерфейсіне кіріп, баптау мәзірінде
«Эспрессо» « » батырмасын басыңыз, бұл
жерде басқару панелінің дисплейінде әдепкі
қалып бойынша белгіленген үгітілген кофенің
мөлшері беріледі (14-сур.). Үгітілген кофенің
мөлшерін көбейту немесе азайту үшін «+» неме-
се «-» батырмасын басыңыз, растау үшін «Мәзір»
« » батырмасын басып, демделетін кофенің
көлемін реттеу интерфейсіне көшіңіз. Демделетін
кофенің мөлшерін көбейту немесе азайту үшін
«+» немесе «-» батырмасын басыңыз, растау
және баптау мәзіріне қайту үшін «Меню» « »
батырмасын, алдыңғы интерфейске қайту үшін
«ОК» « » батырмасын басыңыз.
C. Мысалы, американо үгітілген кофесінің мөлшерін
реттеу интерфейсіне кіріп, баптау мәзірінде «Аме-
рикано» « » батырмасын басыңыз, бұл жерде
басқару панелінің (7) дисплейінде әдепкі қалып
бойынша белгіленген үгітілген кофенің мөлшері
беріледі (14-сур.). Үгітілген кофенің мөлшерін
көбейту немесе азайту үшін «+» немесе «-» ба-
тырмасын басыңыз, растау үшін «Мәзір» « »
батырмасын басып, демделетін кофенің көлемін
реттеу интерфейсіне көшіңіз. Демделетін кофенің
мөлшерін көбейту немесе азайту үшін «+» неме-
се «-» батырмасын басыңыз, растау үшін «Мәзір»
« » батырмасын басып, ыстық судың көлемін
реттейтін интерфейске көшіңіз. Ыстық судың
мөлшерін көбейту немесе азайту үшін «+» неме-
се «-» батырмасын басыңыз, растау және бап-
тау мәзіріне қайту үшін «Мәзір» « » батыр-
масын, алдыңғы интерфейске қайту үшін «ОК»
« » батырмасын басыңыз.
D. Эспрессо немесе американо бастауын аяқта-
ғаннан кейін келесі қадамға көшу үшін «Мәзір»
« » батырмасын басыңыз немесе күту тәртібіне
қайту үшін батырманы 7 рет үздіксіз басыңыз.
2. Температураны баптау
Баптау мәзіріне (13-сур.) қайтқаннан кейін «Мәзір»
« » батырмасын басыңыз және температура-
ны реттеу интерфейсіне көшіңіз (15-сур.). Кофенің
температурасын көбейту немесе азайту үшін «+» не-
месе «-» батырмасын басыңыз. Растау үшін «Мәзір»
« » батырмасын басып, келесі қадамға көшіңіз.
3. Автоматты түрде өшу уақытын баптау
Баптау мәзіріне (13-сур.) қайтқаннан кейін «Мәзір»
« » батырмасын 2 рет басыңыз және уақыттың
өшуін баптау интерфейсіне көшіңіз (16-сур.). Ав-
томатты түрде өшетін уақытты таңдау үшін «+»
немесе «-» батырмасын басыңыз, ол 0,5 сағатқа,
1 сағатқа, 2 сағатқа... 24 сағатқа белгіленуі мүмкін.
Растау үшін «Мәзір» « » батырмасын басып,
келесі қадамға көшіңіз.

Содержание

Похожие устройства