Centek CT-1959 Инструкция по эксплуатации онлайн [18/52] 810071

Centek CT-1959 Инструкция по эксплуатации онлайн [18/52] 810071
17
КІР ЖУАР АЛДЫНДА
MAX MAX
1. Электр желісіне қосыңыз.
2. Құю шлангысымен байланысқан шүмекті ашыңыз.
3. Жуатын киімдерді салыңыз.
4. Есігін мұқият жабыңыз.
5. Кір жуғыш құралды қосыңыз.
КІР ЖУУ
1. Айналмалы ажыратқыштың көмегімен қажетті кір жуу бағдарламасын
таңдаңыз.
2. Сіздің қалаған кезде кір жуу температурасын және сығу жылдамдығын
түзетуге мүмкіндігіңіз бар. Бұл ретте машинаға жүктелген киімдер түрін жуу
бойынша нұсқауларға назар аударыңыз.
3. Қосымша режимдерді және/немесе қызметтерді таңдаңыз.
4. Кір жууды бастау үшін «Старт/Пауза» (Бастау/Кідіріс) батырмасын басыңыз.
КІРДІ ЖУҒАННАН КЕЙІН
Кір жуып болғаннан кейін дисплейде «End» сөзі шығады. Есіктердің бұғаттан
ажыратылуын күтіңіз (сәйкес индикатор өшеді), оны ашыңыз және киімдерді
алыңыз.
Машинаны өшіріңіз. Су беру шүмегін жабыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: қалған ылғал машинадан бу күйінде шығып кетуі үшін есігін ашық
қалдыру ұсынылады.
5.1. КИІМДІ ЖУУҒА ДАЙЫНДАУ
Кір жуудың тиімді нәтижесіне қол жеткізу үшін, киімді сұрыптаңыз, содан кейін
оны күтім жасау нұсқаулығы көрсетілген биркасындағы белгілерге сәйкес
дайындаңыз.
СҰРЫПТАУ (сур. 2)
Кір жуудың жоғары тиімділігі үшін, кимідерді күтім жасау нұсқаулығына,
материалдар типіне және кір жууға ұсынылатын температураға сәйкес
сұрыптаңыз, оларды барабанның сәйкес айналу жылдамдығында жуыңыз.
Түрлі маталар түрлі температурада және айналымдарда жуылады.
Міндетті түрде қара киімдерді ашық және ақ заттардан бөлек қойыңыз.
Оларды бөлек жуыңыз, себебі бояулар мен түктердің араласуынан ақ және
түсті заттар түсін өзгертуі мүмкін. Мүмкіндігінше өте лас заттарды шамалы
ластанған заттармен бірге жумаңыз.
ЕСКЕРТПЕ:
Ластану (қатты, қарапайым, аз): заттарды ластануы бойынша сұрыптаңыз.
Қатты немесе қарапайым ластанған заттар үшін ұзағырақ және белсендірек
жууды пайдалаңыз. Электр энергиясын үнедеу үшін, аз ластанған киімді
төмен температурада жууға болады.
Түс (ақ, түсті маталар, қою түсті маталар): Ақ киімді түсті киімнен бөліп
алыңыз. Алдымен жаңа қою түсті киімді немесе түсті киімді жуыңыз.
Түк (түкті заттар, түк жинайтын заттар): түкті және түк жинайтын заттарды
бөлек жууыңыз.
Металл элементтері бар киім (мысалы, темір қалыптары бар бюстгальтерлер,
белдіктің айылбастары және металл ілгектер) машинаны бүлдіруі мүмкін.
Кір жуар алдында, металл бөлшектерді алып тастаңыз немесе киімді торлы
қапқа немесе жастық тысқа салыңыз. Сондай-ақ кроссовкалар сияқты
бұйымдар үшін торлы қапта жуу сол бұйымдардың өздерін қорғау үшін
қажет. Торлы қапта ұсақ заттарды жуу ыңғайлы (сур. 5).
КИІМДІ КҮТУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҒЫ БАР БИРКАНЫ ТЕКСЕРУ (сур. 1)
Белгілер матаның құрамын көрсету және жууға байланысты ұсынымдар үшін
пайдаланылады.
Белгі Жууға байланысты ұсынымдар / маталардың типтері
Қалыпты жуу / Мата, аралас маталар
Күнделікті / Синтетика, аралас маталар
Арнайы ұқыпты жуу / Нәзік маталар
Тек қолмен жуу / Жүн, жібек
Жууға болмайды
ЕСКЕРТПЕ: Белгілер астындағы сызықтар матаның типін және ең жоғары
рұқсат етілген механикалық жүктемені көрсетеді.

Содержание

Скачать