Centek CT-8585 Smart Инструкция по эксплуатации онлайн [15/52] 810076

Centek CT-8585 Smart Инструкция по эксплуатации онлайн [15/52] 810076
15
MEMC. Бейнеге кадрлар қосу арқылы кескінді бірқалыпты және айқын
етеді. Жақсы сапалы бейнелер үшін бұл баптауды қолдану міндетті емес
өшіруге немесе орташа жұмыс режиміне қоюға болады.
Дыбыстық баптауларды өзгерту
- Теледидардың басты экранында басыңыз және Дыбысты таңдаңыз.
- Баптауларды өзгертіңіз:
Жүйелік дыбыстар. Егер теледидарда пульт пәрмендерімен бірге (мәзір бой-
ынша ауыстырулар, мәтін енгізу және т.б.) дыбыс шыққанын қаламасаңыз,
өшіріңіз.
Дыбыс қаттылығын теңестіру. Әртүрлі теледидар арналары мен бейнелерін
ауыстырған кезде дыбыс тым қатты немесе тым жай болмауы үшін олардың
дыбыс қаттылығын орташаландырады.
Көлемді дыбыс. Теледидардың екі динамикасында да дыбыс көлемді шыға-
тындай өңдейді.
Аудио режимі. Бейненің нақты бір типіне арап дыбысты баптау. Сіз жиі
көретін нәрсеге сәйкес келетін режимді таңдаңыз мысалы, музыкалық
клиптер көру үшін Музыка режимі қолайлы.
Сандық аудио шығыс. Сандық немесе аналогтық дыбысты аудиожүйеге
ауыстыруды анықтайды. Сандық дыбысты мәжбүрлі жіберу үшін PCM
таңдаңыз, Auto —жіберілетін дыбыс типін теледидар өзі анықтау үшін,
және Өшіру егер сіз сандық дыбысты сыртқы құрылғыға шығарғыңыз
келмесе. Кейбір аудиожүйелер сандық дыбысты қабылдай алмайды. Бұн
-
дай жағдайда сандық аудио шығысты өшіріңіз немесе оны Auto режиміне
ауыстырыңыз.
Арналарды баптау
Аналогтық арналарды табу
- Антенна мен теледидарды «Антеннаны қосу» бөлімінде көрсетілгендей
жалғаңыз.
- Теледидардың басты экранында басыңыз, содан кейін Арналарды баптау
бөліміне өтіңіз және Аналогтық ТВ таңдаңыз.
- Егер сіз барлық қолжетімді арналарды қосқыңыз келсе, Арналарды ав-
томатты баптауды басыңыз. Арнаны қолмен қосу үшін Бағдарламаларды
қолмен орнатуды басып, қажетті арнаның параметрлерін енгізіңіз.
Сандық арналарды табу (антенна)
- Антенна мен теледидарды «Антеннаны қосу» бөлімінде көрсетілгендей
жалғаңыз.
- Егер телевидение операторы кері кодтайтын карта арқылы арналарға қол
жеткізуді қамтамасыз етсе, оны теледидардың артқы панеліндегі COMMON
INTERFACE слотына салыңыз.
- Теледидардың басты экранында басыңыз, содан кейін Арналарды баптау
бөліміне өтіңіз және Сандық ТВ (антенна) таңдаңыз.
- Ел тізімінен өз еліңізді табыңыз.
- Арналарды сақтау ретін таңдаңыз. Арналар телевидение операторы қой-
ған ретпен сақталу үшін LCN опциясын қосыңыз және егер арналар жиілік
бойынша реттелгенін қаласаңыз, оны өшіріңіз. Бұл опция тек арналардың
автобапталуы кезінде жұмыс жасайды.
- Егер сіз барлық қолжетімді арналарды қосқыңыз келсе, Арналарды ав-
томатты баптауды басыңыз. Арнаны қолмен қосу үшін Қолмен баптауды
басып, қажетті арнаның параметрлерін енгізіңіз.
Сандық арналарды табу (кабельді ТВ)
- Антенна мен теледидарды «Антеннаны қосу» бөлімінде көрсетілгендей
жалғаңыз.
- Егер телевидение операторы кері кодтайтын карта арқылы арналарға қол
жеткізуді қамтамасыз етсе, оны теледидардың артқы панеліндегі COMMON
INTERFACE слотына салыңыз.
- Теледидардың басты экранында басыңыз, содан кейін Арналарды баптау
бөліміне өтіңіз және Сандық ТВ (кабель) таңдаңыз.
- Ел тізімінен өз еліңізді табыңыз.
- Егер сіз барлық қолжетімді арналарды қосқыңыз келсе, Арналарды ав-
томатты баптауды басыңыз. Арнаны қолмен қосу үшін Қолмен баптауды
басып, қажетті арнаның параметрлерін енгізіңіз.
Жерсеріктік арналарды табу
- Жерсеріктік телевидение операторынан жерсеріктерге қосылуға арналған
параметрлерді біліп алыңыз:
Жерсерік атауы, бағыты және бойлық бұрышы, тобы (диапазоны).
Жерсеріктегі транспондерлердің сипаттамасы: жиілігі, деректердің таралу
жылдамдығы, полярлығы.
Өз жерсеріктік тәрелкеңіздің, конвертордың (LNB) және қайта қосқыштар-
дың сипаттамалары: конвертор типі, DiSEqC хаттамасының нұсқасы және
қайта қосқыштар үшін сигнал реңі, сонымен қатар қайта қосқышта
Toneburst технологиясының бар-жоғы.
- Антенна мен теледидарды «Антеннаны қосу» бөлімінде көрсетілгендей
жалғаңыз.
- Егер телевидение операторы кері кодтайтын карта арқылы арналарға қол
жеткізуді қамтамасыз етсе, оны теледидардың артқы панеліндегі COMMON
INTERFACE слотына салыңыз. Карта туралы толығырақ «CI+ шартты қол
жетімді картасын қосу» бөлімінен оқи аласыз.
- Теледидардың басты экранында басыңыз, содан кейін Арналарды баптау
бөліміне өтіңіз және Жерсеріктік ТВ таңдаңыз.
- Антенна жүргізілген әрбір жерсеріктің параметрлері дұрыс көрсетілгенін
тексеріңіз: тізімнен жерсерікті табыңыз, одан соң пульттегі ОК батырмасын
басып, ұстап тұрыңыз ашылмалы мәзір ашылады. Бұдан Редакциялауды
таңдаңыз. Егер қажетті жерсерік тізімде болмаса, жерсеріктер тізімінің
жоғарғы жағындағы басыңыз және жерсерік параметрлерін көрсетіңіз.
- Жерсерікті таңдап, Транспондер тізіміне өтіңіз де сигналдарын антенна қа-
былдап алатын жерсеріктердің қабылдап-таратқыштарын табыңыз. Әрбір
транспондердің параметрлерінің дұрыс көрсетілгендігін тексеріңіз: оны
таңдап, одан соң пульттегі ОК батырмасын басып, ұстап тұрыңыз – ашылма
-
лы мәзір ашылады. Бұдан Редакциялауды таңдаңыз.
- Жерсерікті таңдаңыз, Сканерлеу параметрлері тізіміне өтіңіз де, қайта
қосқыш пен конвертор баптауларын көрсетіңіз.
- Іздеді бастауды басыңыз да, іздеу параметрлерін қойыңыз:
Іздеу типі. Егер сізде дұрыс транспондерлер көрсетілген болса, Желіні ізде-
уді таңдаңыз, – теледидар бұлардан тез жауап алып, арналар тізімін құра-
стырады. Егер сіз транспондерлер параметрлерінің дұрыстығына сенімсіз
болсаңыз Соқыр сканерлеу іздеуін пайдаланыңыз теледидар жерсерік
-
тердің барлық жиіліктегі диапазондарын сканерлейді және өздігінен танс-
пондерлер мен ондағы арналарды табады.
Арна типі. Егер сіз теледидар тек тегін арналарды сақтағанын қаласаңыз,
Еркін арналарды таңдаңыз. Ақылы және тегін арналарды сақтау үшін Бар
-
лық арналарды белгілеңіз.
Қызмет типі. Арналардың қандай типін сақтау керектігін көрсетіңіз: телеви-
зиялық (DTV), радио немесе барлығы.
- Іздеуді бастауды басыңыз да жерсеріктерді сканерлеу аяқталғанға дейін
күтіңіз. Бұл жарты сағатқа дейін уақыт алуы мүмкін.
Арнаны таңдамалыларға қосу
Таңдамалы арналар арналар тізімінің Таңдамалылар тобынан көрінеді – олар-
ды бұл жерден тез тауып алуға болады.
Арнаны қосу үшін:
- Теледидардың басты экранында ТВ басыңыз.
- Арнаны таңдаңыз, содан соң арна атауының жанында О белгісі пайда
болғанша пульттегі ОК батырмасын басып, ұстап тұрыңыз.
Балалар режимін қосу
- Теледидардың басты экранында басыңыз, содан кейін Құрылғыны баптау
бөліміне өтіңіз және Ата-ана бақылауын таңдаңыз.
- Кіру кодын орнатыңыз – оны білмей, балалар ата-ана бақылауының бапта-
уларын өздері өзгерте алмайды.
- Іздеу кезіндегі сүзгілеу деңгейін және жас рейтингі бойынша шектеулерді
таңдаңыз.
Келесіде сіз Ата-ана бақылауы мәзірін ашып көрсеңіз, теледидар ағымдағы
ПИН-кодты сұрайды. Егер сіз оны ұмытып қалсаңыз және бес рет қате тер
-
сеңіз, теледидар кодты жоюды ұсынады. Мастер-ПИН 0000 енгізіңіз, содан
кейін жаңа кодты қойыңыз.
Интернетке қайта қосылу
Егер теледидар кабель көмегімен интернетке қосылған болса, оны ажыра-
тыңыз да, «Сыртқы құрылғыларды қосу» бөлімінде көрсетілгендей қайта
жалғаңыз.
Теледидарды Wi-Fi-ға қайтадан қосу үшін:
- Егер сіз LAN қосқышы арқылы интернетке қосылған болсаңыз, кабельді LAN
қосқышынан суырып алыңыз.
- Теледидардың басты экранында басыңыз, содан кейін Желіні таңдаңыз.
- Егер сіз теледидарды құпиясөзі өзгертілген желіге қайта қосқыңыз келсе,
алдымен оны өшіріңіз. Ол үшін қол жетімді желілер тізімінен желіні таңдап,
Бұл желіні өшіру деп таңдаңыз.
- Қол жетімді желілер ішінен керегін тауып, оның құпиясөзін енгізіңіз.
Аккаунт қосу
Егер сіз теледидарды отбасыңызбен бірге пайдалансаңыз, теледидарға
жақындарыңыздың аккаунттарын қосыңыз. Сіз ак Сіз аккаунттар арасында
ауыстырып қоса аласыз: көру тарихы араласып кетпейді, сондықтан әр отба
-

Содержание

Скачать