Centek CT-8585 Smart Инструкция по эксплуатации онлайн [16/52] 810076

Centek CT-8585 Smart Инструкция по эксплуатации онлайн [16/52] 810076
16
сы мүшесіне арналған фильмдер, телеарналар мен бейнелердің ұсыныстары
дәлірек болады.
Аккаунтты қосу үшін басты экранда басыңыз, Пайдаланушыны қосу деп
таңдаңыз және теледидардағы нұсқауларды орындаңыз. Қосылған аккаунт
автоматты түрде белсенді болады - Добавленный аккаунт автоматически
станет активным ұсыныстар иесінің қалауын ескере отырып таңдалады,
сонымен қатар оның Плюс немесе КиноПоиск жазылымы да қолданылады.
Егер теледидардағы қандай да бір аккаунт әрі қарай қажет болмаса, одан
шығып кетіңіз: теледидардың басты экранында басыңыз, аккаунтты таңдаңыз
және Аккаунттан шығу деп басыңыз.
Бағдарламалық жасақтаманы жаңарту
Теледидар автоматты түрде жаңартулардың бар-жоғын тексеріп, оларды ор
-
натып отырады. Егер сіз бағдарламалық жасақтаманың ағымдағы нұсқасын
көргіңіз келсе немесе оны мәжбүрлі жаңартқыңыз келсе:
- Теледидардың басты экранында басыңыз, содан кейін Құрылғыларды бап-
тау бөліміне өтіңіз.
- Құрылғы туралы деп таңдаңыз. Бағдарламалық жасақтаманың ағымдағы
нұсқасы Құрастырым тармағынан көрінеді. Бағдарламалық жасақтаманы
жаңарту үшін Жүйені жаңартуды басыңыз.
Баптауларды қалпына келтіру
Теледидардың басты экранында басыңыз, содан кейін Құрылғыларды баптау
бөліміне өтіңіз де, Сақтау және алып тастау деп таңдаңыз. Зауыттық бапта
-
уларды басыңыз, операциялардың орындалуын растаңыз және баптауларды
қалпына келтіру аяқталғанша күтіңіз. Содан соң теледидарды жаңадан бап
-
таңыз.
Басқа баптаулар
Теледидардың басқа баптаулары туралы yandex.ru/support/
smart-tv сайтындағы анықтамадан оқыңыз.
Телеарналар, фильмдер, сериалдар және роликтер қарау
Бұл теледидарды кабельдік, жерсеріктік немесе аналогтық телевидениеге
қосу міндетті емес: онда ондаған интернет-арналардың трансляциясы қол
жетімді. Ал егер сіз Яндекс.Плюс немесе КиноПоискке жазылған болсаңыз,
онда таңдау тек телеарналармен шектелмейді КиноПоиск кітапханасынан
фильм немесе сериал таңдауға болады.
Телебағдарламаны, фильмді, сериалды, бейнеблогер ролигін немесе муль
-
тфильмді қосу үшін экранның сол жағындағы мәзірдің қажетті бөлімін
таңдаңыз. Егер сіз не көру керектігін білмесеңіз, Басты бөлімге өтіңіз – бұнда
сізге ұсынылатын бейнелер жинақталған.
КиноПоисктен немесе желіден бейнелер іздеу
Интернеттен ролик немесе КиноПоиск кітапханасынан фильм табу үшін*, экран
-
ның сол жағындағы мәзірден Іздеуді таңдап, бейнежазбаның атын жазыңыз.
Оған қоса, атауын айтып жаздыруға да болады. Ол үшін пульттегі батырмасын
басыңыз да, не табу керектігін айтыңыз. Дауыстық ендіру тек пульт теледи
-
дарға Bluetooth арқылы қосылған жағдайда жұмыс жасайды («Пультті неме-
се басқа құрылғыны Bluetooth арқылы қосу» бөлімін қараңыз).
Сыртқы құрылғыдан бейнелер қарау
- Теледидар мен құрылғыны «Сыртқы құрылғыларды қосу» бөлімінде көр-
сетілгендей жалғаңыз.
- Пульттегі батырмасын басыңыз, содан соң сигналдар көзі тізімінен құрылғы
қосылған көзді табыңыз.
*Фильмдер мен сериалдар үшін Яндекс.Плюс немесе КиноПоискке жазылу ке
-
рек. Күші бар промо-кезең немесе промо-код та жарамды. Телебағдарламалар
мен бейнелерді интернеттен тегін қарауға болады.
USB-тасымалдауышынан медиафайлдар қарау
Теледидарға USB-тасымалдауыштарды ұосуға болады:
NTFS файлдық жүйесі бар сыйымдылығы 2 ТБ дейін;
FAT32 файлдық жүйесі бар сыйымдылығы 128 ГБ дейін;
FAT16 файлдық жүйесі бар сыйымдылығы 2 ГБ дейін.
Ескерту. Теледидар кейбір USB-құрылғыларымен сәйкес келмеуі мүмкін. Оған
қоса жеке USB-құрылғылар сыртқы, қосымша қуатқа қосуды талап етеді.
Келесі пішімдегі медиафайлдарды қарауға болады:
Кескіндеор - PNG, JPEG, BMP.
Музыка - AAC, MP3 (32–320 кбит/c). Теледидар авторды және трек атауын, сон
-
дай-ақ басқа ақпаратты дұрыс көрсетуі үшін MP3 файлындағы метадеректер
ID3v2.4 пішімінде және UTF-8 кодтауында болуы керек.
Бейне - AVI, TS, VOB, MPG (MPEG-2), MP4, MKV.
Субтитрлер - SRT (Unicode). Субтитрлерді дұрыс оқу үшін SRT файлы бейнемен
бірдей каталогта сақталуы керек және екі файлдың да атаулары сәйкес ке
-
луі керек. Сонымен қатар, субтитр мәтіні Unicode пішімінде кодталғанына көз
жеткізіңіз.
USB-тасымалдауышты қалай қауіпсіз қосу туралы «Сыртқы құрылғыларды
қосу» бөлімінен оқыңыз. Медиафайлды қарау үшін теледидардың басты
экранында басыңыз да, Медиаплеер қосымшасын іске қосыңыз. Онда қажетті
файлды табыңыз және ашыңыз — фильм, фотосурет немесе музыкалық трек.
Дыбысты сыртқы аудиожүйеге немесе құлаққапқа тарату
Аудиожүйе немесе құлаққап кабелін теледидардың артқы панеліндегі
қосқышқа тығыңыз. Аудиожүйе DIGITAL AUDIO OUT қосқышына, құлаққап
-
тар 3,5 миллиметрлік аудио қосқышқа қосылады. Дыбыс бірден қосылған
құрылғы арқылы шыға бастайды.
Толығырақ «Сыртқы құрылғыларды қосу» бөлімінен оқыңыз.
Қосымшаларды қалай пайдалану керек
Теледидардан бөгде қосымшаларды да қосуға болады: браузерлер, медиа
-
плеерлер, онлайн-кинотеатрлар және басқалары. Олардың бір бөлігі алдын-а-
ла орнатылған, қалғанын теледидардағы қосымшалар дүкенінен орнатуға
болады.
Қосымшаны іске қосу үшін теледидардың басты экранында басыңыз, содан
кейін қажетті қосымшаны таңдаңыз. Егер ол бұрын орнатылған болса, оның
іске қосылуын күтіңіз. Ал егер қосымша әлі орнатылмаған болса, Орнатуды
басыңыз.
Кескінді смартфоннан немесе планшеттен тарату
Теледидардың басты экранында басыңыз да, Screen Mirroring қосымшасын
іске қосыңыз. Содан соң смартфон немесе планшеттен трансляция функция
-
сын қосыңыз және қол жетімді құрылғылар тізімнен теледидарды таңдаңыз.
Экранды қосарлау туралы толығырақ өз смартфоныңыз немесе планшетіңіздің
құжаттамасынан оқыңыз.
Теледидарды қайта жүктеу немесе өшіру
Пульттегі немесе теледидар корпусындағы өшіру батырмасын басыңыз және
ұстап тұрыңыз. Экранда өшіру немесе қайта жүктеу пәрмендері шығады – қа
-
жеттісін таңдаңыз.
5. АҚАУЛАРДЫ ЖОЮ БОЙЫНША НҰСҚАУЛЫҚ
Ақауларды жою
Егер теледидардың жұмысында ақаулықтар пайда болса, оны өшіріп, қайта
қосып көріңіз. Ақаулықтарды жою үшін төмендегі кестені де қолдануға бо
-
лады. Егер ақаулық жойылмаса, көмек алу үшін техникалық мамандарға
жүгініңіз.
Проблема Шешім
Теледидар қосылмайды
(күту режимінің индикаторы
жанбайды)
Теледидардың электр қоректендіру кабелінің 220-240 В ~50/60
Гц айнымалы токқа дұрыс қосылғанын тексеріңіз. Электр ро-
зеткасында қуат кернеуінің болуын тексеріңіз. Теледидардың
электр қоректендіру кабелін розеткадан ажыратыңыз және 2-3
минуттан кейін оны қайта қосыңыз. Қашықтан басқару пультінің
жұмысын тексеріңіз
Телевизиялық сигналды
қабылдау жоқ
Теледидар баптауларының дұрыстығын тексеріңіз. Басқа теле-
дидар арнасына келтіріңіз. Теледидар антеннасының кабелінің
дұрыс қосылғанын тексеріңіз. Теледидар антеннасының дұрыс
жұмыс істемеуі немесе тарату станциясынан сигналдың уақыт-
ша болмауы мүмкін
Дыбыстық сүйемелдеу жоқ
Дыбыс қаттылығының реттелуін тексеріңіз.
Дыбыстың батырмамен өшірілмегенін тексеріңіз . Арна бапта-
уларындағы дыбыс жүйесінің дұрыс таңдалғанын тексеріңіз.
Дыбыс баптауларындағы орнатулардың дұрыстығын тексеріңіз
Кескін түсінің дұрыс
берілуінің бұзылуы
Арна баптауларындағы түс жүйесінің дұрыс таңдалғанын
тексеріңіз. Кескін баптауларындағы орнатулардың дұрыс
таңдалғанын тексеріңіз. Тарату станциясынан сигнал әлсіз
немесе кедергімен болуы мүмкін, басқа арнаға ауысыңыз
Теледидар қашықтан
басқару пультімен
басқарылмайды
ҚБП қуат беру элементтеріне арналған бөлікті ашыңыз, қуат
беру элементтерін жаңаларына ауыстырыңыз.
ҚБП-нің сәуле шығарғышын теледидардың алдыңғы жағындағы
қашықтан басқару қабылдағышына (сенсорға) тікелей бағыт-
таңыз. ҚБП мен ҚБ қабылдағышы (сенсор) арасында кедергілер
(жиһаз бөлшектері және т.б.) болмауы тиіс. ҚБП мен ҚБ қабыл-
дағышы (сенсор) арасындағы қашықтық 5 метрден, ал ойдағы
перпендикулярдан ауытқу бұрышы 20 градустан аспауы тиіс
PC
-
HDMI режимінде кескін
жыпылықтайды немесе
жолақтар пайда болады
Компьютерді орнату дұрыс таңдалмаған. Компьютерді қауіпсіз
жүктеу режимінде монитордың дұрыс параметрлерін таңдаңыз
Экранда жеке жылжы-
майтын ұсақ нүктелер
(пиксельдер) байқалады
Теледидарда жоғары ажыратымдылықтағы сұйық кристалды
матрица қолданылады. Матрицаларды жасаудың заманауи тех-
нологиясы кескіннің жалпы қабылдауын нашарлатпайтын жеке
кішкентай қара немесе түрлі-түсті нүктелердің (пиксельдердің)
пайда болуына мүмкіндік береді. Барлық матрицалар өндіріс
жағдайында тексеріледі және өнімнің осы тобына арналған
стандарттардың талаптарына сәйкес келеді

Содержание

Скачать