Samsung nv75j5170bs [180/304] Іске пайдалану

Samsung nv75j5170bs [180/304] Іске пайдалану
28Казақ
Іске пайдалану
Іске пайдалану
Пісіру режимдері рильден басқа)
1. Пісіру режимін таңдау үшін режим таңдау
тетігін бұраңыз.
2. Қажет болса пісіру уақытын және/
немесе температураны орнатыңыз.
Толық ақпаратты Жалпы параметрлер
тарауынан қараңыз .
3. Сонымен қатар, пешті жылдам қыздыруға
болады. Бұл үшін түймешігін басыңыз
да, нысан температураны орнатыңыз.
Дисплейде тиісті индикатор пайда
болады.
Пеш ішкі температура нысан температураға
жеткенше жылдам қыза бастайды. Алдын ала
қыздыру аяқталған кезде сигнал естіледі де,
индикатор көрінбей кетеді. Егер тағам пісіруге
арналған нұсқауларда басқаша көрсетілмесе,
барлық пісіру режимдерінде алдын ала
қыздыруды қолдануды ұсынамыз.
ЕСКЕРІМ
Тағам пісіріп жатқанда пісіру уақытын және/
немесе температураны өзгертуге болады.
Қос режиммен пісіру
Пісіру корпусын үстіңгі және астыңғы бөліктерге бөлу үшін жинақпен бірге берілген бөлгішті
пайдалануға болады. Бұл пайдаланушыларға екі түрлі пісіру режимдерін қатар қосуға немесе бір
ғана бөлікті таңдап пісіруге мүмкіндік береді.
1. Пісіру корпусын екі бөлікке бөлу үшін
бөлгішті 3-деңгейге салыңыз. Пеш
бөлгіштің салынғанын сезеді және әдетте,
үстіңгі бөлікті іске қосады және /
түймешіктері жанады.
NV75J5540RS_WT_DG68-00616J-01_KK.indd 28 2015-05-20 �� 5:01:08

Содержание

Похожие устройства