Redmond RBM-1912 [28/64] Лары мен сызаттардың алдын алу үшін оны құрғақ қылып сүртуді ұсынамыз жуу

Redmond RBM-1912 [28/64] Лары мен сызаттардың алдын алу үшін оны құрғақ қылып сүртуді ұсынамыз жуу
28
2 сағатқа дейінгі диапазонда әзірлеу уақытын реттеуге болады. Тағайындалу бойынша
уақыт 1 сағат. Сонымен қатар өнім салмағын таңдау мүмкіндігі қол жетімсіз.
Сапалы нәтиже алу үшін арнайы осы үлгі үшін дайындалған, REDMOND RВМ-1912 нан
пісіргішіне қоса тіркелетін аспаздық кітаптағы рецептілерді пайдалануды ұсынамыз.
Сәйкес рецептілерді сіз сонымен қатар www.redmond.company сайтында таба аласыз.
I V. НАН ПІСІРУ БОЙЫНША ЖАЛПЫ ҰСЫНЫСТАР
Қамыр консистенциясы
Егер қамыр жұмыс ыдысының бүйірлік беттеріне жабысса, қабырғаларға ұн себіңіз. Егер
қамыр өте құрғақ болса, бір ас қасық жылы су қосыңыз. Ыдыстың бүйірлік беттеріне жа-
бысқан барлық ингредиенттерді ағаш немесе пластикті қасықпен тазартуға болады. Бұл
мақсатта металл заттар пайдаланбаңыз олар қалыптың күюге қарсы жабынын зақымда-
уы мүмкін. Қақпақты қажетті уақыттан ұзақ ашық қалдырмаңыз.
Пісіру үрдісінің ерекшеліктері
На пісіргіште пісірілген нанның дәмі мен құрылымына көптеген факторлар әсер етеді:
ингредиенттер сипаты, асханадағы температура, атмосфералық қысым. Нан пісірудің жеке
рецептіңізді қолданған кезде осы нұсқаулықта келтірілген өнімдерді салу және бағдар-
лама таңдау жөніндегі нұсқаулықтарды қатаң сақтаңыз. Басқа нан пісіргіштерге арналған
аспаздық кітаптардағы рецептілерді пайдаланған кезде 500 немесе 750 грамм дайын нан
салмағына бейімделіңіз. Жұмыс ыдысын ширек бөліктен асыра немесе, аса қажет жағдай-
да, үштен бір бөлігінен асыра толтырмаңыз. Өзге жағдайда көтерілген кезде қамыр қалып
жиектерінен қыздырғыш камераға төгіліп, қыздырғыш элементке түсуі және жетекті ла-
стауы мүмкін, бұл, өз кезегінде, аспаптың сынуына алып келеді.
V. АСПАП КҮТІМІ
Аспапты тазарту алдында аспаптың электр желісінен ажыратылғандығына және толық
салқындағанына көз жеткізіңіз. Әр пайдаланғаннан кейін қалып пен аспаптың ішкі беттерін
мұқият тазартыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Аспап корпусын және электрлік қоректену сымын суға немесе
басқа сұйықтықтарға батырмаңыз. Нан пісіргіш және оның бөлшектері ыдыс жуу
машинасында жууға жарамсыз.
1.
Қақпақты ашып, пісіруге арналған қалыпты шығарыңыз, ол үшін оны тұтқасынан
аздап сағат тіліне қарсы бұрап, жоғары тарту керек.
2.
Араластыруға арналған қалақты шешіңіз. Егер қалақ біліктен шешілмесе, пісіруге
арналған қалыпқа жылы су құйып, біршама уақытқа қалдырыңыз. Бұл жабысып қалған
қамырды жібітіп, қалақ жеңіл алынады.
3.
Өлшеуіш ыдысты, өлшеуіш қасықты, пісіруге арналған қалыпты және қалақты жұмсақ
жуу құралын қолданумен ыстық суда жуыңыз. Егер араластыруға арналған қалақтың
ішкі бөлігі ластанған болса, оны біршама уақытқа ыстық суға салып, кейін ақырындап
тазартыңыз.
4.
Бұйымның ішкі беті мен корпусын жұмсақ дымқыл асханалық майлықпен немесе
ысқышпен сүртіңіз. Нәзік тазартқыш құралды пайдалануға болады. Корпуста су ақпа-
лары мен сызаттардың алдын алу үшін оны құрғақ қылып сүртуді ұсынамыз. Жуу
құралын ысқышпен немесе шүберекпен толықтай сүртіңіз, әйтпесе кейін ол пісірме
дәміне әсер етуі мүмкін.
Сондай-ақ тамақпен байланысатын заттар үшін қолдануға ұсынылмайтын химиялық
агрессивті немесе кез келген басқа заттарды қолдануға болмайды.
Пісіруге арналған қалыпты пайдалану
Пісіруге арналған қалыпқа және қалақшаға дақтардың пайда болуының алдын алатын
және нанның алынуын жеңілдететін күюге қарсы жабын жағылған. Беттің зақымдануының
алдын алу үшін төменде келтірілген нұсқаулықтарды сақтаңыз.
5. Нанды ыдыстан алған кезде металл немесе өткір аспаптарды (мысалы, пышақ неме-
се айыр) пайдаланбаңыз.
6. Нан бөлкесін кесу алдында оның ішінде араластыруға арналған қалақтың жоқ екен-
дігіне көз жеткізіңіз. Егер қалақ іште болса, нан салқындағанша күтіп, қалақты арнайы
ілмекпен шығарыңыз. Араластыруға арналған қалақпен абай болыңыз, себебі ол
ыстық болуы мүмкін.
7. Пісіруге арналған қалыпты және қалақты тазартқан кезде жұмсақ ысқышты пайда-
ланыңыз. Қандай да бір абразивті заттарды (мысалы, тазартқыш ұнтақ) немесе қатты
ысқыштар пайдаланбаңыз.
8.
Қатты, ірі дәнді немесе ірі ингредиенттер (мысалы, иленбеген ұн, қант, жаңғақтар
немесе дәндер) әзірлеуге арналған ыдыстың күюге қарсы жабынын зақымдауы
мүмкін. Ингредиенттердің көп мөлшерін пайдаланған кезде оларды шағын бөліктер-
ге бөліңіз. Рецептілерде көрсетілген, ұсынылған көлемдерді және әрекет ету тәртібін
сақтаңыз.
Қалыпты жүйелі пайдаланған кезде оның ішкі күюге қарсы жабынының түсі толықтай
немесе ішінара өзгеруі мүмкін. Бұл іс жүзінде қалып ақаулығының белгісі болып табыл-
майды.
Сақтау және тасымалдау
Сақтау және қайта пайдаланудың алдында құралдың барлық бөліктерін тазалап, түгел
құрғатыңыз. Құралды құрғақ желденетін жерде жылыту аспаптарынан алыс және тікелей
күн сәулелерден алыс сақтаңыз.
Тасымалдау және сақтау кезінде құралдың зақымдануына және/немесе ораманың бүтін-
дігіне әкелуі мүмкін құралды механикалық әсерлерге ұшарытуға тыйым салынады.
Құралдың орамасын су мен басқа да сұйықтықтардан сақтау қажет.

Содержание