Redmond RMC-M4502 (БЕЛЫЙ) [26/40] Шегерілген старт функциясында уақытты орнатқанда

Redmond RMC-M4502 (БЕЛЫЙ) [26/40] Шегерілген старт функциясында уақытты орнатқанда
26
1.
«Меню» түймешігін басып, автоматты әзірлеу бағдарламасын
таңдаңыз. «Установка времени» түймешігін басыңыз,
минуттар индикаторы жыпылықтай бастайды. «Время
приготовления» түймешігін басып, минуттардың мәнін
қадамдап өзгертіңіз. Түймешікті үш секундтан көп ұстасаңыз,
мән жылдам өзгере бастайды.
2.
«Установка времени» түймешігін басыңыз, сағаттар индикаторы
жыпылықтай бастайды. «Время приготовления» түймешігін
басып, сағаттардың мәнін қадамдап өзгертіңіз. Түймешікті үш
секундтан көп ұстасаңыз, мән жылдам өзгере бастайды.
3.
Әзірлеу уақытын бір сағаттан аз орнату керек болғанда
сағатты орнату режимінде «Время приготовления»
түймешігін дисплейден сағат индикаторы кеткенше
бірізділікпен басыңыз. «Установка времени» түймешігін
басыңыз, минуттар индикаторы жыпылықтай бастайды.
«Время приготовления» түймешігін бірізділікпен басып,
минуттардың қажетті мәннін орнатыңыз.
Жасалған орнатылымдарды болдырмау үшін «Поддержание тепла
/ Отмена» түймешігін басыңыз. Қажет болғанда бүкіл әзірлеу
бағдарламасын қайта енгізіңіз.
Автоматты бағдарламаны қолмен өзгерткенде аспап бірден
ең аз әзірлеу уақытын орнатады.
REDMOND RMC-M4502 мультипісіргіші энергияға тәуелсіз
жадыға ие. Электр қоректену 10 минутқа дейін уақытша
өшкенде шегерілген стартты қоса, барлық тапсырылған
теңшелімдер сақталады.
«Шегерілген старт» функциясы
Автоматты әзірлеу бағдарламасы орындалуы қажет дәл уақытты
тапсыруға мүмкіндік береді. Әзірлеу үдерісін 10 минут орнату
қадамымен 10 минуттан 24 сағатқа дейін аралықта шегеруге
болады. Аспап ас ең жиі әзірленетін уақытты сақтауға мүмкіндік
беретін екі тәуелсіз таймермен жабдықталған.
Таймерді теңшеу үшін:
1.
«Меню» түймешігін басып автоматты бағдарламаны
таңдаңыз.
2.
«Установка времени» және «Время приготовления»
түймешіктерімен бағдарлама жұмысының қажетті уақытын
орнатыңыз немесе әзірлеу уақытының зауыттық мәндерін
қалдырыңыз.
3. «Отложенный старт» түймешігін басып, «ТАЙМЕР 1» немесе
«ТАЙМЕР 2» таңдаңыз.
4. «Установка времени» түймешігін басып, таймерде сағатты
орнату режимін қосыңыз, сағат индикаторы жыпылықтай
бастайды.
5.
«Время приготовления» түймешігінің көмегімен қажетті сағат
мәнін орнатыңыз (орнату қадамы 1 сағат).
6.
«Установка времени» түймешігін қайта басып, таймерде
минуттарды орнату режимін қосыңыз, минуттар индикаторы
жыпылықтай бастайды.
7.
«Время приготовления» түймешігінің көмегімен қажетті
минуттар мәнін орнатыңыз (орнату қадамы — 10 минут).
8.
Уақытты орнату аяқталысымен «Старт» басыңыз. «Старт»,
«Поддержание тепла / Отмена» және «Отложенный старт»
түймешіктерінің индикаторы жанады. Дисплейде тағам
дайындығының уақыты көрінеді.
«Шегерілген старт» функциясын «ЖАРКА» мен «ПАСТА»
бағдарламаларынан басқа, барлық бағдарламада пайдалануға
болады.
«Шегерілген старт» функциясында уақытты орнатқанда
кейбір бағдарламаларда уақыттың есептелуі тек аспап
тапсырылған жұмыс температурасына келгенде
басталатынын есепке алу керек.
Дайын тағам температурасын ұстау функциясы
(автоысыту)
Автоысыту таңдалған әзірлеу бағдарламасы іске қосылумен бірге
автоматты түрде қосылады және ол аяқталғанда дайын тағам
температурасын 70-75°С деңгейінде 24 сағат ішінде ұстай алады.
Автоысыту қосылғанда «Поддержание тепла / Отмена»
түймешігінің индикаторы жанады, әзірлеу бағдарламасы
аяқталысымен дисплейде осы режимде жұмыс істеу уақытының
есептелуі көрінеді.
Тағамды ысыту функциясы
REDMOND RMC-M4502 мультипісіргішін суық тағамды ысыту
үшін пайдалануға болады. Дайын тағамды табаққа салыңыз,
аспаптың корпусына орнатыңыз, қақпақты жауып, «Поддержание
тепла / Отмена» түймешігін басыңыз. Тағам 70-75°С дейін
ысытылады және ыстық күйде 24 сағаттың ішінде ұсталуы мүмкін.
«Поддержание тепла / Отмена» түймешігін қайта бассаңыз, ысыту
өшеді. Автоысытуды өшіру үшін «Поддержание тепла / Отмена»
түймешігін басыңыз.
Автоматты бағдарламаларды пайдаланылғанда
әрекеттердің жалпы тәртібі
1. Қажетті құрамдастарды дайындаңыз (өлшеңіз).
2.
Құрамдастарды әзірлеу бағдарламасына сәйкес
мультипісіргіш табағына орналастырыңыз және оны
аспаптың корпусына енгізіңіз. Сұйықтықпен қоса, барлық
құрамдастар табақтың ішкі бетіндегі ең жоғары белгіден
төмен болғанын байқаңыз. Табақ қисаймай орнатылғанына
және қыздыру элементіне тығыз тиетініне көз жеткізіңіз.
3.
Мультипісіргіш қақпағын сыртыл естілгенше жабыңыз.
Аспапты электр желіге қосыңыз.
4.
«Меню» түймешігін басып, қажетті әзірлеу бағдарламасын
таңдаңыз (дисплейде тиісті бағдарламаның индикаторы жанады).
5. Егер бағдарламада азық түрін таңдау қарастырылса, «Вид
продукта» түймешігін («МУЛЬТИПОВАР», «ПАР», «ЖАРКА»
бағдарламалары үшін) немесе «ВАРКА» түймешігін («ВАРКА»
бағдарламасы үшін) басып тиісті бағдарламаны таңдаңыз.
I. ПАЙДАЛАНУДЫҢ АЛДЫНДА
Орамын абайлап ашыңыз және бұйымды қораптан шығарыңыз,
барлық орау материалдары мен сериялық нөмірі бар
жапсырмадан басқа жарнамалық жапсырмаларды алып тастаңыз.
Бұйымның сериялық нөмірі болмауы оған кепілдік қызмет
көрсету құқығыңызды сізден автоматты түрде айырады.
Аспап корпусын ылғал матамен сүртіңіз. Табақты жылы сабынды
сумен жуыңыз. Мұқият кептіріңіз. Бірінші рет пайдаланылғанда
бөтен иіс пайда болуы мүмкін, бұл аспап ақауының салдары
болып табылмайды. Бұл жағдайда аспапты тазалаңыз.
Тасымалдау немесе төмен температураларда сақтаған соң
аспапты қосар алдында кем дегенде 2 сағатқа бөлме
температурасында ұстау керек.
II. МУЛЬТИПІСІРГІШТІ
ПАЙДАЛАНУ
Алғаш рет қосудың алдында
Аспапты бу клапанынан шығатын бу тұсқағаз, декоративтік
жабындылар, электрондық аспаптар мен жоғары ылғал мен
температурадан зардап шегуі мүмкін басқа заттар немесе
материалдарға тимейтіндей қатты тегіс көлденең бетке орнатыңыз.
Әзірлеудің алдында мультипісіргіштің сыртқы және көзге
көрінетін бөліктерінде зақымдар, жарық және басқа ақаулар
болмауына көз жеткізіңіз. Табақ пен қыздыру элементі арасында
бөтен заттар болмауы керек.
Сағатты орнату
1.
Аспапты электр желіге қосу. «Отложенный старт» түймешігін
басып үш секундтың ішінде ұстаңыз, дисплейде ағымдағы
уақыт минуттарының индикаторы жыпылықтай бастайды.
2.
«Время приготовления» түймешігін басып, минуттардың
мәнін қадамдап өзгертіңіз. Түймешікті үш секундтан көп
ұстасаңыз, мән жылдам өзгере бастайды. Минуттарды орнату
аяқталысымен «Установка времени» түймешігін басыңыз,
дисплейде ағымдағы уақыт сағаттарының индикаторы
жыпылықтай бастайды.
3.
«Время приготовления» түймешігін басып, сағаттардың мәнін
қадамдап өзгертіңіз. Түймешікті үш секундтан көп ұстасаңыз,
мән жылдам өзгере бастайды.
4.
Уақытты орнату аяқталысымен «Поддержание тепла /
Отмена» түймешігін басыңыз немесе уақыт индикаторы
жыпылықтағанын қойғанша бірнеше секунд күтіңіз.
Әзірлеу уақытын орнату
REDMOND RMC-M4502 мультипісіргішінде әр бағдарлама үшін
әдепкі орнатылған әзірлеу уақытын қолмен өзгерту мүмкіндігі
қарастырылған. Тапсырылған уақыттың өзгерту қадамы мен ықтимал
диапазоны таңдалған әзірлеу бағдарламасына байланысты.

Содержание

Похожие устройства

Скачать