Redmond RMC-M4502 (БЕЛЫЙ) [27/40] Ішкі қақпақты негізгісінің қуыстарына енгізіңіз бекіткіштерді

Redmond RMC-M4502 (БЕЛЫЙ) [27/40] Ішкі қақпақты негізгісінің қуыстарына енгізіңіз бекіткіштерді
KAZ
27
RMC-4502
Әр ішкі бағдарлама үшін аспап дисплейінде көрінетін әзірлеу
уақытының өзіндік мәні әдепкі орнатылған.
6. Әдепкі орнатылған уақыт мәнін өзгерте аласыз.
7. Қажет болғанда шегерілген старт уақытын орнатыңыз.
8.
Әзірлеу бағдарламасын іске қосу үшін «Старт» түймешігін
басыңыз. «Старт» және «Поддержание тепла / Отмена»
түймешіктерінің индикаторлары жанады. Орнатылған
бағдарлама орындала бастайды және әзірлеу уақыты
керісінше есептеледі.
9.
Әзірлеу уақыты аяқталғаны туралы дыбыс сигналы ескертеді.
Ары қарай аспап автоысыту режиміне ауысады
(«Поддержание тепла / Отмена» түймешігінің индикаторы
жанады).
10.
Енгізілген бағдарламаны болдырмау, әзірлеу үдерісін немесе
автоысытуды үзу үшін «Поддержание тепла / Отмена»
түймешігін басыңыз.
«Отложенный старт» функциясы «ЖАРКА» және «ПАСТА»
бағдарламаларын пайдаланылғанда қол жетімсіз.
«ПАР» бағдарламасында керісінше есеп су қайнап, табақта
жеткілікті тығыздық болған соң басталады; «МУЛЬТИПОВАР»,
«ЖАРКА» бағдарламаларында аспап жұмыс режиміне шыққан
соң; «ПАСТА» бағдарламасында табақта су қайнап, азық-
түлік салынып, «Старт» түймешігі қайта басылған соң.
«МУЛЬТИПОВАР» бағдарламасы
Осы бағдарлама пайдаланушы тапсырған әзірлеу уақыты мен
температура параметрлері бойынша тағамды әзірлеуге арналған.
REDMOND RMC-M4502 мультипісіргіші «МУЛЬТИПОВАР»
бағдарламасының арқасында бір қатар асханалық құралды
алмастыруы мүмкін және тағамды іс жүзінде сізге қызық ескі
кулинариялық кітапта оқылған немесе Интернеттен алынған кез
келген рецепт бойынша әзірлеуге мүмкіндік береді.
Әдепкі әзірлеу уақыты таңдалған азық түріне байланысты:
«ОВОЩИ», «МЯСО», «РЫБА». Әдепкі әзірлеу температурасы
160°С.
Уақытты қолмен реттеу аралығы: 1 сағатқа дейін аралық үшін
1минут немесе 5 минут ден 12 сағат дейін аралық үшін 5 минут
өзгеру қадамымен 1 ден 12 сағатқа.
Температураны қолмен реттеу аралығы («Температура» түймешігі
басылып өзгертіледі): 5°С өзгеру қадамымен 40-160°С.
«ПАР» бағдарламасы (буда әзірлеу)
Буда көкөніс, ет, балық, диеталық және вегетариандық
тағамдарды, манты, бала мәзірі тағамдарын әзірлеуге кеңес
беріледі. Әдепкі әзірлеу уақыты азықтың таңдалған түріне
байланысты: «ОВОЩИ», «МЯСО», «РЫБА». Әзірлеу уақытын
1минут орнату қадамымен 5 минуттан 1 сағатқа дейін аралықта
орнатуға болады.
Осы бағдарламада әзірлеу үшін арнайы контейнерді
пайдаланыңыз (жинаққа кіреді):
1.
Табаққа 600-1000 мл су құйыңыз. Табаққа буда әзірлеуге
арналған контейнерді орнатыңыз.
2.
Азықты рецептке сәйкес өлшеп дайындаңыз, контейнерге
біркелкі салыңыз және табақты аспап корпусына енгізіңіз.
Табақ қыздыру элементіне тығыз тиетініне көз жеткізіңіз.
3.
«Автоматты бағдарламаларды пайдаланылғанда
әрекеттердің жалпы тәртібі» тарауының 3-10 т. нұсқауларын
ұстаныңыз.
«ЖАРКА» бағдарламасы
Көкөніс, ет, балық, теңіз өнімдері, жартылай фабрикат және т.б.
қуыруға кеңес беріледі. Әдепкі әзірлеу уақыты азықтың таңдалған
түріне байланысты: «ОВОЩИ», «МЯСО», «РЫБА». Әзірлеу уақытын
1 минут орнату қадамымен 5 минуттан 1 сағатқа дейін аралықта
орнатуға болады. Азықты аспаптың қақпағы ашық тұрғанда
қуыруға рұқсат етіледі.
«ТУШЕНИЕ» бағдарламасы
Көкөніс, ет, балық, теңіз өнімдерін бұқтыруға, сонымен қатар ұзақ
жылумен өңдеуді талап ететін іркілдек пен басқа тағамдарды
әзірлеуге кеңес беріледі. Әзірлеу уақытын 5 минут орнату
қадамымен 10 минуттан 12 сағатқа дейін аралықта орнатуға болады.
«ВАРКА» бағдарламасы
Күріш, қарақұмық пен жармалардан үгілмелі ботқаларды
әзірлеуге кеңес беріледі. Әдепкі әзірлеу уақыты азықтың
таңдалған түріне байланысты: «ЭКСПРЕСC», «ОБЫЧНАЯ», «КАША».
Әзірлеу уақытын 1 минут орнату қадамымен 5 минуттан 1 сағат
30 минутқа дейін аралықта («ВАРКА — ЭКСПРЕСС», «ВАРКА —
КАША») және 5 минут орнату қадамымен 30 минуттан 2сағатқа
дейін аралықта «ВАРКА ОБЫЧНАЯ» орнатуға болады.
Сүтті ботқаларды пісіргенде келесіге кеңес беріледі:
дәндері бүтін барлық жарманы мұқият жуу (күріш, қарақұмық,
тары және т. б.);
әзірлеудің алдында мультипісіргіш табағына сары май жағу;
рецепттер кітабында көрсетілген қатыстықтарды қатаң
ұстану, құрамдастардың мөлшерін қатыстықпен өзгерту;
майы алынбаған сүтті пайдаланылғанда оны 1:1 қатыстықпен
сумен араластыру.
«ПАСТА» бағдарламасы (макарон әзірлеу)
Макарон өнімдерін, тұшпара, хинкали және т.б. әзірлеуге, жұмыртқа
мен сосискі асуға кеңес беріледі. Әзірлеу уақытын 1 минут орнату
қадамымен 2 ден 20 минутқа дейін аралықта қолмен орнатуға
болады. Бағдарламаны іске қосқан соң су қайнағаны туралы
хабарлайтын дыбыс сигналын күтіңіз, құрамдастарды салып, аспап
қақпағын жабыңыз және «Старт» түймешігін басыңыз. Бұдан кейін
әзірлеу уақытының керісінше есептелуі басталады.
Кейбір азықты (макарон, тұшпара және т. б.) әзірлегенде көбік
қалыптасады. Табақ сыртына ықтимал ағызбау үшін қақпағын
ашып әзірлеуге болады.
«СУП» бағдарламасы
Әртүрлі сұйық тағамды, сонымен қатар компоттар мен
сусындарды әзірлеуге кеңес беріледі. Әзірлеу уақытын 5 минут
орнату қадамымен 10 минуттан 8 сағатқа дейін аралықта қолмен
орнатуға болады.
«ВЫПЕЧКА» бағдарламасы
Пісірме әзірлеуге кеңес беріледі (кекс, бисквит, пирог). Әзірлеу
уақытын 5 минут орнату қадамымен 30 минуттан 4 сағатқа дейін
аралықта қолмен орнатуға болады.
III. ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ КҮТУ
Аспапты тазалауға кірісудің алдында ол электр желіден
ажыратылып, толық суығанына көз жеткізіңіз. Бірінші рет
пайдаланудың алдында немесе әзірлеген соң бөтен иісті кетіру
үшін табақ пен аспаптың ішкі қақпағын 9-пайыздық сірке суы
ерітіндісімен сүртуге және жарты лимонды «ПАР РЫБА»
бағдарламасында 15 минуттың ішінде қайнатуға кеңес беріледі.
Аспапты тазалау үшін жұмсақ мата мен ыдыс жуу құралдарын
пайдаланыңыз. Бұйымды пайдаланған соң бірден тазалауға
кеңес береміз.
Тазалаған кезде абразивті заттарды, абразивті жабындысы
бар губкаларды және химиялық агрессивті заттарды
пайдалануға тыйым салынады.
Аспаптың корпусын суға батыруға немесе оны су ағындысының
астына қоюға тыйым салынады. Аспап корпусын тазалау қажет
болғанда жасалады. Табақты аспапты пайдаланған сайын
тазалауға кеңес беріледі, оны ыдыс жуу машинасында жууға
болады. Тазалау аяқталысымен табақтың сыртқы бетін құрғатып
сүртіңіз.
Аспапты пайдаланған сайын ішкі алюминий қақпақ пен бу клапанын
тазалауға, сонымен қатар конденсатты кетіруге кеңес беріледі.
Негізгі қақпақтың төменгі жағындағы екі пластмассалық
бекіткішті орталыққа қарай басып және ішкі қақпақты күш
салмай өзіңізге қарай және төмен тартып оны ажыратыңыз. Екі
қақпақ беттерін тазалаңыз және құрғатып сүртіңіз. Одан кейін
ішкі қақпақты негізгісінің қуыстарына енгізіңіз, бекіткіштерді
біраз күш салып сыртыл естілгенше басып, бекітіңіз.
Бу клапаны қақпағын біраз күш салып жоғары және өзіңізге
қарай тартып, абайлап шешіңіз. Көрсеткіштің бағытымен
бекіткішті басыңыз және люк қақпағын ашыңыз. Бөлшектерді
жуыңыз, кептіріңіз, біріктіріп жинаңыз және бу клапанын
шығаруға арналған шығыңқы жерін артқа қаратып аспап
қақпағына орнатыңыз.
Асты әзірлеу барысында қалыптасатын және табақ айналасында
аспап корпусындағы арнайы қуыста жиналатын конденсат
майлықтың көмегімен жеңіл кетеді.

Содержание

Похожие устройства

Скачать