Polaris PMG 1810A СЕРЕБРИСТАЯ [20/32] Бітеліп қалған қалдықтарды алып тастау реверс функциясы

Polaris PMG 1810A СЕРЕБРИСТАЯ [20/32] Бітеліп қалған қалдықтарды алып тастау реверс функциясы
20
Ұсақтап турағыштың жұмысшы бастиегін (17) ет тартқыштың жұмысшы бастиегі сияқты
жинақтаңыз (12-сурет).
Үккіштің бірін (18,19,20) қажеттілігіңізге қарай таңдап алып, бастиектін ішіне орнатыңыз (13-
сурет).
Ірі азық өнімдерді ұсақтап кесіп алыңыз.
Ет тартқышты электр желісіне жалғаңыз, содан «ON/OFF» батырмаға басып, қосыңыз.
Азық өнімдерді итеру үшін тек қана итергішті қолданыңыз. Азық өнімдерді ешқашан қолмен
итермеңіз (14-сурет).
Бітеліп қалған қалдықтарды алып тастау / Реверс функциясы
Егер еттартқыш толып қалса, оны «ON/OFF» батырмаға басып өшіріңіз (қозғалтқыштың
жұмыс қимылы тоқтатылады).
Құралды электр желісінен ажыратпай, REV (6) батырмаға басып, «РЕВЕРС» функциясын
қосыңыз. Шнек, ет тартқыштың жұмысын қиындатқан сіңірлерден тазартылып, кері бағытта
айналады. Бітеліп қалған қалдықтарды алып тастаған соң,жұмысты жалғастыруға болады.
Егер бұл функция көмектеспесе, құралды желіден ажыратып, жұмысшы блокты ашыңыз да,
оны қолмен тазартыңыз.
Тазарту және күтім
Құралды ашып бөлшектеу:
Құралды өшіріп, қозғалтқыштың толығымен тоқтағанына көз жеткізіңіз.
Құралды электр желісінен ажыратыңыз .
Ет тартқышты жинақтау бойынша нұсқауға сәйкес, кері тәртіпте, ашып бөлшектеңіз.
Жұмысшы блокты (7) алғанда бекітетін тетікті (3) басып ұстап тұрыңыз.
Тазарту
Тағамның қалдықтарын алып тастаңыз. Тағаммен жанасатын бөлшектерді сабынды жылы
сумен жуыңыз.
Мотордың сыртқы корпусын суға батырмаңыз, оны дымқыл сулықпен сүртіңіз.
Абразивті, хлоры бар заттарды және органикалық еріткіштерді қолданбаңыз.
Таза және кептірілген пышақ пен торшаларды өсімдік майы сіңген майлықпен сүртіңіз.
Еттартқыштың бөлшектерін ыдыс жуғыш машинада жууға болмайды және құралдың
бөлшектерін тазарту үшін тазартқыш заттардың құрамында сілтілі ерітіндлері бар болса
қолданбаңыз.

Содержание

Похожие устройства

Скачать