Bosch PST 18 LI 603011020 [55/123] Аралау полотносын орнату алмастыру

Bosch PST 18 LI 603011020 [55/123] Аралау полотносын орнату алмастыру
Қaзақша | 55
Bosch Power Tools 1 609 92A 0R2 | (24.2.15)
Ескертпе: аккумулятор ішінара зарядталған күйде
жеткізіледі. Аккумулятордың толық қуатын қамтамасыз
ету үшін пайдалану алдында аккумуляторды зарядтау
құрылғысында толығымен зарядтаңыз.
Литий-иондық аккумуляторды пайдалану мерзімін
қысқартусыз кез келген уақытта зарядтауға болады.
Зарядтау процесін үзу аккумулятордың зақымдалуына
әкелмейді.
Литий-иондық аккумулятор „Electronic Cell Protection
(ECP)“ арқылы терең заряд жоғалтудан қорғалған.
Аккумулятор заряды жоқ болса электр құралы қорғаныс
схемасы арқылы өшіріледі: алмалы-салмалы аспап басқа
қозғалмайды.
Электр құралы автоматты ретте өшкеннен соң
қосқыш/өшіргішті басқа баспаңыз. Әйтпесе
аккумулятор зақымдануы мүмкін.
Аккумуляторды 4 шығару үшін аккумуляторды босату
түймесін 5 басыңыз және аккумуляторды электр
құралынан жоғарыға қарай шығарыңыз. Тартқан кезде
күш салмаңыз.
Қоқыстарды қайта өңдеу туралы нұсқауларды орындаңыз.
Аралау полотносын орнату/алмастыру
Ара полотносын орнатуда қорғаныш қолғабын
киіңіз. Ара полотносына тию жарақаттану қаупін
тудыруы мүмкін.
Ара полотносын таңдау
Осы нұсқаулық соңында ара полотнолары шолу берілген.
Тек бір тұтқалық (T-тұтқа) немесе 1/4"-әмбебап тұтқалы
(U-тұтқа) ара полотноларын орнатыңыз. Ара полотносы
қажетті кесіктен ұзын болмауы керек.
Жіңішке кесіктер үшін жіңішке ара полтноларын
пайдаланыңыз.
Ара полотносын салу (В суретін қараңыз)
Орнатудан алдын ара полотносы тұтқасын
тазалаңыз. Кірленген тұтқаны қатты бекіту мүмкін
емес.
Қажет болса қаптаманы 11 алып қойыңыз ( „Қаптама“
қараңыз).
Ара полотносы бекіткішін 17 жоғарыға бағытта
жылжытыңыз. Ара полтносын 14, тістерімен кесік
бағытында ара полотносы қысқышына тірелгенше
жылжытыңыз.
Ара полотносын орнатуда оның артқы шеті бағыттаушы
дөңгелек 12 ойығында жатысына көз жеткізіңіз.
Ара полотносы бекем тұруына көз жеткізіңіз. Босаң
ара полотносы жарақаттауы мүмкін.
Ара полотносын алу (C суретін қараңыз)
Ара полотносы бекіткішін 17 көрсеткі бағытында
жылжытып ара полотносын 14 алып қойыңыз.
Ара полотнолары қоймасы (D суретін қараңыз)
Ара полотнолары қоймасында 8 ұзындығы 110 мм
болатын алты ара полотносын сақтауға болады. Бір
тұтқалы (T-тұтқа) ара полотносын сол үшін арналған ара
полотнолары қоймасының саңылауына салыңыз. Үш ара
полотносы бірінен соң бірі кезектесуі мүмкін.
Ара полотнолары қоймасын жауып, тіреу тақтасының 9
қуысына тірелгенше жылжытыңыз.
Жарылудан сақтайтын пластина
(E суретін қараңыз)
Жарылудан сақтайтын пластина 20 (жабдық) ағаш
аралауда беттің жарылып кетуінен сақтауы мүмкін.
Жарылудан сақтайтын пластинасын тек арнайы ара
полотносы түлерінде және аралау бұрышы тек 0 ° болғанда
пайдалану мүмкін. Тіреу тақтасы 9 жарылудан сақтайтын
пластинасымен аралауда шетіне жақын артқа
жылжытылуы мүмкін емес.
Жарылудан сақтайтын пластинаны 20 төменнен тірек
тақтасына 9 басыңыз (суретте көрсетілгендей ойығымен
жоғарыға).
Кесік бақылау „Cut Control“
„Cut Control“ кесік бақылауы дайындамада сызылған
аралауы сызығымен электр құралын нақты басқаруға
мүмкіндік береді. „Cut Control“ жинағы кесік белгілері бар
терезені 15 және электр құралын бекітетін табанды 13
қамтиды.
„Cut Control“ құралын тірек тақтасында бекіту
(F суретін қараңыз)
„Cut Control“ 15 терезесін табандың 13 бекіткіштерінде
бекітіңіз. Табанды жай қысып оны 9 тірек тақтасының 21
бағыттаушысына бекітіңіз.
Шаңды және жоңқаларды сору
Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар
және металлдар бар кейбір материалдардың шаңы
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат
ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу
қалдықтарымен (хромат, ағашты қорғау заты) бірге
канцерогендер болып есептеледі. Асбестік материал
тек қана мамандармен өңделуі керек.
Мүмкіншілігінше осы материал үшін сәйкес келетін
шаңсорғышты пайдаланыңыз.
Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
Жұмыс орнында шаңның жиналуын болдырмаңыз.
Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Қаптама (G – H суреттерін қараңыз)
Электр құралын шаңсорғышқа қосудан алдын қаптаманы
11 орнатыңыз.
Каптаманы 11 электр құралына орта бекіткіш тию
қорғанышына 16 және екі сыртқы бекіткіш корпустың
саңылауына кіретін ретте орнатыңыз.
OBJ_BUCH-1246-004.book Page 55 Tuesday, February 24, 2015 9:24 AM

Содержание

Скачать