Bosch PST 18 LI 603011020 [56/123] Пайдалану

Bosch PST 18 LI 603011020 [56/123] Пайдалану
56 | Қaзақша
1 609 92A 0R2 | (24.2.15) Bosch Power Tools
Қаптаманы 11 шаңсорғышсыз және қисық аралаусыз
болған жұмыстарда алып қойыңыз. Бұл үшін қаптаманы
сыртқы бекіткіштер биіктігіне дейін басып алға қарай
шешіңіз.
Шаңсорғышты қосу
Шаңсорғыш шлангін 6 (жабдық) аспирациялық келте
құбырына 7 қосыңыз. Шаңсорғыш шлангін 6
шлангсорғышқа қосыңыз (жабдықтар). Осы нұсқаулық
соңында түрлі шаңсорғыштарға қосу тәсілдері берілген.
Оптималды шаңсоруды мүмкіндігінше жарылудан
сақтайтын пластинаны 20 орнатыңыз.
Шаңсорғыш өңделетін материалға сәйкес болуы қажет.
Денсаулыққа зиян, обыр туғызатын немесе құрғақ шаңдар
үшін арнайы шаңсорғышты пайдаланыңыз.
Пайдалану
Пайдалану түрлері
Аккумуляторды электр құралмен кез келген
жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету,
т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр құралды
тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз.
Кездейсоқ қосылғанда жарақат алу қаупі бар.
Тербелуді реттеу
Төрт басқышты тербелу аралау жылдамдығын, аралау
өнімділігін және аралау суретін өңделетін материалға
лайықтауға мүмкіндік береді.
Реттеуші тұтқышпен 10 пайдалану кезіндегі тербелісті
реттеуге болады.
Әрбір пайдаланудағы оптималды тербелу басқышын
тәжірібемен білу мүмкін. Онда төмендегі ұсыныстарға
назар аударыңыз:
Аралау шеті нәзік немесе таза болуы қажет болса, жай
тербелу басқышын реттеңіз немесе тербелуді өшіріңіз.
Жіңішке заттарды (қаңылтыр) өңдеуде тербелуді
өшіріңіз.
Қатты заттарды (болат) жай тербелумен өңдеңіз.
Жұмсақ материалдарды және ағашты талшығымен
аралауда максималды тербелуді пайдалану керек.
Бағыт бұрышын реттеу (I суретін қараңыз)
Тірек тақтасын 9 қисық аралауда 45° шейін оңға немесе
солға қисайту мүмкін.
–Қаптама 11 мен аспирациялық келте құбырды 7
шешіңіз.
Аралау полотносы қоймасын 8 тіреу тақтасынан 9
шығарыңыз.
Бұрандалы шегені 23 босатып, тірек тақтасын 9 жай
аспирациялық келте құбыры 7 бағытында
жылжытыңыз.
Бұрышты нақты реттеу үшін тіреу тақтасының оң және
сол жаңында 0°, 22,5° және 45° қасында тірелу
нүктелері бар. Тіреу тақтасын 9 шкала бойынша 22
қажетті күйге келтіріңіз. Басқа бұрыштарды бұрыш
өлшегіш арқылы реттеу мүмкін.
Сосын тіреу тақтасын 9 ара полотносы 14 бағытында
тірелгенше жылжытыңыз.
Бұрандалы шегені 23 қайта бұрап қойыңыз.
Қаптама 11, аспирациялық келте құбыр 7 мен жарылудан
сақтайтын пластинаны 20 қисық аралауда орнату мүмкін
емес.
Қисық аралауда кесік бақылау (J суретін қараңыз)
Кесік бақылау үшін „Cut Control“ терезесінде 15 бір белгі
24 0° санымен оң жақтық аралауды және басқа белгілер
25 шкала 22 бойынша 45° бұрышында оң немесе сол
жаққа түсетін қисық аралау үшін берілген.
Аралау белгілері 0° және 45° аралығындағы бұрыштарға
пропорционалды есептеледі. Ол „Cut Control“ 15 терезеде
маркермен қосымша сызылып және жойылуы мүмкін.
Тексеру үшін аралап орындап көріңіз.
Тіреу тақтасын жылжыту (I суретін қараңыз)
Шетке жақын болатын аралау үшін тіреу тақтасын 9 артқа
жылжыту керек.
Бұрандалы шегені 23 босатып, тіреу тақтасын 9
аспирациялық келте құбыр
7 бағытында жылжытыңыз.
Бұрандалы шегені 23 қайта бұрап қойыңыз.
Жылжытылған тіреу тақтасымен 9 аралау тек 0°
бұрышында мүмкін. Сондай-ақ „Cut Control“ кесік
бақылауын табанбен 13, дөңгелекті аралау құрылғысымен
бағыттаушы тақсасын 27 (жаюдықтар) және жарылудан
сақтайтын пластинасын 20 пайдалану мүмкін емес.
Пайдалануға ендіру
Аккумуляторды орнату
Тек электр құралыңыздың зауыттық
тақтайшасында белгіленген қуатты түпнұсқалық
Bosch литий-иондық аккумуляторын
пайдаланыңыз. Басқа аккумуляторларды пайдалану
жарақаттану және өрт қаупін тудыруы мүмкін.
Қосу/өшіру
Электр құралын пайдалану үшін алдымен құлыптау
пернесін 1 басып кейін қосқыш/өшіргішті 2 басып ұстап
тұрыңыз.
Шырақ 18 косқыш/өшіргішті 2 жай немесе толық
басылқанда жанып жетерлік болмаған жарықтық
жағдайында жұмыс аймағын жарықтандырады.
Электр құралды өшіру үшін қосқышты/өшіргішті 2
жіберіңіз.
Ескертпе: Қауіпсіздік себебінен қосқыш/өшіргішті 2
құлыптауға болмайды, ол жұмыс істеу кезінде басылған
болуы қажет.
Энергия қуатын үнемдеу үшін электр құралын тек
пайдаланарда қосыңыз.
тербелусіз
жай тербелу
орташа тербелу
қатты тербелу
OBJ_BUCH-1246-004.book Page 56 Tuesday, February 24, 2015 9:24 AM

Содержание

Скачать