Bosch PMF 10,8 LI без акк. и з.у. (0.603.101.924) [62/137] Пайдалану

Bosch PMF 10,8 LI (0.603.101.926) [62/137] Пайдалану
62 | Қaзақша
1 609 92A 0SF | (29.10.14) Bosch Power Tools
Шаңды және жоңқаларды сору
Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар
және металлдар бар кейбір материалдардың шаңы
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат
ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу
қалдықтарымен (хромат, ағашты қорғау заты) бірге
канцерогендер болып есептеледі. Асбестік материал
тек қана мамандармен өңделуі керек.
Мүмкіншілігінше осы материал үшін сәйкес келетін
шаңсорғышты пайдаланыңыз.
Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
Жұмыс орнында шаңның жиналуын болдырмаңыз.
Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Шаңсорғышты қосу (А суретін қараңыз)
Шаңсорғышты 18 орнату (жабдық) үшін алмалы-салмалы
аспапты алып қойыңыз.
Керек болса, шаңсорғыштың 18 бөліктерін суретте
көрсетілгендей біріктіріңіз. Орнатылған шаңсорғышты
электр құралындағы аспап патронына 7 орнатыңыз.
Шаңсорғышты оның дөңестері корпустағы тиісті
тесіктерге кіретін етіп бұраңыз. Шаңсорғышты суретте
көрсетілгендей ұстағыш қапсырмамен 16 электр
құралында бекітіңіз.
Киізді сақинаның 15 зақымдалмағандығына және тегістеу
пластинасына 12 тығыз жатуына көз жеткізіңіз.
Зақымдалған киізді сақинаны бірден алмастырыңыз.
Шаңсорғыш шлангін 19 (жабдық) аспирациялық келте
құбырына 17 қосыңыз. Шаңсорғыш шлангін 19
шлангсорғышқа қосыңыз (жабдықтар). Осы нұсқаулық
соңында түрлі шаңсорғыштарға қосу тәсілдері берілген.
Шаңсорғыш өңделетін материалға сәйкес болуы қажет.
Денсаулыққа зиян, обыр туғызатын немесе құрғақ шаңдар
үшін арнайы шаңсорғышты пайдаланыңыз.
Пайдалану
Пайдалануға ендіру
Аккумуляторды орнату
Тек электр құралыңыздың зауыттық
тақтайшасында белгіленген қуатты түпнұсқалық
Bosch литий-иондық аккумуляторын
пайдаланыңыз. Басқа аккумуляторларды пайдалану
жарақаттану және өрт қаупін тудыруы мүмкін.
Ескертпе: Электр құралыңызға арналмаған
аккумуляторды пайдалану қате жұмыс істеуіне немесе
электр құралының зақымдануына алып келуі мүмкін.
Зарядталған аккумуляторды 2 разъемға бекітілгенін және
разъемға тығыз тиіп тұрғанын сезгенше салыңыз.
Қосу/өшіру
Электр құралын қосу үшін қосқыш/өшіргішті 5 алға,
қосқыштағы „1“ бағытында жылжытыңыз.
Электр құралын өшіру үшін қосқыш/өшіргішті 5 арқаға,
қосқыштағы „0“ бағытында жылжытыңыз.
Энергия қуатын үнемдеу үшін электр құралын тек
пайдаланарда қосыңыз.
Литий-иондық аккумулятор „Electronic Cell Protection
(ECP)“ арқылы терең заряд жоғалтудан қорғалған.
Аккумулятор заряды жоқ болса электр құралы қорғаныс
схемасы арқылы өшіріледі: алмалы-салмалы аспап басқа
қозғалмайды.
Ескертпе: Аккумулятор заряды ада болған немесе ол
қызып кеткен кезде электр құрал автоматты өшсе, онда
электр құралды қосқыш/өшіргішпен 5 өшіріңіз. Электр
құралды қайта қосар алдында аккумуляторды зарядтаңыз
немесе суытыңыз. Әйтпесе аккумулятор зақымдануы
мүмкін.
Тербелу санын таңдау
Тербелу санын таңдайтын реттеуші арқылы 3 қажетті
тербелу санын жұмыс істеу кезінде де реттеуге болады.
Талап етілетін тербелулер санын материалмен жұмыс
жасау жағдайына байланысты тәжірибе арқылы анықтауға
болады.
Ағаш немесе метал сияқты қатты материалдарды аралау
және ажырату үшін „5“ немесе „Е“ тербелу саны басқышы,
ал пластмасса сияқты жұмсақ материалдар үшін „4“
тербелу саны басқышы ұсынылады.
Қатты ағаш немесе метал сияқты қатты материалдарды
ажарлауда „5“ тербелу саны басқышы, ал жұмсақ ағаш
сияқты жұмсақ материалдар үшін „4“ тербелу саны
басқышы ұсынылады.
Ең жоғарғы „E“ тербелу саны басқышында Eco
электроникасы белсенді болады: жүктелмеген электр
құралында тербелу саны басқышы автоматты кемейтіледі
(шам. 1 сек соң). Кемейту арқылы әр зарядтауға
аккумулятор жұмыс істеу мерзімі үзайып төменірек
дірілдеу алмалы-салмалы аспаптың дайындамаға салу
дәлдігін оңтайландырады. Егер алмалы-салмалы аспап
қайта жүктелсе электр құралы автоматты ретте дереу
максималды тербелу санына өтеді.
Осы Eco электроникасы ажарлау әрекеттеріне
арналмаған. Ол үшін „5“ тербелу саны басқышы сәй
келеді, онда „E“ басқышындағыдай тербелу саны болып
Eco электроникасы жоқ болады.
Пайдалану нұсқаулары
Электр құралын жерге қоюдан алдын оның
тоқтауын күтіңіз.
Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Ескертпе: Электр құралының желдеткіш саңылауын 6
жұмыс істеу кезінде жаппаңыз, әйтпесе электр құралының
пайдалану мерзімі қысқарады.
HCS аспаптарымен жұмыс істеу кезінде аспаптар бояуы
зақымдалмаған болуына көз жеткізіңіз.
OBJ_BUCH-1242-004.book Page 62 Wednesday, October 29, 2014 11:12 AM

Содержание

Похожие устройства

Скачать