Gorenje DT9SY2B 579207 [39/48] Маңызды ақпарат пен ұсыныстар

Gorenje DT9SY2B 579207 [39/48] Маңызды ақпарат пен ұсыныстар
KK 1
ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЖƏНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ
ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУ
Құрметті клиент,
Сіз біздің ас үйге арналған сорып шығару
құрылғысынының жаңа сериялы өнімін сатып
алдыңыз. Біздің өніміміз Сізге жақсы қызмет етеді
деген үміттеміз. Сізге осы нұсқауды оқуға жəне
нұсқаулыққа сəйкес бұйымға қызмет көрсетуге
кеңес береміз.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ ПЕН ҰСЫНЫСТАР
x Сорып шығару құрылғысы, электр емес, басқа
энергиямен қоректенетін, басқа көздердегі
түтінді жоятын түтіндікке жалғанбауға тиіс.
x Аспап сорып шығару құрылғысы (буды сорып
шығару шахтасына шығару) нұсқасында да,
көмір сүзгісі мен қайта айналу жиынтығын
сатып алғаннан кейін қайта айналу (көмір
сүзгісі арқылы айналып жүру) нұсқасында да
қолданылуы мүмкін.
x Сорып
шығару құрылғысымен (сорып шығару
нұсқасындағы) бір уақытта сол бөлмеде жану
бөлмесіндегі ауаны тұтынатын жылу көзінің
аспабы (мысалы, газ, май, мұнай, қатты
отындар) жұмыс істеу жағдайында, бұл
аспаптардың жанғанда вакуум түзетініне көңіл
аудару қажет. Мұндай жағдайда, ауаның
жеткілікті берілуін (сырттан) қамтамасыз ету
қажет.
x Сорып шығару құрылғысының астындағы
ашық отпен күрделі
іс-əрекеттер жасамаңыз
(мысалы, фламбирлеу, жəне т.б.)!
x Қуыру кезіндегі май сүзгісінде пайда болған
елеулі май қалдықтарын үнемі тазалап отыру
керек.
x Сүзгіні ауыстыруды төменде көрсетілгендей
түрде орындаған жөн.
x Аспаппен тек ересек адамдар ғана жұмыс
істеуге тиіс.
x Аспап стандартты тұрмыс жағдайларында
қолдануға арналған.
x
Бұл аспап физикалық, сезінушілік немесе
ақыл-ой қабілеттері шектеулі не болмаса
тəжірибесі мен білімдерінің жоқтығы аспапты
қауіпсіз қолдануға мүмкіншілік бермейтін
тұлғаларға арналмаған, егер олар бақылауда
болмаса немесе аспапты қолдану бойынша
олардың қауіпсіздігі үшін жауапты
тұлғалардан нұсқау алмаса. Балалар,
олардың аспаппен ойнамайтынына кепілдік
болу үшін, бақылауда болуы тиіс.
x Пісіру аспаптарын
қолданған кезде қол жетімді
бөліктері ыстық күйге дейін қызып кетуі
мүмкін.
x Сорып шығару құрылғысы Y типіндегі
жалғануы бар аспап болып табылады. Егер
қорек сымы зақымданған болса, онда қауіпті
жағдайдың алдын алу мақсаттарында, оны
ауыстыруды өндіруші, оның қызмет көрсету
технигі немесе білікті маман қамтамасыз етуге
тиіс.
x Сорып шығару құрылғысын дұрыс
орнатпаудың немесе дұрыс қолданбаудың
нəтижесінде келтірілген зиян үшін өндірушіге
жауапкершілік жүктелмейді.
x Сақтаудың шарттары жəне мерзімі:
аппараттар табиғи желдеткіші жəне қалыпты
жағдайы бар (сыртқы ортада белсенді заттар
мен шаң болмауы керек, температура
диапазоны -10° жəне 37°С арасында, ауаның
қатыстық ылғалдығы максимум 85%, соққы
мен дірілді болдырмау керек) жабық жайда
сақталуы керек, сақталу мерзімі шектелмеген
(сақталу жағдайын ұстану барысында), қызмет
ету мерзімі (егер тасымалдау,
сақтау, орнату
жəне техникалық қызмет көрсету бойынша
ұйғарымдарын ұстанса) 10 жыл.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
x Сорып шығару құрылғысын қабырғаға орнатар
алдында айырды розеткаға қосып, мотордың,
жарық беру жəне қуат деңгейлерінің жұмыс
істеп тұрғандығына көз жеткізіп алу керек.
x Қозғалтқыштың аса шулы жұмыс
істемейтіндігіне, бір қалыпты жұмыс
істейтіндігіне жəне жағымсыз дыбыстар
шығармайтынына көз жеткізу керек.
x Сорып шығару құрылғысынан жəне түтіндіктен
қорғаныш қабатын алып тастамау
керек.
x Бетінің көрінетін бүлінулерін (жапырылғандар,
сызаттар) тексеру жəне қорабының
зақымдалмағанына көз жеткізу.
АҚАУЛАРДЫ БАЙҚАҒАН ЖАҒДАЙДА СОРЫП
ШЫҒАРУ ҚҰРЫЛҒЫСЫН ОРНАТПАЙ,
ӨЗІҢІЗДІҢ САТУШЫҢЫЗҒА
НАРАЗЫЛЫҒЫҢЫЗДЫ БІЛДІРІҢІЗ!!!
x Сорып шығару құрылғысын орнатқан кезде
қорғаныш қабатын алмаңыз. Сорып шығару
құрылғысынан қорғаныш қабатын тек сорып
шығару құрылғысын жəне дұрыс биіктік
құбырын орнатып болған соң
ғана алыңыз.
x Егер Сіз құбырды қорғаныш қабатынсыз
ауыстыратын болсаңыз, онда сызаттар пайда
болуы мүмкін.
Осы нұсқауларды орындау орынсыз
шағымдарды қарастырудың артық рəсімдерін
болдырмауға мүмкіндік береді.
СИПАТТАМАСЫ (1-СУР.)
А Сорып шығару құрылғысы
B Декоративті түтіндіктің төменгі бөлігі
C Декоративті түтіндіктің жоғарғы бөлігі
E Көмір сүзгісі (тек қайта айналуға арналған)
F Май сүзгісі
M Декоративті түтіндіктің қақпағы
H Ауыстырып-қосқыш
ЭЛЕКТРЛІК ҚОСУ
x Аспапты орнатар алдында Сіздің электр
желіңіздегі кернеудің аспаптың ішіндегі зауыт
тақташасындағы мəліметтерге сəйкестігіне көз
жеткізіңіз.

Содержание

Похожие устройства

Скачать