Zanussi ZOB35772XD [9/64] Пайдалы нұсқаулар менен кеңестер

Zanussi ZOB35772XD [9/64] Пайдалы нұсқаулар менен кеңестер
8. Бұрылмалы істіктің ұстағышын
алыңыз.
9. Тұмшапеш функциялары тетігін
бұрылмалы істік қалпына қойыңыз.
Бұрылмалы істік айнала бастайды.
10. Қажетті температураны орнатыңыз.
Пісіру кестелеріне қараңыз.
Егер сағат функциясы (Ұзақтық жəне
Аяқтау) аяқталып, құрылғыны
сөндірмесеңіз, бұрылмалы істік жұмысын
жалғастыра береді.
Қосымша функциялар
Желдеткіш
Құрылғы жұмыс істеп тұрған кезде,
құрылғының беттерін салқын ұстау үшін
желдеткіш автоматты түрде қосылады.
Құрылғыны сөндірсеңіз, желдеткіш
құрылғының ішіндегі температура
салқындағанша жұмыс істеп тұра береді.
Қауіпсіздік термостаты
Құрылғы дұрыс жұмыс істемесе немесе
бөлшектерінде ақау бар болса, қатты
қызып кету қаупі бар. Бұндай жағдайдың
алдын алу үшін тұмшапеш тоқты кідіртуге
арналған термостатпен жабдықталған.
Температура төмендеген кезде тұмшапеш
қайта автоматты түрде қосылады.
Пайдалы нұсқаулар менен кеңестер
Құрылғының сөре қойылатын бес
деңгейі бар. Сөре қатарлары
құрылғының астыңғы жағынан бастап
саналады.
Құрылғы ауаны үздіксіз айдап жəне буды
тұрақты айналдырып отыратын арнайы
жүйемен жабдықталған. Бұл жүйенің
көмегімен тағамды булы ортада, ішін
жұмсақ, сыртын кітірлек етіп пісіруге
болады. Бұл жүйе тамақ пісіретін уақыт
пен қуат шығынын барынша азайтады.
Құрылғының ішіне немесе есігінің шыны
панельдеріне
бу тұруы мүмкін. Бұл
қалыпты жағдай. Тағам пісіріп жатқанда
құрылғының есігін ашу қажет болса,
əрқашан артқа шегініңіз. Буды азайту
үшін құрылғыны тағам пісіру алдында 10
минут қыздырыңыз.
Құрылғыны пайдаланып болған сайын
ылғалды жерлерін тазалаңыз.
Заттарды құрылғының табанына тура
қоймаңыз жəне тағам пісіріп жатқан
кезде құрылғының ешбір бөлшектерін
алюминий жұқалтырмен жаппаңыз.
Себебі пісіру нəтижесіне əсер етіп,
пештің эмаль қаптамасын бүлдіруі
мүмкін.
Торт пісіру
Пісіру уақытының 3/4 мөлшері өтпейінше
тұмшапештің есігін ашпаңыз.
9
www.zanussi.com

Содержание

Скачать
Случайные обсуждения