Zanussi ZOB131X Инструкция по эксплуатации онлайн [12/60] 45748

Zanussi ZOB131X Инструкция по эксплуатации онлайн [12/60] 45748
Тот баспайтын болаттан не
алюминийден жасалған
құрылғылар:
Пештің есігін тек дымқыл жөкемен ғана
тазалаңыз. Оны жұмсақ шүберекпен
құрғатыңыз.
Темір жүн жөке, қышқыл не тазалағыш
құралдарды ешқашан пайдаланбаңыз,
себебі олар пештің бетін бүлдіреді. Пештің
басқару панелін де осы сақтық шараларын
қолдана отырып тазалаңыз
Есіктің тығыздағышын тазалау
Есіктің тығыздағышын уақытылы
тазалаңыз. Есіктің тығыздағышы
тұмшапештің жақтауын айнала
орналасқан. Есіктің
тығыздағышына
нұқсан келген жағдайда құрылғыны іске
қоспаңыз. Қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
Есіктің тығыздағышын тазалау үшін
тазалауға қатысты жалпы ақпаратты
қараңыз.
Тұмшапештің шамы
Назарыңызда болсын! Тұмшапештің
шамын ауыстырған кезде абай
болыңыз. Шамды ауыстырар алдында
əрқашан құрылғыны сөндіріп қойыңыз.
Электр тоғына түсу қаупі бар.
Назарыңызда болсын! Осы
құрылғыда тек тұрмыстық
құрылғыларда пайдалануға арналған
арнайы шамдар ғана қолданылған.
Оларды бөлмені жарықтандыру немесе
бөлменің кей жерін жарықтандыру үшін
пайдаланбаңыз. Егер шам ауыстыру керек
болса, орнына қолданылатын шамның
қуаты дəл осындай болуға тиіс жəне
тұрмыстық құрылғыларда ғана
қолданылатын шамды қолдану керек.
Тұмшапештің шамын ауыстырар
алдында:
Құрылғыны сөндіріңіз.
Сақтандырғыш қорабындағы
сақтандырғыштарды алыңыз немесе
айырып-қосқышты ажыратыңыз.
Тұмшапештің астына шүберек төсеңіз.
Бұл тұмшапештің шамы мен шыны
қалпағын зақым келуден сақтайды.
Тұмшапештің шамын ауыстыру:
1. Шамның қалпағын тұмшапештің арт
жағынан таба аласыз.
Шамның қалпағын алу үшін сағат
тілінің бағытына қарсы бұраңыз.
2. Шыны қақпақты тазалаңыз.
3. Тұмшапеш шамын 300 °C қызуға
төзімді тұмшапеш шамына
ауыстырыңыз.
Орнына тек осындай тұмшапеш
шамын ғана пайдаланыңыз. Шамның
қуаты құрылғы
шамының қуатымен
бірдей болуға тиіс жəне тек тұрмыстық
құрылғыға арналған шамды
пайдаланыңыз.
4. Шыны қалпақты орнатыңыз.
Тұмшапештің есігін тазалау
Тұмшапештің есігі екі шыны қабаттан
тұрады. Тұмшапештің есігін жəне ішкі
шыны панелін алып тазалауыңызға
болады.
Тұмшапештің есігін орнынан алмай
тұрып, ішкі шыны панельді алғыңыз
келсе, тұмшапештің есігі жабылып қалуы
мүмкін.
1
Есікті толық
ашып, есіктің екі
топсасын ұстап
тұрыңыз.
2
Екі топсадағы
тетіктерді көтеріп,
бұраңыз.
12
www.zanussi.com

Содержание

Скачать