IVT RHM-1000-RC [29/76] Тескіштерді алмастыру

IVT RHM-1000-RC [29/76] Тескіштерді алмастыру
29
KZ
Нұсқаулық
Құралдың астына бөгде заттар түскен жағдайда
құралдың ақаусыз екендігін тексеріңіз және қажетті
жөндеу жұмыстарын жүзеге асырыңыз.
Шамадан тыс діріл пайда болса жедел арада
қозғалтқышты сөндіріңіз және себебін анықтаңыз.
Діріл ақаудың белгісі болып табылады.
Жұмыс орнынан кетпес бұрын, құралды жөндеу,
тексеру немесе тазарту алдында оны сөндіріңіз және
толығымен тоқтағанша күте тұрыңыз.
Құралдың ішкі бөлшектерін алып тастауға
немесе өзгертуге тыйым салынады.
Қауіпсіздік техникасы бойынша ерекше
ережелер
Жұмыс барысында кескіш құралдың жасырын
тоқ сымдары мен өткізгіштермен жанасуы мүмкін
болғандықтан, мұндай жұмыстарды атқару
барысында оны оқшауланған, тоқ өткізбейтін
тұтқасынан ұстаңыз. Кернеулі тоқ сымына
жанасқанда электрлік құралдың ашық металл
бөлшектері электрлік қуатқа ие болады, осылайша
оператор тоқ соққысына шалдығады.
Құралмен ұзақ уақыт бойы жұмыс істейтін
болсаңыз құлаққап пайдаланыңыз. Қарқынды
шудың ұзақ уақыт бойына әсер етуі есту қабілетіне
жағымсыз әсер етеді.
Дулыға (қорғаушы қалқан), саусаққап және/
немесе қорғаушы бетперде пайдаланыңыз.
Қарапайым көзілдіріктер мен күннен қорғаушы
көзілдіріктер қорғаушы болып ТАБЫЛМАЙДЫ.
Сондай-ақ қатаң түрде респиратор мен қалың
жабынды саусаққап пайдаланған жөн.
Жұмыс басталмас бұрын тескіштің мұқият
бекітілгендігін көз жеткізіңіз.
Қалыпты жұмыс кезінде құрал дірілдейді.
Бұрамалар жеңіл босатылады, бұл бұзылуға немесе
апатты жағдайға әкеліп соғады. Жұмыс басталмас
бұрын бұрамаларды мұқият тексеріңіз.
Ауа райы салқын болғанда немесе ұзақ
уақыт бойы сақтағаннан кейін құралды шамалы
қыздырыңыз, бұл үшін бірнеше минут бойы қосулы
күйде сақтаңыз. Бұл майлауыштарды жібітеді.
Балғамен алдын-ала қыздырусыз жұмыс істеу қиын.
Тұрақты қалып сақтаңыз. Құралмен жоғары
биіктікте жұмыс істейтін болсаңыз, төменде
адамдардың жоқ екендігіне көз жеткізіңіз.
Құралды екі қолыңызбен мықтап ұстаңыз.
Қолыңызды қозғалмалы бөлшектерге жақын
жерде ұстамаңыз.
Қосулы құралды қараусыз қалдырмаңыз. Қосулы
ұрған құралды қолмен ұстап тұру керек.
Қосулы тұрған құралды қандай да бір тұлғаға
бағыттамаңыз. Тескіш ұшып кетіп, жарақаттауы
мүмкін.
Тескішке немесе тескіштің маңындағы
бөлшектерге тесу аяқталғаннан соң бірден
жанаспаңыз, себебі олар жұмыс кезінде қатты
қызады және күюге әкеліп соғуы мүмкін.
Кейбір материалдардың құрамында улы болып
саналатын химиялық заттар болуы мүмкін. Шаңның
тыны салу жолдарына және теріге түсуіне жол
бермеңіз. Жеткізуші ұсынатын материалдардың
қауіпсіздігі туралы мәліметтермен танысыңыз.
Құралды балалардың қолы жетпейтін жерде
сақтаңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Тек
сәйкес келетін ұзартқыштарды
пайдаланыңыз! Құралдың ашалық
саңылауларына сай келетін
ұзартқыштарды ғана пайдаланыңыз.
Ұзартқыштың жұмысқа жарамды
екендігін көз жеткізіңіз. Бұзылған
немесе тозған тоқсымдарды жедел
арада алмастырыңыз. Қолдану үшін
таңдалып алынған ұзартқыштың
құралға қажетті тоқ өткізуге төзімді
екендігіне көз жеткізіңіз. Сәйкес
келмейтін тоқсымды пайдаланатын
болсаңыз ол кернеудің төмендеуіне
әкеліп соғады, сәйкесінше қуаттылық
жоғалады және құрал қызып кетеді.
ҚОРАПСЫЗДАНДЫРУ
Қаптан алу кезінде барлық бөлшектердің түгел
екендігіне көз жеткізіңіз. Соңғы беттегі жинақтау
сызбасын қараңыз. Қандай да болмасын бөлшектер
бомаған жағдайда немесе ақаулы болған жағдайда
IVT қызмет көрсету орталығына жүгініңіз.
ҚОЛДАНУДЫ БАСТАУ
Қоректендіргіш кернеуінің мәні құралдың құжаттық
мәліметтерінде көрсетілген төлқұжаттық деректерге
сай болу керек.
ҚОСЫМША ТҰТҚА (3)
Құралға қосымша тұтқаны (3) орнату керек. Айналмалы
тұтқаны пайдалана отырып қауіпсіз қалыпты сақтауға
болады. Тұтқаны босатыңыз да, оны сағат тілінің
бағытына қарсы бұраңыз. Тұтқаны қайта бекітіңіз.
ТЕСКІШТЕРДІ АЛМАСТЫРУ
Орнатпас бұрын тескіштерді тазартыңыз және
оларға жұқалап машина майын жағыңыз.

Содержание