Redmond RMB-PM601 [21/28] Кез келген басқа осындай жағдайларда пайдаланыла алады

Redmond RMB-PM601 [21/28] Кез келген басқа осындай жағдайларда пайдаланыла алады
RMB-PM601
21
KAZ
Пайдаланар алдында пайдалану бойынша нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз
да, оны анықтамалық ретінде сақтап қойыңыз. Аспапты дұрыс пайдалану оның
қызметінің мерзімін ұзартады.
Бұл нұсқаулықтағы қауіпсіздік шаралары мен нұсқаулар құралды қолдану кезін-
де туындауы мүмкін барлық жағдайларды қамтымайды. Бұл құрылғымен жұмыс
кезінде қолданушы ақылға сүйеніп, абай әрі мұқият болуы тиіс.
САҚТАНУ ШАРАЛАРЫ
Өндіруші қауіпсіздік техникасының талаптарын және бұйымды
пайдалану ережелерін сақтамаудан туындаған зақымдар үшін
жауап бермейді.
Бұл электр аспап пәтерлерде, қала сыртындағы үйлерде, қонақ
үй нөмірлерінде, тұрмыстық нөмірлерде, дүкендердің тұрмы-
стық бөлмелерде, офистер мен өнеркәсіптік емес пайдаланудың
кез келген басқа осындай жағдайларда пайдаланыла алады.
Құрылғыны өнеркәсіптік немесе кез келген мақсатсыз пайда-
лану бұйымды тиісті түрде пайдалану шарттарын бұзу болып
саналады. Бұл жағдайда өндіруші ықтимал салдарлар үшін
жауап бермейді.
Құрылғыны электр желісіне қосар алдында оның кернеуі ас-
паптың номиналды кернеуіне сәйкес келетінін тексеріңіз (бұй-
ымның техникалық сипаттамалары немесе зауыттық кестесін
қараңыз).
Аспаптың тұтынатын қуатына есептелген ұзартқыш қолданыңыз:
параметрлердің сәйкессіздігі қысқа тұйықталуға немесе ка-
бельдің жануына әкеліп соқтыруы мүмкін.
Аспапты тек жерлендірілетін розеткілерге ғана қосыңыз, бұл
электр қауіпсіздігінің міндетті талабы. Ұзартқышты қолдана
отырып, оның жерлендірілетініне көз жеткізіңіз.
Жұмыс кезінде құралдың металл бөлшектері қызады. Құрал
электр желісіне қосулы кезде қол тигізбеңіз. Өнімді салмай
құралды қоспаңыз. Қызып тұрған құралдың ішкі беттеріне
ешуақыт қол тигізбеңіз.
Нан жануы мүмкін, сондықтан құралдың тез жанғыш заттардың
жанында пайдаланбау керек, мысалы перде.
Аспапты қолданған соң, сонымен қатар оны тазалаған немесе
тасымалдаған кезде розеткіден өшіріңіз. Электр бауын сымынан
емес, штепселінен ұстап тұрып, құрғақ қолмен шығарыңыз.
Электр қоректендіру бауын есік қуыстарында немесе жылу көздерінің
жанында тартпаңыз. Электр бауының бұралмағанын және иілмегенін,
үшкір заттарға, бұрыштар мен жиһазға тимегенін қадағалаңыз.
ЖАДЫҢЫЗДА БОЛСЫН: электр қоректендіру кабелі
зақымдалуы кепілдік шарттарына сәйкес келмейтін
ақауларға, сонымен қатар электр тоғына ұрынуға әкеліп
соқтыруы мүмкін.
Жұмыс істеп тұрған аспапты қараусыз қалдырмаңыз. Аспап
сыртқы таймер немесе қашықтықтан басқарудың жеке жүйесі
көмегімен жұмыс жасауға арналмаған.
Құралды тек қақпағы жабық күйінде қолдануға рұқсат беріледі.

Содержание

Похожие устройства

Скачать