Samsung RS68N8670SL Руководство по эксплуатации онлайн [97/232] 432665

Samsung RS68N8670SL Руководство по эксплуатации онлайн [97/232] 432665
Қазақ 17 
Қауіпсіздік туралы ақпарат
- Мұздатылған тағамдардың ең ұзақ сақтау уақыты мен жарамдылық
мерзіміне назар аударыңыз.
- Үш аптадан аз уақытқа кететін кезде тоңазытқышты тоқтан ажыратудың
қажеті жоқ. Дегенмен, үш аптадан ұзақ уақытқа кетіп бара жатсаңыз,
барлық тағамдарды және мұз себетіндегі мұзды алып, тоңазытқышты ток
көзінен ағытып, судың кранын жауып, ішкі қабырғалардың беттеріндегі
ылғалды сүртіп, иіс және зең пайда болмас үшін есікті ашық қалдырыңыз.
Қызмет кепілдігі және өзгерту.
- Бұл дайын құрылғыға 3-ші тарап енгізген кез келген өзгеріске Samsung
тарапынан кепілді қызмет көрсетілмейді, сондай-ақ, Samsung 3-ші тарап
енгізген өзгертуден туындаған, қауіпсіздікке қайшы жағдайлар үшін
жауапкершілік көтермейді.
Тоңазытқыштың ішіндегі ауа саңылауларын бітемеңіз.
- Ауа саңылаулары бітелсе, әсіресе пластик қалтамен бітелсе, тоңазытқыш
қатты салқындап кетуі мүмкін. Салқындату циклы өте ұзаққа созылса, су
сүзгісі сынып, су ағып кетуі мүмкін.
Тоңазытқышпен бірге жеткізілген мұз жасағышты ғана пайдаланыңыз.
Ішіндегі артық ылғалды сүртіңіз де, есіктерін ашық қалдырыңыз.
- Әйтпесе, жағымсыз иіс, зең пайда болуы мүмкін.
Тоңазытқыш электр желісінен ағытылып қалса, қайта қосар алдында кемінде
бес минут күтіңіз.
Тоңазытқыш су болып қалса, ашасын розеткадан суырып, Samsung
Electronics қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Шыны беттің ешқайсысын соқпаңыз немесе оған шамадан тыс көп күш
салмаңыз.
- Сынған шыны адамға зақым және/немесе мүлікке зақым келтіруі мүмкін.
Су сауыты мен мұз текшесінің науаларын ауыз суымен ғана толтырыңыз
(кран суы, минералды су немесе тазартылған су).
- Сауытқа шай немесе спорт сусындарын құймаңыз. Себебі тоңазытқышқа
зақым келтіруі мүмкін.
Untitled-14 17 6/28/2019 7:24:52 PM

Содержание

Похожие устройства

Скачать
Случайные обсуждения