Samsung RS68N8670SL [96/232] Пайдалану кезіндегі сақтық шаралар

Samsung RS68N8670SL [96/232] Пайдалану кезіндегі сақтық шаралар
Қауіпсіздік туралы ақпарат
Қазақ16 
Қауіпсіздік туралы ақпарат
Пайдалану кезіндегі сақтық шаралар
АБАЙЛАҢЫЗ
Жібітілген тағамды қайта мұздатпаңыз.
- Мұздатылған және жібітілген тағамдарда жаңа тағамға қарағанда зиянды
бактериялар тез көбейеді.
- Екінші рет жібіткенде бұдан да көп жасушалар бөлініп, ылғал сыртқы
шығып, тағам құрылымының біртұтастығын бұзады.
Етті бөлме температурасында жібітпеңіз.
- Шикі тағамның дұрыс қолданылуы - қауіпсіздікті қамтамасыз етуге тікелей
әсер етеді.
Мұздатқыш бөлікке шыны шөлмектерді немесе газдалған сусындарды
қоймаңыз.
- Сауыт мұздап, жарылып кетіп, адам жарақат алуы мүмкін.
Тоңазытқыштағы мұз жасағышты ғана пайдаланыңыз.
Тоңазытқыштың сумен жабдықтау жүйесін тек ауыз су құбырына ғана
қосыңыз. Мұз жасағышты дұрыс пайдалану үшін қысымы 138 ~ 862 кПа су
қажет. Үйден ұзақ уақытқа кетіп бара жатсаңыз (мысалы, демалысқа) және
су немесе мұз диспенсерлерін пайдаланбайтын болсаңыз, судың кранын
жабыңыз.
- Себебі, су ағуы мүмкін.
Тоңазытқышты ұзақ уақыт (3 апта не бұдан көп) пайдаланбайтын болсаңыз,
тоңазытқышты соның ішінде, мұз себетін босатып, ток көзінен ағытып, судың
кранын жауып, ішкі қабырғалардың беттеріндегі ылғалды сүртіп, иіс және зең
пайда болмас үшін есікті ашық қалдырыңыз.
Құрылғының барынша жақсы жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін:
- Тағамдарды тоңазытқыштың артқы жағындағы желдеткіш саңылауларға
тым жақын қоймаңыз, себебі тоңазытқыш бөліктің ішіндегі ауаның еркін
айналуына кедергі жасайды.
- Тағамды тоңазытқышқа қояр алдында, дұрыс ораңыз немесе ауа кірмейтін
сауыттарға салыңыз.
Untitled-14 16 6/28/2019 7:24:52 PM

Содержание

Похожие устройства

Скачать
Случайные обсуждения