Samsung SR20R7260WC [101/144] Ақаулықты түзету

Samsung VR20R7260WC [101/144] Ақаулықты түзету
ҚАЗАҚША29
Ақаулықты түзету
Белгісі Тексерулер
POWERbot шаңсорғышы мүлде жұмыс
істемейді.
f Төтенше қосқыштың қосулы екенін тексеріңіз.
f Бейнебет панелінде барлық белгішелердің көрсетілетінін тексеріңіз.
f POWERbot шаңсорғышының батареясының таусылған-таусылмағанын
тексеріңіз.
"Lo" көрінген кезде POWERbot шаңсорғышын зарядтау үшін зарядтау
блогына қойыңыз.
f Егер қашықтан басқару пульті жұмыс істемесе, батареяларды (AAA
тұрпаты) ауыстырыңыз.
POWERbot шаңсорғышы тазалау
барысында тоқтап қалды.
f Дисплей панелінде "Lo" көрінгенде, POWERbot шаңсорғышын зарядтау
үшін зарядтау блогына қойыңыз.
f POWERbot шаңсорғышы сым, табалдырық т.б. сияқты кедергілерге
тіреліп, қимылсыз қалғанда, оны кедергіден алып қойыңыз.
Егер қозғалтқыш доңғалаққа шүберек немесе бау кептеліп қалса,
төтенше қосқышты өшіріп, оны қайтадан пайдалану алдында
шүберекті немесе бауларды алыңыз.
Шаң сору қуаты әлсіз.
f Шаң сауытында тым көп шаң болғанда, шаң сору қуаты әлсіреуі мүмкін.
Төтенше қосқышты ажыратыңыз да, шаң сауытын босатыңыз.
f Шөткеге бөгде зат кептеліп қалса, төтенше жағдай қосқышын өшіріңіз де,
шөткедегі бөгде затты алып тастаңыз.
f Шуыл кенеттен күшейген кезде, төтенше қосқышты ажыратыңыз да, шаң
сауытын босатыңыз.
POWERbot зарядтау блогын таба алмайды.
f Қуат үзіліп қалмағанын немесе ашаның розеткадан суырылып
қалмағанын тексеріңіз.
f POWERbot шаңсорғышының зарядтау блогына қайтуына кедергі
жасайтын, зарядтау блогының айналасындағы кез келген кедергіні алып
тастаңыз.
f Зарядтау істікшелерінде бөгде зат болса, зарядталуға кері әсерін тигізуі
мүмкін. Істікшелерді бөгде заттардан тазартыңыз.
POWERbot кенеттен қиғаштап тазалайды.
f Зарядтау блогының ағаш еденнің талшығының немесе тақташалардың
бойымен орнатылғанын тексеріңіз.
f Егер POWERbot басқа жерге ең қысқа жолмен бара жатса, ол қиғаш
бағытта тазалауы мүмкін. Ол сондай-ақ сол қозғалыс бұрышымен
кедергіге жолықса, зарядтау блогында сондай бұрышмен зарядталса
немесе қисайған ағаш немесе қыш тақташа еденнің түйірі сол бағытта
болса, қиғаш бағытта қозғалуы мүмкін.
POWERbot меже белгілегішті анықтамайды
және межеден асып кетеді.
f Меже анықтағыштардың (
) түрінде, POWERbot өтіп кетпеуге тиіс
жерден 15 см алыс жерге жапсыру керек.
Нысаналы тазалау жұмыс істемей тұр.
f Егер қызыл жарықты POWERbot шаңсорғышына тура бағыттасаңыз, ол
қалаған бағытта қозғалмауы мүмкін.
Қызыл жарықты POWERbot шаңсорғышынан 0,5 м жердегі еденге
бағыттаңыз.
Нысаналы тазалауды күн жарығы тура түскенде, күшті жарық астында
немесе қара түсті едендерде пайдаланбаңыз.
3_VR7200_KK_DJ68-00827K-00_CIS.indd 29 2019-05-02 오후 4:05:24

Содержание

Похожие устройства

Скачать
Случайные обсуждения