Samsung SR20R7260WC [98/144] Ескертпелер мен ескертулер

Samsung VR20R7260WC [98/144] Ескертпелер мен ескертулер
ҚАЗАҚША26
Зарядтау
Ескертпе
f Егер батарея зарядтау кезінде асқын қызып кетсе,
зарядтау уақыты ұзағырақ болады.
f Автозарядталу функциясы жұмыс істемесе,
төмендегілерді іске асырыңыз:
Төтенше қосқышты (POWERbot шаңсорғыштың
астындағы) сөндіріңіз де, қайта қосыңыз.
Зарядтау блогының қуат ашасын ағытып, содан кейін
қайта қосыңыз.
Зарядтау блогын тоқтан ажыратыңыз да, POWERbot
шаңсорғышының зарядтағыш істіктерінде бөгде
заттың бар-жоғын тексеріп, зарядтау блогының
зарядтау істіктерін құрғақ матамен немесе
шүберекпен тазалаңыз.
Зарядтау блогының жанында шағылыстырғыш
заттар, орындықтар т.б. бар-жоғын тексеріңіз.
f POWERbot шаңсорғыш зарядтау блогынан ағытулы
күйде қалса, батарея өзінен өзі таусылады.
POWERbot шаңсорғышын зарядтау блогында
зарядтаған қалпы ұстауға тырысыңыз. (Дегенмен,
іс-сапарға немесе демалысқа кету т.б. сияқты ұзақ
уақытқа үйден кетуді жоспарлағанда, төтенше
жағдай қосқышын сөндіріп, зарядтау блогын ағытып
қойыңыз.)
Пайдалану
Ескертпе
f POWERbot тазалау барысында табалдырықтарға
т.б. тіреліп қалуы мүмкін.
Жұмысты қайта бастау үшін төтенше қосқышты
өшіріңіз де, POWERbot шаңсорғышын оңай қозғала
алатын жерге апарып, қайтадан тоққа қосыңыз.
f POWERbot шаңсорғыш бұрыш, қабырға мен
диванның арасы. т.б. тәрізді бара алмайтын
жерлерді толық тазалай алмайды.
Оларды дұрыс тазалау үшін басқа тазалау құралын
пайдаланыңыз.
f POWERbot шаңсорғыш жабысып қалған қоқысты
тазалай алмайды, сондықтан тазалағаннан кейін
еденде кейбір кір-қоқыс қалуы мүмкін.
Оларды дұрыс тазалау үшін басқа тазалау құралын
пайдаланыңыз.
f Егер POWERbot өшірілген болса, оны қашықтан
басқару пультіндегі Power (қуат) түймесін басу
арқылы іске қосу мүмкін емес. POWERbot.
шаңсорғышындағы [Start/Stop] түймесін басып
ұстап тұрыңыз.
f POWERbot зарядталып жатқан кезде Іріктеп
тазалау режимін таңдап, орындау мүмкін емес.
f Зарядталу кезінде Қолмен тазалау / Нысаналы
тазалау түймесін бассаңыз, POWERbot зарядтау
блогынан ағытылып, содан кейін күту режиміне
ауысады.
Тазалау және күтіп ұстау
Ескертпе
f Егер шаң сауыты мен сүзгіні сумен жусаңыз
Шаң сауыты: Суды әбден құрғатып алыңыз.
Сүзгі: Пайдаланар алдында көлеңкеде әбден
құрғатыңыз.
f Автоқақпақ құралын тазалаған кезде, оны сыртқа
тым қатты тартпаңыз.
Абай болыңыз
f Сүзгіні алып-салған кезде саусағыңызға абай
болыңыз, себебі ол шаң сауытының ұңғысына
қысылып қалуы мүмкін.
f Бөгде заттың кептелуіне жол бермеу үшін
POWERbot шаңсорғышының тіс шұқығыш, мақта
таяқша, т.с.с үстіне шығуына жол бермеңіз.
f Шөткеден бөгде заттарды алу қиын болса,
Samsung уәкілетті қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
f Шөтке тазалау барысында кір-қоқысты
кетіретіндіктен, жіп, ұзын шаш т.б. сияқты бөгде
заттар оның ішіне кептеліп қалуы мүмкін. Тазалау
нәтижелері барынша жақсы болуы үшін оны үнемі
тексеріп, тазалап отырыңыз.
f Жөндеу жұмыстарынан кейін шөткені және
шөткенің қақпағын дұрыс орнатпаса, еденде сызат
пайда болуы не құрылғы дұрыс жұмыс істемеуі
мүмкін. Сондықтан оларды жөндеу тәсіліне
сүйеніп, дұрыс орнатыңыз.
Ескертпелер мен ескертулер
3_VR7200_KK_DJ68-00827K-00_CIS.indd 26 2019-05-02 오후 4:05:21

Содержание

Похожие устройства

Скачать
Случайные обсуждения