Samsung SR20R7260WC [94/144] Smartthings қолданбасы

Samsung VR20R7260WC [94/144] Smartthings қолданбасы
ҚАЗАҚША22
SmartThings қолданбасы
SmartThings қолданбасы тек Wi-Fi функциясы бар үлгілермен ғана сыйысымды.
Сымсыз роутерді орнату
f Қолданбаға кіру қиындық тудырса, сымсыз роутердің пайдаланушы нұсқаулығын қараңыз.
f Samsung POWERbot шаңсорғышы тек Wi-Fi 2.4 ГГц құрылғысына ғана қолдау көрсетеді.
f Samsung POWERbot шаңсорғышында IEEE 802.11b/g/n және Soft-AP қолданылады.
IEEE 802.11n ұсынылады.
f Samsung POWERbot тек DHCP (Динамикалық хост теңшеу протоколы) протоколын ғана қолданады. DHCP сервер
нұсқасының сымсыз роутеріңізде іске қосулы екеніне көз жеткізіңіз.
f POWERbot протоколдардың шынайылығын тексеру мен шифрлау үшін WEP-OPEN, WPA-PSK/TKIP және WPA2-
PSK/AES қолданады.
WPA2-PSK/AES ұсынылады.
Роутеріңіздің бірегей SSID коды мен құпиясөзі бар екенін растаңыз.
f Сымсыз желі қосылымының сапасына сымсыз байланыс ортасы әсер етуі мүмкін.
f Егер Интернет провайдеріңіз компьютеріңіздің немесе модеміңіздің MAC мекенжайын (бірегей сәйкестендіру
нөмірі) тұрақты түрде тіркесе, POWERbot интернетке қосыла алмауы мүмкін. Интернет провайдеріңізден ДК-
ден басқа құрылғыны интернетке қосу процедурасын сұраңыз.
f Егер интернет провайдерге интернетке қосылу үшін идентификатор немесе құпия сөз қажет болса, POWERbot
интернетке қосыла алмауы мүмкін. Мұндай жағдайда интернетке қосылу үшін идентификаторыңызды немесе
құпия сөзіңізді енгізу қажет.
f POWERbot желіаралық қалқанға қатысты мәселелердің салдарынан интернетке қосыла алмауы мүмкін. Осы
мәселелерді шешу интернет провайдеріңізге хабарласыңыз.
f Кейбір сымсыз роутерлерде, тіптен интернет қосылмай тұрса да әдеттегіден өзгеше Домен атауының сервері
(DNS) мекенжайы болуы мүмкін. Егер ондай жағдай орын алса, сымсыз роутердің өндірушісіне және интернет
провайдеріне хабарласыңыз.
f Егер интернет провайдеріңіз берген процедураны орындағаннан кейін де интернетке қосыла алмасаңыз,
уәкілетті Samsung қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
f Егер роутер Wi-Fi сертификаттаған өнім болмаса, POWERbot интернетке қосыла алмауы мүмкін.
3_VR7200_KK_DJ68-00827K-00_CIS.indd 22 2019-05-02 오후 4:05:17

Содержание

Похожие устройства

Скачать
Случайные обсуждения