Samsung SR20R7260WC [78/144] Қауіпсіздік туралы ақпарат

Samsung VR20R7260WC [78/144] Қауіпсіздік туралы ақпарат
ҚАЗАҚША06
ЕСКЕРТУ
Қуат туралы
f Электр тоғы соғу немесе өрт шығу қатеріне жол
бермеңіз.
Қуат сымын бүлдіріп алмаңыз.
Қуат сымын тым қатты тартып суырмаңыз немесе оны
су қолмен ұстамаңыз.
100-240В~ мәнінен басқа қуат көзін пайдалануға
болмайды және сондай-ақ көп ұялы розеткаға бір
мезгілде бірнеше құрылғыны қатарынан қосуға
болмайды. (Қуат сымын еденде қараусыз қалдырмаңыз.)
Зақымданған ашаны, қуат сымын немесе босап
тұрған розетканы қолданбаңыз.
f Қуат ашасының істігі мен түйіспе бөлшегіндегі
шаңды немесе кез келген бөтен заттарды тазалаңыз.
Электр тоғы соғу немесе бұзылып қалу қатері бар.
ЕСКЕРТУ
Қолданар алдында
f POWERbot шаңсорғышын қыздырғыш құрылғының
немесе тұтанғыш материалдардың жанында
пайдалануға болмайды.
POWERbot шаңсорғышын жылжымалы қыздырғыш,
майшам, үстел шамы, камин т.с.с. сияқты оттың
немесе жалынның жанында немесе бензин, спирт,
сұйылтқыш т.с.с. сияқты тұтанғыш материалдар бар
жерде пайдалануға болмайды.
f Соқтығысып қалуға жол бермеу үшін POWERbot
жинап жүрген жердің маңайында қатерлі
заттардың жоқ екеніне көз жеткізіңіз және қандай
да бір қыздырғыштар немесе желдеткіштер болса,
тоқтан суырып қойыңыз.
f POWERbot шаңсорғыш робот үйде пайдалануға
арналған, сондықтан оны мансардада, жертөледе,
қоймада, өнеркәсіп ғимараттарында, үй ішінен
басқа жерлерде, ылғалды жерлерде (жуынатын
бөлме, кір жуатын бөлме сияқты), үстелдің немесе
сөренің үстінде пайдалануға болмайды.
POWERbot шаңсорғышқа нұқсан келуі немесе жұмыс
істемей қалуы мүмкін.
f POWERbot шаңсорғыш роботтың кез келген сұйық
заттарды басып өтуіне немесе тиіп кетуіне жол
бермеңіз.
Егер дөңгелектері сұйық заттардың үстінен жүрсе,
POWERbot шаңсорғышқа елеулі нұқсан келуі немесе
басқа жерлерді ластауы мүмкін.
f Құрылғының бүлінуіне және адамның
жарақаттануына жол бермеу үшін, басқыш немесе
баспалдақ таянышы сияқты POWERbot құлап түсуі
мүмкін жерлерге межелік белгілерді жапсырыңыз.
Еңісті сезетін датчикті қауіпсіздік мақсатында үнемі
таза ұстаңыз.
f Зарядтау блогына ешқандай сұйық заттарды
шашыратпаңыз.
Электр қатері орын алуы немесе өрт шығуы мүмкін.
f Зарядтау блогын өзінің арналған мақсатынан басқа
мақсатта қолданбаңыз.
Өрт шығу немесе зарядтау блогына елеулі нұсқан
келу қатері бар.
f Өз қауіпсіздігіңіз үшін сезгіш сенсорды әрқашан
таза ұстаңыз.
ЕСКЕРТУ
Қолдану барысында
f POWERbot шаңсорғыштан тосын шуыл, бөгде иіс
не түтін шықса, POWERbot шаңсорғыштың астыңғы
жағындағы апаттық тетікті дереу сөндіріңіз де,
қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
ЕСКЕРТУ
Тазалау және күтіп ұстау
f Қуат сымына нұқсан келген кезде, оны уәкілетті
техникке ауыстыртып алу үшін қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
Электр қатері орын алуы немесе өрт шығуы мүмкін.
f Батареяларды ауыстырған кезде Samsung
Electronics қызмет көрсету орталығында тексертіңіз.
Басқа батареяларды пайдалану дұрыс жұмыс
істемеуіне себеп болуы мүмкін.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ
Қолданар алдында
f POWERbot шаңсорғышын пайдалану алдында шаң
сауытын салыңыз.
f Дұрыс автозарядталуы үшін төмендегі жайттарға
абай болыңыз.
Зарядтау блогын әрқашан іске қосып қойыңыз.
Зарядтау блогын POWERbot оңай таба алатын жерге
орнатыңыз.
Зарядтау блогының алдына ешбір зат қалдырмаңыз.
Қауіпсіздік туралы ақпарат
3_VR7200_KK_DJ68-00827K-00_CIS.indd 6 2019-05-02 오후 4:04:39

Содержание

Похожие устройства

Скачать
Случайные обсуждения