Haier HOX-C09ATQBC [21/40] Пайдалану

Haier HOX-C09ATQBC [21/40] Пайдалану
ПАЙДАЛАНУ
14
15
ГРИЛЬ
Тордың бүкіл кеңістігіне жайғастырылатын ет немесе балықтан
тағамдарды дайындау үшін оңтайлы.
Тек қана грильдің элементі жұмыс істейді.
Желдеткіш төменгі қыздырғыш элементпен
Бұл режиде төменгі қыздырғыш элемент пен желдеткіш жұмыс істейді.
Осындай режим майқоспа емес пісірмені жəне консервіленген жемістер мен
көкөністерді дайындауға жарамды.
Тұмшапештегі деңгейлер
Қаңылтыр табаларды жəне керек- жарақтарды (торлар, пісіруге арналған
қалыптар жəне т. б.) тұмшапеште 6 əртүрлі деңгейлерде орналастыруға
болады. Тиісті деңгейлер кейінгі кестелерде келтірілген. Деңгейлер ылғи
төменнен жоғары қарай саналады.
6
ТАЗАРТУ ЖƏНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Тұмшапешке лайықты тазалау жүргізіп
жəне техникалық қызмет көрсетіп, сіз
құрылғының істен шықпай жұмыс істеу
уақытын айтарлықтай ұзарта аласыз.
Тазалауға кірісер алдында тұмшапешті
сөндіру жəне барлық тұтқалар «0»
жайғасымға орнатылғандарына көз
жеткізу қажет. Тұмшапеш толық
суығанша тазалауды бастамаңыз.
Тұмшапешті тазалау
Тұмшапешті əр пайдаланғаннан кейін
тазалау қажет.
Тазалар алдында тұмшапешке толық
сууына уақыт беріңіз.
Құрылғыны тазалау үшін қысымдағы
ыстық буды пайдаланбаңыз.
Тұмшапеш камерасын тек қана
болымсыз мөлшердегі жуғыш зат
қосылған жылы сумен жуу қажет.
• Бумен тазарту
– 250 мл суды (1 стакан) тегешке құйыңыз
жəне оны тұмшапешке бірінше деңейге
(төменде) қойыңыз.
– Тұмшапеш есікшесін жабыңыз.
Температура реттегішін 100 ºC-ге
орнатыңыз, ал режимді таңдаудың
тұтқасын төменгі қыздырғыш
элементтің деңгейіне.
Тұмшапеш камерасын шамамен 30
минут ішінде қызуға қалдырыңыз.
Есікшені ашыңыз, тұмшапештің ішін
матамен немесе ысқышпен сүртіп
алыңыз жəне жуғыш сұйықтық қосылған
жылы сумен жуыңыз.
Назар аударыңыз!
Есікшенің шынысын тазалау үшін қажақ
тазартқыш құралдар мен материалдарды
пайдалануға болмайды.
Тұмшапеш шамын ауыстыру
Тұмшапештің электрлік жабыдығымен
жұмыс жүргізер алдында құрылғыны қуат
көзінен ажырату қажет. Егер жаңа ғана
тұмшапеш пайдаланылған болса,
алдымен оған жəне оның қыздырғыш
элементтеріне толық сууға уақыт беріңіз.
Шамды ауыстыру
Қорғаныс қалпақшаны бұрап алыңыз.
Бұл ретте шыны қақпақшаны жуу жəне
кептіру ұсынылады.
Жанып кеткен шамды алып тастаңыз
жəне жаңаны абайлап орнатыңыз. Шам
жоғары температураларға (300 °С)
шыдауы жəне келесі сипаттамаларға ие
болуы тиіс: 220–240 В, 50 Гц, 25 Вт,
цоколь G9.
Қорғаныс қалпақшаны орнына
орнатыңыз.
МАҢЫЗДЫ!
Шамның қалпақшасын шешіп алу үшін
бұрауышты немесе басқа құралды
пайдалануға тыйым салынады. Бұл
тұмшапештің эмалін немесе шамның
патронын бүлдіруі мүмкін. Қалпақшаны
тек қана қолмен шешіп алыңыз.
МАҢЫЗДЫ!
Шамды жалаңаш қолмен
ауыстырмаңыз, өйткені саусақтағы лас
оның уақыттан бұрын істен шығуына
апаруы мүмкін. Таза мата немесе
қолғаптарды пайдаланыңыз.
Ескерту
Шамды ауыстыру кепілдікке
енгізілмеген.

Содержание

Скачать
Случайные обсуждения