Samsung RS21HNLBG [114/136] Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық

Samsung RS21HNLBG [114/136] Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық



Тоңазытқышты пайдаланбас бұрын алдымен
берілген нұсқаулықты мұқият оқыңыз және оны
келешекте пайдалану үшін сақтап қойыңыз.
Төменде келтірілген нұсқаулықтар бірнеше
үлгілерге қатысты болғандықтан, сіздің
тоңазытқышыңыздың сипаттамасы берілген
нұсқаулықта жазылғаннан ерекшеленуі мүмкін.



Өмірге қауіп төнгендігін немесе қатты
жарақат алу қаупі бар екендігін көрсетеді.

Жарақат алу қаупі немесе тоңазытқыштың
бұзылу қаупі бар екендігін көрсетеді.

Жасауға БОЛМАЙТЫН әрекеттерді
көрсетеді.
Бір нәрсені бөлшектеуге ТЫЙЫМ
САЛЫНҒАНДЫҒЫН көрсетеді.
Бір нәрсеге тиюге ТЫЙЫМ
САЛЫНҒАНДЫҒЫН көрсетеді.
Мұқият сақтауға тиісті ережелерді
көрсетеді.
Желі шнурының айырын розеткадан
суыру қажет екендігін көрсетеді.
Тоқ соқпас үшін электр тізбегінің бір ұшын
жерге қосу қажет екендігін көрсетеді.
Бұл белгі көрсетілген әрекетті қызмет көрсету
маманы атқаруы тиіс екендігін көрсетеді.








Тоңазытқышты пайдаланбас бұрын ол дұрыс қойылуы
және берілген Нұсқаулыққа сәйкес орнатылуы тиіс.
Берілген бұйымды пайдалану бойынша Нұсқаулықта
сипатталған мақсаттарға сәйкес қолданыңыз.
Біз тоңазытқышқа техникалық қызмет көрсету
бойынша жұмыстарды білікті маманға
тапсыруыңызды ұсынамыз.
Бұл тоңазытқыштарда R600a және R143a хладагенті
қолданылуы мүмкін. Егер сіз тоңазытқышыңызда нақты
қай хладагент қолданылатындығын білгіңіз келсе,
тоңазытқыштың артындағы компрессордың төлқұжаттық
кестесіне немесе суыту камерасының ішіне жапсырылған
тоңазытқыштың төлқұжаттық кестесіне қараңыз.
Егер тоңазытқышта (R600a) хладагенті
қолданылатын болса, онда ол қоршаған ортаға
зиянын тигізбейтін, бірақ тұтанғыш келетін
табиғи газ болып табылады. Тоңазытқышты
тасымалдау және орнату кезінде хладагент
циркуляциясы контурының ешқандай бөліктеріне
зиян келтірмес үшін абай болу қажет.
Түтіктерден шапшыған хладагент тұтануы немесе сіздің
көзіңізге зақым келтіруі мүмкін. Егер хладагенттің контуры
зақымдалса, ашық оттың кез-келген түрін немесе
тұтанғыш заттарды аулақ ұстаңыз және бірнеше минут
ішінде тоңазытқыш тұрған бөлмені желдетіңіз.
Хладагент сыртқа ағып, газ бен ауаның
араласуынан отқа қауіпті қоспаның түзілуін
болдырмау үшін тоңазытқыш орнататын
бөлменің көлемі онда қолданылатын
хладагенттің мөлшеріне сәйкес келуі қажет.
Зақымдану белгілері бар тоңазытқышты
ешқашан қоспаңыз. Егер бұйымның жұмыс
істейтіндігіне күмәндансаңыз, тоңазытқышты
сатып алған дүкенге хабарласыңыз.
Бөлменің көлемі тоңазытқыштағы R600a
хладагентінің әрбір 8 грамына 1 м
3
тең болуы қажет.
Нақты тоңазытқышыңыздағы хладагентінің
мөлшері тоңазытқыш ішіндегі құжаттық
мәліметтері бар кестеде көрсетілген.
Бұйымды қаптауға арналған материалын қоршаған
ортаға қауіпсіз әдіспен кәдеге асырыңыз.
Физикалық, сенсорлық қабілеттері шектелген және
де ақыл-есі кем (балаларды қоса алғанда) немесе
тәжірибесі жоқ және сауатсыз тұлғалар немесе
олардың әрекеттерін қауіпсіздікке жауап беретін
адам бақыламаса немесе құрылғыны пайдалануға
қатысты нұсқаулықтан хабарсыз болған жағдайда
бұл құрылғыны олардың пайдалануына жол жоқ.
Балалар тоңазытқышпен ойнамас үшін
оларды қараусыз қалдырмаңыз.

Өнім Еуропа Одағының Ережелерімен
(EC) No 643/2009 қадағаланатын Волті Кем
Құрылғылар Нұсқауына (2006/95/EC), Үйлесімді
Элетромагниттік Құрылғылар нұсқауына
(2004/108/EC) және Эко-дизайн Нұсқауына
(2009/125/EC) сәйкес жасақталған.
Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық.




Содержание