Samsung RS21HNLBG [116/136] Тоңазытқышты кәдеге тастау жайлы ескертулер

Samsung RS21HNLBG [116/136] Тоңазытқышты кәдеге тастау жайлы ескертулер

Тоңазытқыштың жанына жанғыш газды бүрікпеңіз.
-
Ол жарылысқа немесе өртке әкеліп соғуы мүмкін.
Тоңазытқыштың ішкі немесе сыртқы қабатына
су шашпаңыз.
- Бұл жағдай өртке немесе электр тоғының
соғуына әкелуі мүмкін.
Тоңазытқышта ұшатын және тез тұтанатын
заттарды сақтамаңыз.
- Тоңазытқышта бензол, еріткіш, спирт, эфир,
сұйытылған газ және т.с.с. заттарды сақтау
жарылысқа әкеліп соғуы мүмкін.
Егер сіз ұзақ уақытқа демалысқа кететін
болсаңыз, тоңазытқышты азық-түліктерден
босатып, оны сөндіру қажет.
Тоңазытқышта фармацевтикалық дәрі-дәрмектерді,
ғылыми зерттеулер материалдарын және температураға
сезімтал материалдарды сақтамаңыз.
- Белгілі бір нақты температурада сақтау қажет
заттарды тоңазытқышта сақтамаңыз.
Тоңазытқыштың үстіне су толтырылған
ыдыстарды қоймаңыз.
- Егер су төгілсе, ол тұтануға немесе электр
тоғы соғуына алып келуі мүмкін.
-
Тоңазытқыштың есігіне өсімдік майы құйылған бөтелкені
қоймаңыз. Майдың буы тығыздықты зақымдауы мүмкін.

Саусағыңызды немесе басқа заттарды су жіберетін
тесікке немесе мұзға арналған науаға салмаңыз.
- Ол жарақаттандыруы немесе тоңазытқыштың
бұзылуына әкеліп соғуы мүмкін.
Желі шнурының айырын тазалауда ешқашан
су немесе дымқыл шүберекті пайдаланбаңыз,
ажыратқыш айырдың метал бөліктерін шаңнан
немесе басқа да заттардан тазартып отырыңыз.
- Олай етпеген жағдайда тұтанып кетуі мүмкін.
Егер тоңазытқыш розеткадан ажыратылса,
оны қайтадан розеткаға қосу үшін кем
дегенде бес минуттай күту керек.


Осы немесе басқа тоңазытқыштарды кәдеге тастамас
бұрын оның есіктерін/есіктің тығыздағыш төсемелерін
және есіктің ілгектерін шешіп алып тастаңыздар,
кішкентай балалар немесе жануарлар тоңазытқыштың
ішінде қамалып қалмас үшін.
Балалар ішіне кіргісі келген жағдайда оларға кедергі
болуы үшін сөрелерді орнында қалдырыңыз.
Бұл тоңазытқыштарды R600a немесе R134а хладагенті
қолданылады. Сіздің тоңазытқышыңызда нақты қай
хладагент қолданылатынын білгіңіз келсе, тоңазытқыштың
артқы жағындағы компрессордың құжаттық кестесін қараңыз
немесе тоңазытқыштың ішіне жапсырылған құжаттық
кестесіне қараңыз. Егер бұл бұйымда тұтанғыш газ (R600a)
болатын болса, онда жергілікті билік органдарының
бұйымды кәдеге тастау қауіпсіздігі жайлы кеңесіне жүгініңіз.
Жылу оқшаулауын көпіршіген газ ретінде дайындау
барысында циклопентан қолданылады. Жылу оқшаулағыш
материалының құрамындағы газ кәдеге тастаудың арнайы
тәртібін қажет етеді. Берілген бұйымды қоршаған ортаға
зиянын тигізбей тастау үшін жергілікті билік органдарына
хабарласыңыз. Тоңазытқышты пайдаланбас бұрын
оның артқы жағындағы түтіктерінің зақымданбануын
қадағалаңыз. Түтіктерді ашық ауада сындыру қажет.
Электр қуаты сөнген жағдайда өзіңіздің энергетикалық
компанияңыздың жергілікті бөлмшесіне хабарласып электр
қуатының қашанға дейін қосылмайтындығын сұраңыз.
Электр қуатының бір немесе екі сағатқа дейін сөндірілулері
тоңазытқыш температурасына әсер етпейді.
Алайда электр қуаты сөндіріліп тұрған кезде тоңазытқыштың
есігін мейлінше аз ашу қажет. Егер электр қуаты 24 сағаттан
астам уақыт бойы қосылмаса, тоңазытқыштан барлық
мұздатылған азық- түліктерді шығарыңыз.
Егер тоңазытқыштың есіктері мен қақпақтары кілтпен жабылатын
болса, балалар ішінде қамалып қалмас үшін кілтті балалардың
қолы жетпейтін, тоңазытқыштан оқшау жерге сақтау керек.


Тоңазытқышты орнатқаннан кейін оны екі сағат
қоспаңыз.
Тоңазытқыш жақсы жұмыс істеу үшін
- Азық-түліктерді тоңазытқыштың артқы жағындағы ауа
шығаратын тесіктерге аса қатты жақын қоймаңыз, себебі
ол мұздату камерасының ауасының еркін алмасуына
кедергі келтіреді.
- Азық-түліктерді тоңазыту немесе мұздату камерасына
қоймас бұрын оларды мұқият ораңыз немесе
герметикалық контейнерлерге орналастырыңыз.
- Жаңа азық-түліктерді мұздату үшін бұрын мұздатылған
азық-түліктердің жанына қоймаңыз.
Мұздату камерасына газдалған немесе көпіршікті
сусындарды қоймаңыз.
Мұздатылған азық-түліктерді максималды мерзіміне дейін
сақтаңыз және жарамдылық мерзімі аяқталғанша бақылаңыз.
Егер сіз ұзақ уақыт бойы (бірнеше аптаға дейін және
одан да көп) үйде болмайтын болсаңыз, тоңазытқышты
ауыспалы тоқ желісінен ажыратыңыз. Тоңазытқыштан
барлық азық-түлікті шығарыңыз, желі шнурын розеткадан
ажыратыңыз, тоңазытқышты тазалап, жуып кептіріңіз.
Бір немесе екі сағаттың ішінде қалыпқа келтірілетін электр
қуатының сөндірілуі тоңазытқыш температурасына әсер етпейді.
Алайда электр қуаты сөндірулі тұрған кезде тоңазытқыш
есіктерін барынша сирек ашуға тырысу қажет. Егер электр қуаты
24 сағаттан аса қосылмайтын болса, тоңазытқыштағы барлық
мұздатылған азық-түліктерді алып тастаңыз.
Берілген жағдайда тоңазытқышты электр қуаты


Содержание