Samsung RS21HNLBG [117/136] Мазмұны

Samsung RS21HNLBG [117/136] Мазмұны

желісінен мүмкіндігінше оның тұрақты қалыпты жұмысы
жаңарғанша ажыратып тастаңыз.
 Егер тоңазытқыш тапсырысының жиынтығына құлыптың
кілттері кіретін болса, онда кілтті балалардың қолы
жетпейтін, тоңазытқыштан оқшау жерге қою қажет.
 Тоңазытқыш белгіленген температура ауқымының
минималды шегінен төмен температуралы үй-жайда ұзақ
уақыт бойы тұрса, онда тоңазытқыш бірқалыпты жұмыс
істемеуі мүмкін (мұздату камерасындағы заттардың
еріп кетуі немесе мұздату камерасы температурасының
қатты жоғарылауы мүмкін).
 Төмен температурада тез бұзылатын банан, қауын
сияқты азық-түліктерді сақтамаңыздар.
 Мұздың оңтайлы қатуы үшін мұз дайындайтын нысанды
тоңазытқыш өндіруші ұсынған жерге орналастырыңыз.
 Сіздің тоңазытқышыңызда автоматты түрде ерітетін,
қатпайтын буландырғыш бар, сондықтан тоңазытқышты
қолмен ерітудің қажеті жоқ.
 Автоматты еріту кезінде температураның көтерілуі ISO
стандарттарының талаптарына сәйкес келеді. Егер сіз
тоңазытқышты еріту барысында мұздатылған азық-
түліктердің температурасының шамадан тыс көтерілуінің
алдын алғыңыз келсе, мұздатылған азық-түліктерді
бірнеше қабат қағазға орап қойыңыз.
 Кейбір мұздатылған азық-түліктердің сақтау
температурасының көтерілуі олардың сақтау мерзімін
қысқартуы мүмкін. Мұндай азық-түліктерді өндірушілер
ұсынған температурада сақтау үшін оңтайлы
температураны таңдаңыз.


- Тоңазытқышты жеткілікті дәрежеде
желдетілетін салқын, құрғақ бөлмеге
орнатыңыз. Оған күн сәулесінің тікелей
түспегендігін қамтамасыз етіңіз және оны
тікелей жылу көздерінің жанына орнатпаңыз
(мысалы, жылыту батареялары).
- Тоңазытқыштың тесіктерін немесе
шарбақтарын ешқашан жаппаңыз.
- Жылы тағамды тоңазытқышқа салмас бұрын
бөлме температурасына дейін суытып
алыңыз.
- Мұздатылған азық-түліктерді еріту
үшін тоңазыту камерасына салыңыз.
Бұл жағдайда сіз мұздатылған азық-
түліктің төмен температурасын тоңазыту
камерасындағы азық-түліктерді суыту үшін
қолдана аласыз.
- Тоңазытқышқа азық-түлікті салу немесе
одан азық-түлікті алу кезінде оның есігін ұзақ
уақыт ашып қоймаңыз. Есік барынша сирек
ашылса, мұздату камерасында мұздың қатуы
да барынша аз болады.
- Тоңазытқыштың артқы жағын ұдайы тазартып
отырыңыз. Шаң электр энергиясын тұтынуды
арттырады.
- Температураны қажетті деңгейден төмен
қоймаңыз.
- Тоңазытқыштың асты мен артқы жағында ауа
алмасуы үшін жеткілікті орын қалдыру керек.
Желдету тесіктерін жаппаңыз.
- Тоңазытқышты орнату кезінде оң, сол,
артқы және үстіңгі жақтарынан саңылау
қалдырыңыз. Бұл сіздің электр энергиясын
тұтынуыңызды азайтады және осыған сәйкес
электр энергиясына төлем сомасын да
азайтады.
Мазмұны
Side-by-S ……………………………………………………………… 06
SamSb ………………………………………… 1
 ……………………………………………………………………………………… 21

Содержание