Samsung RS21HNLBG [133/136] Қиындықтарды жою

Samsung RS21HNLBG [133/136] Қиындықтарды жою

03 
қиындықтарды жою
 




 Желі шнурының айыры розеткаға дұрыс сұғылғандығын тексеріңіз.
 Температураны қою түймешесінің көмегімен дисплей панелінде дұрыс температура
қойылды ма? Барынша төмен температураға қоюға тырысыңыз.
 Тоңазытқышқа күн сәулесі тікелей түспей ме және жанында жылу көздері жоқ па?
 Тоңазытқыштың артқы жағы ауа алмасуына кедергі келтіретіндей қабырғаға тым тақап
қойылған жоқ па?



 Температураны қою түймешесінің көмегімен дисплей панелінде дұрыс температура
қойылды ма? Барынша жоғары температураға қоюға тырысыңыз.
 Бөлменің температурасы тым төмен емес пе?
 Сіз тоңазыту камерасының ең суық бөлігіне сулы азық-түліктер қойған жоқсыз ба? Бұл
азық-түліктерді Cool Select Zoneсб бөлімінен тоңазыту камерасының негізгі бөлігіне
ауыстырып көріңіз.


 Тоңазытқыштың түзетілгендігін және мықты еденге қойылғандығын тексеріңіз.
 Тоңазытқыштың артқы жағы ауа алмасуына кедергі келтіретіндей қабырғаға тым тақап
қойылған жоқ па?
 Сіз қандай да бір затты тоңазытқыштың артына немесе астына түсіріп алдыңыз ба?
 Тоңазытқыштың ішінен «шартылдаған» дыбыс естілуі мүмкін, ол қалыпты жағдай. Бұл
дыбыс тоңазытқыштың ішіндегі әртүрлі жабдығының температурасының өзгеруіне
байланысты ұлғайып немесе сығылуына байланысты шығады.





 Бұл жерлердің аздап қызуы қалыпты жағдай болып табылады, себебі тоңазытқыштың
алдыңғы бұрыштарында қызып ылғалдың тамшыға айналуының алдын алатын
түтіктер орнатылған. Тоңазыту камерасының есігі ашық қалған жоқ па? Су тамшылары
тоңазытқыштың есігі ұзақ ашық тұрған жағдайда булануы мүмкін.



 Тоңазытқышты қосқаннан кейін мұз дайын болу үшін 12 сағат өтті ме?
 Тоңазытқыш су құбырына қосылған ба және су тежегіш вентиль ашылған ба?
 Автоматты түрде мұз дайындау жүйесін сөндіріп тастаған жоқсыз ба? Ice Type
түймешесінің көмегімен Cubed (текше) немесе Crusched (уатылған) мұз түріне қойылған
ба?
 Қатып қалған мұз мұз сақтау контейнерін бұғаттап тастаған жоқ па?
 Мұздату камерасында тым жоғары температура қойылмаған ба? Барынша төмен
температураға қоюға тырысыңыз.



 Бұл қалыпты жағдай. Ол тоңазытқыш ішіндегі алмасу кезінде хладагенттен туындайды.



 Қандай да бір азық-түлігіңіз бұзылып кеткен жоқ па?
 Иісі шығатын азық-түлікті мықтап ораңыз (мысалы, балықты).
 Тоңазытқышты ұдайы тазалап тұрыңыз және кез-келген бұзылған азық-түлікті немесе
уақыты өткен азық-түліктерді лақтырып тастаңыз.



 Ауа шығатын тесік бір нәрсемен жабылып қалмаған ба? Ауа дұрыс алмасуы үшін
кедергі болып тұрған заттарды алып тастаңыз.
 Ауаның тиімді алмасуын қамтамасыз ету үшін азық-түліктер арасынан орын
қалдырыңыз.
 Мұздату камерасының есігі дұрыс жабылған ба?


 Су жіберетін вентиль жабық тұрған жоқ па және су жіберу түтігі суырылып қалмаған ба?
 Су жіберу түтігі қысылып немесе майысып қалмаған ба? Түтік қысылмағандығына және
су ағысына еш нәрсе кедергі келтірмейтіндігіне көз жеткізіңіз.
 Тоңазыту камерасындағы төмен температурадан суық су сақтайтын ыдыстағы су қатып
қалмаған ба? Басқару панеліндегі түймеше арқылы барынша жоғары температура
қойып көріңіз.

Содержание