Samsung RS21HNLBG [128/136] Температураны реттеу

Samsung RS21HKLMR [128/136] Температураны реттеу



Ice type (мұз түрі) түймешесін басып қажетті мұз
түрін таңдаңыз.
Мұз текше түрінде дайындалады.
Мұз түрін таңдау барысында мұз
дайындайтын «Crushed» (уатылған)
құралы мұз текшелерін уатылған мұзға
айналдырады.

Стақанды мұз дайындау жүйесі тесігінің астына
қойыңыз да стақанмен абайлап мұз беру
жүйесінің иінтірегіне басыңыз.
Стақанды мұз шашылмас үшін мұз дайындау
жүйесі тесігінің астына туралап қойыңыз.

Стақанды су жіберу жүйесі тесігінің астына
қойыңыз және стақанмен абайлап су жіберу
иінтірегіне басыңыз. Су стақанның маңайына
төгілмес үшін стақанды су жіберу жүйесі
тесігінің астына туралап қойыңыз.



Мұздату камерасындағы температурасы сіздің
қажеттілігіңізге сәйкес -140С пен -250С арасында болуы
мүмкін. Содан кейін температура индикаторын қажетті
температура көрсетілгенше Freezer (мұздату камерасы)
түймешесін басыңыз. Балмұздақ сияқты азық-түліктер
-160С және одан да жоғарғы температурада еруі мүмкін
екендігін біліп қойыңыз. Температура индикаторындағы
температура бағамы -140С-тан -250С аралығында
өзгеріп тұрады. Дисплейдегі температура бағамы
-140С-қа жеткен соң, түймешені келесі басқаныңызда
температура қайтадан -250С-ты көрсетеді. Жаңа
температураны қойғаннан кейін 5 секундтан соң
индикатор мұздату камерасының нақты температурасын
көрсетеді. Алайда ол мұздату камерасындағы
температура таңдалып алынған мәнге жетпейінше
өзгеріп отырады.


Тоңазыту камерасындағы температура сіздің
қажеттілігіңізге сәйкес 70С пен 10С шамасында болуы
мүмкін. Содан кейін температура индикаторын қажетті
температура көрсетілгенше Fridge (тоңазыту камерасы)
түймешесін басыңыз. Температура индикаторындағы
температура мәні мұздату камерасындағы өзгеруіне
сәйкес ұдайы өзгеріп отырады. Қажетті температура
қойылғанша Fridge түймешесін басыңыз. Бірнеше
секундтан кейін тоңазыту камерасындағы температура
жаңадан орнатылған температура бағытында
өзгере бастайды. Бұл үрдіс температураның сандық
индикаторынан көрінеді.
Егер сіз тоңазытқыштың есігін жиі ашсаңыз
немесе оған көп мөлшерде азық-түлік
қойсаңыз, онда мұздату немесе тоңазыту
камераларындағы температура көтерілуі
мүмкін. Ондай кезде сандық индикатордағы
көрсеткіштер жыпылықтай бастайды. Тоңазыту
және мұздату камераларындағы температура
қойылған қалыпты мәнге жеткен кезде сандық
индикаторлар жыпылықтауын тоқтатады.
Егер индикатордың жыпылықтауы тоқтамаса,
онда сізге тоңазытқыш басқару жүйесін
«түсіру» қызметін орындау қажет болады.
Тоңазытқыштың желі шнурының айырын
розеткадан ажыратып, 10 минут күтіңіз, содан
кейін айырды қайтадан розеткаға сұғыңыз.
Дайындалған өнімді тоңазытқышқа салмас
бұрын оның толық суығандығына көз жеткізіңіз.

Мұз дайындау жүйесін
сөндіру үшін таңдаңыз.

Содержание