Samsung RS21HNLBG [115/136] Сақтандыру белгілері

Samsung RS21HDLMR [115/136] Сақтандыру белгілері
Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық. _03
ҚАТЕРЛІ ҚАУІПТІ ЕСКЕРТУ БЕЛГІЛЕРІ
Тоңазытқышты ылғалды немесе су
тиетін орынға орнатпаңыз.
-
Тоңазытқыштың электрлі бөліктерінің
оқшаулағыштарының нашарлауы электр тоғының
соғуына немесе өртке әкеліп соғады.
Тоңазытқышты күн сәулесі тікелей түсетін немесе ас үй
пешінен, жылыту құралдарынан және басқа да құрал-
жабдықтардан жылу тарайтын жерлерге орнатпаңыз.
Бір розеткаға бірнеше электр құралдарын қоспаңыз.
Тоңазытқышты әрқашанда оның құжаттық
кестесінде көрсетілген кернеуге сәйкес келетін
номиналды кернеуіне есептелген ауыстырмалы тоқ
желісінің жеке розеткасына қосу қажет.
-
Бұл тоңазытқыштың ары қарай жақсы жұмыс
істеуін қамтамасыз етеді, сонымен қатар үйдегі
электр сымдарына күш түсіп, қатты қызуынан
өртке әкеліп соғатын жағдайлардың алдын алады.
Тоңазытқыштың артқы қабырғасымен
оқшаулық айырдың қысылып қалмағандығына
және зақымданбағандығына көз жеткізіңіз.
Желі шнурын қатты бүкпеңіз және оның
үстіне ауыр заттар қоймаңыз.
- Ол тұтанып кетуі мүмкін.
Егер желі шнурының ажыратқышы тозып кетсе немесе
басқа да зақымданулар алса, онда шнурды жөндеу
немесе ауыстыру үшін дереу өндіруші фирмаға немесе
қызмет көрсету агентіне хабарласыңыз.
Оқшаулығында жарықшақтар немесе шнурының
бойында немесе аяқтарының бірінде сызаттар бар
желі шнурын пайдаланбаңыз.
Егер желі шнуры зақымданған болса, оны
ауыстыру үшін дереу өндіруші фирмаға немесе
оның қызмет көрсету агентіне хабарласыңыз.
Тоңазытқыштың орнын ауыстыруда желі
шнурын тоңазытқыштың дөңгелегімен басып
кетпеңіз және желі шнурына зақым келтірмеңіз.
Желі шнурының айырын розеткаға су қолдарыңызбен сұқпаңыз.
Тоңазытқышты тазаламас бұрын немесе жөндеудің алдында
желі шнурының ажыратқыш айырын розеткадан суырыңыз.
Ажыратқыш айырды тазалауда ешқашан су
немесе дымқыл шүберек қолданбаңыз.
Ажыратқыш айырдың метал бөліктерінің үстін шаң
немесе басқа да заттардан тазалап отырыңыз.
- Ластанған айырды қолдану өртке әкеліп
соғуы мүмкін.
Егер тоңазытқыш розеткадан ажыратылған
болса, айырды қайтадан розеткаға тығу үшін
кем дегенде он минуттай күту қажет.
Егер электр розеткасының тесіктері «кеңіп
кетсе», оған желі шнурының айырын сұқпаңыз.
-
Ол электр тоғының соғуына немесе өртке әкелуі мүмкін.
Тоңазытқыш орнатылғаннан кейін желі шнурының
айыры қолжетерлік жерде тұруы қажет.
Тоңазытқыштың шнурын міндетті түрде
жерге қосыңыз.
-
Егер сіздің розеткаңыз жермен байланыстырылмаған
жағдайда білікті электр маманының кеңесіне жүгініңіз.
-
Электр қуатының жойылуының немесе осындай жойылулар
нәтижесінде туындайтын тоқ соғуының алдын алу үшін
тоңазытқышты жермен дұрыс байланыстыру қажет.
Жерге байланыстыру үшін найзағай түсетін газ
құбырларын, телефон желілерін немесе басқа да
инженерлік коммуникацияларды ешқашан пайдаланбаңыз.
- Жерге дұрыс байланыстырмау электр
тоғының соғуына алып келуі мүмкін.
Тоңазытқышты өздігіңізден бөлшектемеңіз
және жөндемеңіз.
- Бұл өртке, тоңазытқыштың бұзылуына және/
немесе жарақат алуға әкелуі мүмкін.
Егер тоңазытқыш жұмыс істеп тұрғанда біртүрлі иісті
немесе түтінді сезсеңіз, онда желі шнурының айырын
дереу ажыратыңыз және Samsung компаниясының
қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Тоңазытқыштың корпусындағы немесе құрастырылу
бөлшектеріндегі желдеткіш тесіктерін жаппаңыз.
Мұздату үрдісін жеделдету үшін тоңазытқышты
дайындаушы ұсынған құралдардан басқа механикалық
құрылғыларды немесе басқа да құралдарды қолданбаңыз.
Хладагенттің айналу контурын зақымданудан қорғаңыз.
Тоңазыту/мұздату камерасының ішінде дайындаушы ұсынғаннан
басқа ешқандай электр құралдарын пайдаланбаңыз.
Балалар немесе жасы ұлғайған адамдар біреудің
қарауынсыз тоңазытқышты пайдаланбауы керек.
Балалардың тоңазытқышпен ойнамауын бақылаңыз.
Балаларыңызға тоңазытқыштың есігіне асылуға
рұқсат бермеңіз. Олар қатерлі жарақат алуы мүмкін.
Мұздату камерасының ішкі қабырғаларын немесе осы
камерада жатқан азық-түліктерді су қолыңызбен ұстамаңыз.
-
Қолыңыздың терісі оларға жабысып қалуы мүмкін.
Егер сіз тоңазытқышты ұзақ уақыт бойы
пайдаланбайтын болсаңыз, желі шнурының
айырын розеткадан ажыратыңыз.
-
Электр оқшаулығының нашарлауы өртке әкеліп соғуы мүмкін.
Тоңазытқыштың үстіне бөгде заттарды қоймаңыз.
-
Есіктерді ашып жабу кезінде бұл заттар құлап
қалуы мүмкін, ол өз кезегінде жарақаттандыруға
немесе ол заттардың өздері зақымдануы мүмкін.
САҚТАНДЫРУ БЕЛГІЛЕРІ
Берілген бұйым тек азық-түліктерді үй
жағдайында сақтауға арналған.
Азық-түліктерді өндіруші ұсынған мерзімі бойынша
сақтау қажет. Сәйкес нұсқаулыққа жүгініңіз.
Тоңазытқыштың есігін ашқанда құлап қалмауы үшін
бөтелкелерді тығыз орналастырып сақтау қажет.
Мұздату камерасына газдалған немесе
көпіршікті сусындарды салмаңыз.
Мұздату камерасына бөтелкелерді немесе
басқа да шыны ыдыстарды қоймаңыз.
-
Мұздату кезінде оның ішіндегілер шыныны сындырып,
нәтижесінде сіз жарақаттанып қалуыңыз мүмкін.
САҚТАНДЫРУ
ЕСКЕРТУ

Содержание